Онлайн қабылдау

Электрондық өтініштер

Осы сервистің көмегімен кез келген мемлекеттік органға өтініш жазуға болады. Жүйе Сіздің өтінішіңіздің мекен жайға жетуіне 100% кепілдік береді және оны жіберу кезеңінен бастап жауапты алуға дейін өтінішті қарау мәртебесін қадағалауға мүмкіндік береді.

Қабылдауға жазылу

Сіз тізімде көрсетілген мемлекеттік қызметшілердің жеке қабылдауына жазыла аласыз. «Азаматтарды қабылдауға» өтініш беру (жазылу) жөніндегі өтініш беруші үшін қысқаша нұсқаулықпен танысуды ұсынамыз

Халықпен кері байланыс орнату, анықталған мәселелерге уақытылы ден қою және қабылданған шаралар мен бастамаларды тиімді басқару үшін көмек береді. Сондықтан осы бетте Сіздің сұрағыңызды талқылау үшін бізбен жедел байланыс орнатуға мүмкіндік беретін сервистер жинақталды. Мұнда Сіз электрондық өтініш жазуға, мемлекеттік органның бірінші басшысының блогына сұрақты жолдауға және оған немесе оның орынбасарына жеке қабылдауға жазыла аласыз.

Жиі қойылатын сұрақтар

Барлығын көру

2020 жылдың 2 шілдесінде «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасының Кодексіне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы » (Салық кодексі) және «Салық және басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасының Кодексін қолданысқа енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Кодексін (Салық кодексі) қолданысқа енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңына өзгерістер мен толықтырулар енгізілді,  ол 2020  жылдың 1 сәуірінен 1 қазанына дейінгі кезеңге еңбекақы төлеу қорынан салық және міндетті аударымдарды төлеуден босатуды көздейді.

Сонымен қатар, 2020 жылдың 3 шілдесінде босатуды көздейтін «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне шетел валютасымен ипотекалық несие беру, төлем қызметтері нарығының субъектілерін реттеуді жетілдіру, жалпыға бірдей декларациялау және экономикалық өсуді қалпына келтіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңы қабылданды,  оның шеңберінде 67 коммерциялық теле -, радиоарналарды аналогтық және эфирлік цифрлық телерадио хабарларын тарату қызметтеріне ақы төлеуден 2020 жылғы 1 шілдеден бастап 31 желтоқсанға дейін босату көзделген.

Сонымен қатар, Үкіметтің ағымдағы жылғы 7 сәуірдегі №183 қаулысымен бекітілген «Ақпарат саласын дамытудың 2020-2022 жылдарға арналған Ұлттық жоспары»  шеңберінде отандық БАҚ-тың дамуына қолайлы жағдайлар жасауға және бәсекеге қабілеттілігін арттыруға, осы саланың жұмыс істеуі мен одан әрі жетілдіруге қолдау шаралары көзделген.