АҚЖАУЛЫҚТЫ АНАЛАРЫМЫЗДЫ МЕРЕКЕМЕН ҚҰТТЫҚТАДЫ!

АҚЖАУЛЫҚТЫ АНАЛАРЫМЫЗДЫ МЕРЕКЕМЕН ҚҰТТЫҚТАДЫ!

Кеше аудан әкімі М.Мұхтаров мерекеге орай ауданымызда ұзақ жылдар бойы балалар медбикесі болып жұмыс атқарған Әбеуова Тайтөлеу мен аудандық оқу бөлімінде бас есепші болып еңбек еткен Нұрғайша Сауырқызын шуақты көктемнің мерейлі мерекесі 8 - наурыз халықаралық әйелдер күнімен құттықтап, мерекелік сыйлықтар табыстады. Ауданымыздың маңызды салаларында биік деңгейде еңбек етіп, қомақты үлестерін қоса білген еңбек ардагерлері де өз кезегінде арнайы құрмет көрсетіп жатқан аудан басшысына ризашылықтарын білдірді.