КЕҢЕЙТІЛГЕН АППАРАТ ОТЫРЫСЫ ӨТТІ

КЕҢЕЙТІЛГЕН АППАРАТ ОТЫРЫСЫ ӨТТІ

Аудан әкімі М.Мұхтаровтың төрағалығымен кеңейтілген аппарат отырысы өткізілді.
Күн тәртібіне көшпес бұрын аудан әкімі Ақой ауылдық округі әкімі лауазымына тағайындалған Темірхан Жаркенұлы Беркимбаевты барша әріптестерінің алдында таныстырып, жұмысына сәттілік тіледі.

Жиын барысында алдымен «31 мамыр – Саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу күніне» арналған іс-шаралардың ұйымдастырылу барысы пысықталып, сонымен қатар аумақтағы өрт қауіпті кезеңінің өту барысы мен «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық бағдарламасының орындалысы сараланды.

Сонымен бірге, аудан көлемінде төрт түлік мал арасында аусыл (ящур) ауруының алдын алу бағытында атқарылып жатқан ветеринариялық жұмыстардың есебі тыңдалды.

Отырыс қорытындысы бойынша аудан әкімі күн тәртібіндегі мәселелердің сапалы орындалуын қамтамасыз ету мақсатында жауапты бөлім басшылары мен ауылдық округтер мен кенттер әкімдеріне нақты тапсырмалар жүктеді.