Аудандық мәдениет үйінде 8 наурыз - Халықаралық әйелдер күні мерекесіне арналған «Тіршіліктің тірегі – Ана» атты салтанатты жиын өтті

Кеше аудандық мәдениет үйінде 8 наурыз - Халықаралық әйелдер күні мерекесіне арналған «Тіршіліктің тірегі – Ана» атты салтанатты жиын өтті. Аталмыш шарада аудан әкімі М.Мұхтаров барша нәзік жандылар қауымын мерекелерімен құттықтап, өлкеміздегі бір топ көпбалалы аналарға алтын, күміс алқа медалдары мен сыйлықтарын және ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуына үлесін қосып жүрген азаматшаларға аудан әкімінің құрмет грамотасы мен алғыс хаттарын салтанатты жағдайда табыс етті. Салтанатты жиын Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген әртісі, белгілі күміс көмей әнші М.Ілиясованың @mayrailyassova қатысуымен және мәдениет саласының өнерпаздары мен ардагерлер ансамблдерінің мерекелік концертіне ұласты.