Жалпы ақпарат

Мұқажан Ә.Қ.
Мұқажан Әлішер Қуатұлы

Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі Ақпарат комитетінің төрағасы

Комитет туралы

Ақпарат комитеті Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінің реттеушілік, іске асырушылық, бақылау функцияларды жүзеге асыратын, сондай-ақ Министрліктің ақпарат саласындағы стратегиялық функцияларын орындауға қатысатын ведомствосы.

Ақпарат комитетінің миссиясы ақпараттық коммуникациялық кешенді дамыту мақсатында ақпарат саласындағы тиімді мемлекеттік саясатты қалыптастыру және жүргізу.

 Комитет міндеті:

1) Бұқаралық ақпарат құралдары және телерадио хабар тарату саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыруға қатысу;

2) телерадио хабар тарату және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік реттеуді жүзеге асыру;

3) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өз құзыреті шегінде бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы халықаралық ынтымақтастық.

Қызмет бағыты