Шет ауданы Полиция бөлімімен бірлесе отырып, «Заң және тәртіп» идеологемасы аясында «Үлгілі жүргізуші» акциясы өткізілді

Шет ауданы Полиция бөлімімен бірлесе отырып, «Заң және тәртіп» идеологемасы аясында «Үлгілі жүргізуші» акциясы өткізілді

Шет ауданы Полиция бөлімімен бірлесе отырып, «Заң және тәртіп» идеологемасы аясында «Үлгілі жүргізуші» акциясы өткізілді. Аталған акцияның негізгі мақсаты – жол қозғалысы ережелерін сақтау мәдениетін арттыру, жол-көлік оқиғаларының алдын алу және қоғамда заңға бағыну қағидаттарын нығайту.

Акция барысында жол қозғалысы ережелерін қатаң сақтап, тәртіптілік пен жауапкершілік танытқан көлік жүргізушілеріне алғыс білдіріліп, арнайы сыйлықтар табысталды. Сонымен қатар жүргізушілерге жол қауіпсіздігіне қатысты түсіндіру жұмыстары жүргізіліп, заң талаптарын сақтаудың маңыздылығы атап өтілді.

Аталған іс-шара жол қозғалысына қатысушылар арасында оң қоғамдық пікір қалыптастырып, тәртіп пен қауіпсіздікті қамтамасыз етуге бағытталған маңызды қадам болды. #Заңментәртіп#ЗакониПорядок
#Үлгіліжүргізуші#Образцовыйводитель