Тоғызқұдық ауылдық округі тұрғындарына арналған өзіне-өзі қызмет көрсету бұрышы
Тоғызқұдық ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінде тұрғындарға қолайлы жағдай жасау мақсатында электрондық форматта мемлекеттік қызметтерді алуға арналған өзіне-өзі қызмет көрсету бұрышы жұмыс істейді.
Аталған бұрыш азаматтарға мемлекеттік қызметтердің қолжетімділігін арттыру, уақытын үнемдеу және қажетті қызметтерді өз бетінше алуына мүмкіндік беру мақсатында ұйымдастырылған.
Мұнда ауылдық округ тұрғындары компьютер мен интернет желісін пайдаланып, электрондық үкіметтің eGov.kz порталы арқылы қажетті ақпарат ала алады, өтініштер беріп, түрлі мемлекеттік қызметтерді рәсімдей алады.
Қажет болған жағдайда әкімдік қызметкерлері тұрғындарға кеңес беріп, электрондық қызметтерді пайдалану және оларды алу тәртібі бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізеді.
Өзіне-өзі қызмет көрсету бұрышы әсіресе электрондық қызметтерді пайдалануда қосымша көмекке мұқтаж азаматтар үшін өте қолайлы. Бұл өз кезегінде халықтың цифрлық сауаттылығын арттыруға, электрондық үкімет жүйесін дамытуға және мемлекеттік қызметтердің сапасы мен қолжетімділігін жақсартуға ықпал етеді.
Біздің мақсатымыз – ауылдық округтің әрбір тұрғыны үшін мемлекеттік қызметтерді қолжетімді, жылдам әрі ыңғайлы ету!