ОҚУ-ЖАТТЫҒУ ЖИЫНЫ ӨТКІЗІЛМЕКШІ

Ағымдағы жылдың 1-2 маусым аралығында ауданымызға қарасты Ортау ауылдық округінде орман және дала өрттерін сөндіруге бағытталған тактикалық оқу-жаттығу жиынын өткізу жоспарланған.
Аталмыш жиынға Қарағанды облысының Төтенше жағдай департаменті жетекшілік етіп, Шет ауданының азаматтық қорғау қызметтері және ерікті өрт сөндіру құрылымдары, Қарағанды облысының табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының өңірлік өкілдері қатысатын болады.
Алдын ала әзірленген бағдарлама бойынша оқу-жаттығу Ортау ауылында тұтанған өртті сөндіруге арналған жедел әрекет жасалды. Атап айтқанда, Қарағанды облысының Төтенше жағдайлар департаментінің Авариялық құтқару және өрт сөндіру басқармасы және аудандық өртке қарсы құрылымдар арнайы көліктерімен дер кезінде шарпыған жалынды ауыздықтап, өртті толығымен жоятын болады.
Осыған байланысты, аудан тұрғындарымен қонақтарын дүрлікпеуге және сабыр сақтауға шақырамыз.