АУДАН ӘКІМІ ТҰРҒЫНДАРМЕН ЖЕКЕ ҚАБЫЛДАУ ӨТКІЗДІ!

АУДАН ӘКІМІ ТҰРҒЫНДАРМЕН ЖЕКЕ ҚАБЫЛДАУ ӨТКІЗДІ!

Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес жергілікті билік пен халық арасындағы байланысты күшейту мақсатында бүгін аудан әкімі М.Мұхтаров аудан тұрғындарымен жеке қабылдау өткізді.

Жеке қабылдауға қатысушылардың сұрақтарының дені тұрғын үй, атаулы әлеуметтік көмек алу тұрғысында болды. Осыған орай, аудан басшысы заңдылықтар аясында түсіндірме ақпарат беріп, көтерілген мәселелердің шешімін қадағалауды сала бөлім басшыларына тапсырды.