Этносаралық қатынастарды дамыту комитеті Қазақстан халқы Ассамблеясымен өзара іс-қимыл басқармасының бас сарапшысы, 2 бірлік
Астана қаласы
-
- Педагогикалық ғылымдар (білім беру саласы)
- Гуманитарлық ғылымдар (білім саласы)
- Құқық (білім саласы)
- Әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес (білім саласы)
- Жаратылыстану ғылымдары (білім саласы)
- Туризм
Функционалды міндеттер
Қазақстан халқы Ассамблеясының қызметін регламенттейтін нормативтік құқықтық актілер мен стратегиялық құжаттарды іске асыру кезінде мемлекеттік органдардың қызметін талдауға қатысу; Басқарманың құзыретіне жататын мәселелер бойынша Қазақстан халқы Ассамблеясымен, орталық мемлекеттік, жергілікті атқарушы органдармен және өзге де ұйымдармен өзара іс-қимылды қамтамасыз ету; Қазақстан халқы Ассамблеясының даму тұжырымдамасын іске асыру жөніндегі орталық мемлекеттік және жергілікті атқарушы органдар мен ұйымдардың қызметін үйлестіру (2025 жылға дейін); ҚХА Төрағасы тапсырмаларының уақытылы және сапалы орындалуына мониторинг жүргізуге қатысу; этносаралық келісімді нығайтуға бағытталған халықаралық, республикалық және өзге де іс-шаралар, акциялар мен конкурстар өткізуді қамтамасыз ету; Қазақстан халқы Ассамблеясының қызметін қамтамасыз ету; қазақстандық этностардың тілдері мен мәдениетін қолдауды жүзеге асыру; Комитеттің құзыретіне жататын мәселелер бойынша Министрліктің Қоғамдық кеңесінің отырыстарына қажетті материалдарды дайындауды жүзеге асыру; этносаралық келісім мен толеранттылықты нығайту бойынша этномәдени бірлестіктермен және өзге де қоғамдық ұйымдармен өзара іс-қимылды және ынтымақтастықты жүзеге асыру; республикалық бюджеттік бағдарламаларды іске асыруға қатысу; Басқарманың құзыреті шегінде мемлекеттік сатып алу саласындағы қызметті жүзеге асыру; Басқарма құзыреті шегінде көрсетілген қызметтер актілерін қарауды және келісуді қамтамасыз ету; ведомстволық бағынысты ұйымдарға қатысты мемлекеттік басқарудың тиісті саласына (аясына) басшылықты жүзеге асыру; комитеттің құзыреті шеңберінде нысаналы индикаторларға, көрсеткіштерге қол жеткізу, мемлекеттік жоспарлау жүйесі құжаттарының іс-шараларын сапалы және уақтылы орындау бойынша жұмысты қамтамасыз ету; Комитеттің құзыретіне жататын мәселелер бойынша мемлекеттік стратегиялық және бағдарламалық құжаттарды түсіндіру және ілгерілету бойынша ақпараттық іс-шараларды ұйымдастыруды және жүзеге асыруды қамтамасыз ету; Басқарманың құзыретіне жататын мәселелер бойынша Мемлекеттік органдардың, жеке және заңды тұлғалардың хаттарын, өтініштерін және өзге де өтініштерін қарауды қамтамасыз ету; Басқарманың құзыреті шегінде заңдардың және өзге де нормативтік құқықтық актілердің сақталуын қамтамасыз ету; аралық және қорытынды есептерді қабылдау процесінде, сондай-ақ шарттардың орындалуы туралы құжаттарды (тауарларды қабылдау-беру актілерін, орындалған жұмыстар, көрсетілген қызметтер актілерін, шот-фактураларды және басқа да құжаттарды) келісу кезінде заңнама талаптарының сақталуын қамтамасыз ету; Басқарманың құзыреті шегінде Министрліктің стратегиялық және операциялық жоспарларын, жұмыс жоспарын және өзге де бағдарламалық құжаттарын әзірлеуге және іске асыруға қатысу;
Министрлік алқасының отырыстарын, Министрде, вице-министрлерде, жауапты хатшының, Комитет төрағасында аппараттық кеңестерді өткізуді ұйымдастыруға қатысу; этносаралық саясатты іске асыру жөніндегі мемлекеттік тапсырманың тиісті орындалуын тексеруді қамтамасыз ету; Басқарманың басқа бас сарапшысы және (немесе) сарапшысы уақытша болмаған кезде оның міндетін орындау; Басқарма туралы Ережеге сәйкес Басқарма құзыретіне кіретін өзге де міндеттерді орындау.
Ескертпе
Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.
Азаматтардың құқықтары мен міндеттері
Тестілеу бағдарламалары
Құжаттарды қабылдау мерзімі:
- 01.06.2020
- г. Нур-Султан, пр. Мәңгілік ел 8, Дом министерств, 14 подъезд
-
74-13-88