Ел аумағында Саламатты Қазақстан әлеуметтік жобасы іске асырылуда

Ел аумағында Саламатты Қазақстан әлеуметтік жобасы іске асырылуда

Жуырда аталмыш жоба аясында ауданымызға қарасты Босаға станциясына тегін медициналық қызмет көрсету үшін денсаулық пойызы келіп тоқтады. Бұл аталмыш жобаның мақсаты шалғай станциялар мен жақын жердегі ауыл тұрғындарына білікті мамандар консультация жүргізіп, ем-шара алуларына толықтай мүмкіндік жасады.
Айта кетейік “Саламатты Қазақстан” медициналық пойызы заманауи диагностикалық аппараттармен ( УЗИ, Флюорография және т.б.), зертхана, шағын операциялық бөлме, стоматологиялық бөлмемен қамтамасыз етілген.
17 дәрігер ( хирург, терапевт, балалар дәрігері, гинеколог, уролог, невропатолог, лор, окулист, стоматолог), 5 медбике қызмет көрсетті.