🕰️УАҚЫТ БЕЛДЕУІНІҢ АУЫСУЫ

🕰️УАҚЫТ БЕЛДЕУІНІҢ АУЫСУЫ

🖇️29 ақпаннан 1 наурызға қараған түні Қазақстанның көп өңірінде сағат тілі бір сағатқа артқа қарай жылжиды. Еліміздің батыс аймағынан басқа елді-мекендерде уақыт белдеуі өзгереді.
❓Телефондағы сағат уақытын қалай өзгертеміз?
🖇️Телефоныңыз интернетке қосылған әрі уақытты автоматты түрде анықтау жұмыс істеп тұрса, онда уақыт автоматты түрде ауысады және өзіңіз ештеңені өзгертпесеңіз болады. Бұл ретте ұялы байланыс операторлары өз абоненттеріне «кейбір ұялы байланыс қызметі шектелуі мүмкін» деп ескертті.
Ал егер телефон интернетке қосылмаған болса, Android операциялық жүйесінде: Реттеулер > Жүйе > Күн және уақыт тармағына өтіңіз. Күн мен уақытты автоматты түрде анықтау және Автоматты уақыт белдеуін қосыңыз. Автоматты орнату жұмыс істемесе, осы опцияларды өшіріп, күнді, уақытты және уақыт белдеуін өзіңіз орнату қажет болады.
🖇️IOS (iPhone және iPad): Параметрлер > Жалпы > Күн мен уақыт тармағына өтіңіз. Автоматты түрде орнатуды қосыңыз Қажет болса, бұл опцияны өшіріп, дұрыс уақыт пен күнді өзіңіз таңдап, орнатыңыз.