Этносаралық қатынастарды дамыту комитеті Ведомствоаралық үйлестіру басқармасының бас сарапшысы, 2 бірлік

Мемлекеттік орган

Аймақ

Астана қаласы

Санат

Орташа лауазымдық айлықақы

-

Білімге қойылатын талаптар

Мамандығы

  • Педагогикалық ғылымдар (білім беру саласы)
  • Өнер және гуманитарлық ғылымдар (білім беру саласы)
  • Гуманитарлық ғылымдар (білім саласы)
  • Құқық (білім саласы)
  • Жаратылыстану ғылымдары (білім саласы)

Функционалды міндеттер

мемлекеттік этносаралық саясат саласында салааралық үйлестіруді жүзеге асыру;

этносаралық қатынастар мәселелері бойынша ведомствоаралық өзара іс-қимылды үйлестіру; мемлекеттік этносаралық саясат саласында үкіметтік емес ұйымдарға арналған мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс пен гранттарды қалыптастыруға және іске асыруға қатысу; жетекшілік ететін саладағы мемлекеттік әлеуметтік тапсырыстың, гранттардың іске асырылу мониторингін және нәтижелерін бағалауды жүзеге асыру; этносаралық қатынастар мәселелері бойынша халықаралық ынтымақтастықты жүзеге асыру; Комитет құзыреті шеңберінде шетелдік әріптестермен және халықаралық ұйымдармен ынтымақтастықты дамыту; Комитеттің құзыретіне жататын мәселелер бойынша Министрліктің Қоғамдық кеңесінің отырыстарына қажетті материалдарды дайындау; республикалық бюджеттік бағдарламаларды іске асыруға қатысу; Басқарманың құзыреті шегінде мемлекеттік сатып алу саласындағы қызметті жүзеге асыру; Басқарманың құзыреті шегінде көрсетілген қызметтер актілерін қарау және келісу; ведомстволық бағынысты ұйымдарға қатысты мемлекеттік басқарудың тиісті саласына (аясына) басшылықты жүзеге асыру; комитеттің құзыреті шеңберінде нысаналы индикаторларға, көрсеткіштерге қол жеткізу, мемлекеттік жоспарлау жүйесі құжаттарының іс-шараларын сапалы және уақтылы орындау бойынша жұмысты қамтамасыз ету; Комитеттің құзыретіне жататын мәселелер бойынша мемлекеттік стратегиялық және бағдарламалық құжаттарды түсіндіру және ілгерілету бойынша ақпараттық іс-шараларды ұйымдастыру және жүзеге асыру; Басқарманың құзыретіне жататын мәселелер бойынша Мемлекеттік органдардың, жеке және заңды тұлғалардың хаттарын, өтініштерін және өзге де өтініштерін қарау; Басқарманың құзыреті шегінде заңдардың және өзге де нормативтік құқықтық актілердің сақталуын қамтамасыз ету; Басқарманың құзыреті шегінде Министрліктің стратегиялық және операциялық жоспарларын, жұмыс жоспарын және өзге де бағдарламалық құжаттарын әзірлеуге және іске асыруға қатысу; Министрлік алқасының отырыстарын, Министрде, вице-министрлерде, жауапты хатшының, Комитет төрағасында аппараттық кеңестерді өткізуді ұйымдастыруға қатысу; этносаралық саясатты іске асыру жөніндегі мемлекеттік тапсырманың тиісті орындалуын тексеруді қамтамасыз ету; Басқарманың басқа бас сарапшысы және (немесе) сарапшысы уақытша болмаған кезде оның міндетін орындау; құрылымдық бөлімше туралы Ережеге сәйкес Басқарма құзыретіне кіретін өзге де міндеттерді орындау.

Ескертпе

Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.


Азаматтардың құқықтары мен міндеттері
Тестілеу бағдарламалары

Жарияланған күні: 25.05.2020

Ішкі конкурс

Құжаттарды қабылдау мерзімі:

26.05.2020 – 28.05.2020
Құжаттар жұмыс уақытында қабылданады

Қажетті құжаттар

  • Тізімᅠ
  • Өтініш үлгісіᅠ
Құжаттарды жіберу

Сұхбаттасу күні

01.06.2020

Сұхбаттасу орны

г. Нур-Султан, пр. Мәңгілік ел 8, Дом министерств, 14 подъезд

Анықтама алу үшін байланыс

74-13-88