БАҚ саласындағы мемлекеттік саясат департаменті Медиа-талдау және қоғамдық медиа процестерді қолдау басқармасының басшысы, С-3 санаты, 1 бірлік

Мемлекеттік орган

Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігі

Аймақ

Астана қаласы

Санат

Орташа лауазымдық айлықақы

423849

Білімге қойылатын талаптар

Мамандығы

  • Құқық және экономика негіздері
  • Шетел тілі: екі шетел тілі
  • Халықаралық қатынастар
  • Аударма ісі
  • Құқықтану
  • Халықаралық құқық
  • Құқық қорғау қызметі
  • Әлеуметтану
  • Саясаттану
  • Журналистика
  • Аймақтану
  • Экономика
  • Менеджмент
  • Есеп және аудит
  • Мемлекеттік және жергілікті басқару
  • Әлемдік экономика
  • Қоғамдық байланыс
  • Автоматтандыру және басқару
  • Ақпараттық жүйелер
  • Есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыз ету
  • Математикалық және компьютерлік модельдеу
  • Көлік, көліктік техника және технологиялар
  • Электр энергетикасы
  • Радиотехника, электроника және телекоммуникациялар
  • Ғарыш техникасы және технологиялары
  • Қаржы
  • Жаратылыстану ғылымдары: география

Функционалды міндеттер

Басқарма қызметкерлерінің қызметіне жалпы басшылықты жүзеге асыру және үйлестіру, Министрліктің басқа бөлімшелерімен тығыз байланысты қамтамасыз ету, Басқармаға жүктелген міндеттердің орындалуына дербес жауапты болу. БАҚ қызметіне және БАҚ саласына әсер ететін экономикалық факторларға талдау жүргізуді үйлестіру. Отандық және шетелдік медиа-салаларды талдау негізінде мемлекеттік БАҚ менеджментін жетілдіру бойынша ұсыныстар әзірлеу және оларды Департамент басшылығына енгізу. Отандық БАҚ-ты экономикалық және өзге де қолдау тетіктерін әзірлеу және Департамент басшылығына ұсыныстар енгізу. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік сатып алу туралы заңнамасы шеңберінде бұқаралық ақпарат құралдары саласында маркетингтік және өзге де зерттеулер жүргізуді үйлестіру. Бұқаралық ақпарат құралдары мен министрлік арасындағы өзара іс-қимылды әдістемелік қамтамасыз етуді жүзеге асыру. Мемлекеттік органдар үшін ақпараттық-анықтамалық материалдарды (топиктерді), түрлі ақпараттық және дағдарыстық жағдайларды шешу бойынша әдістемелік ұсынымдарды дайындауға қатысу. Телерадио хабарларын таратуды дамыту мәселелері жөніндегі комиссияның жұмысын қамтамасыз ету. Басқарманың құзыреті бойынша нормативтік-құқықтық актілерді әзірлеуге қатысу және үйлестіру. Басқарманың құзыретіне кіретін мәселелер бойынша есептерді, ақпаратты Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігіне, Қазақстан Республикасының Үкіметіне, басқа да мемлекеттік органдарға, үкіметтік қаулылар мен шешімдерді уақтылы ұсынуды қамтамасыз етеді. Басқарма құзыретінің мәселелері шегінде Департамент қызметін жетілдіру бойынша белгіленген тәртіпте ұсыныстар енгізу. Басқарма қызметкерлеріне міндеттерді анықтау және қажетті тапсырмалар беру, олардың басқарма қызметінің мәселелері бойынша алқа шешімдерінің, Министрлік пен Департамент басшылығының бұйрықтарының, өкімдері мен нұсқауларының орындалуын тексеру. Басқарманың ағымдағы және перспективалық жұмыс жоспарларын әзірлеу.

 

Блок А

Ескертпе

Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.


Азаматтардың құқықтары мен міндеттері
Тестілеу бағдарламалары

Жарияланған күні: 29.06.2022

Ішкі конкурс

Құжаттарды қабылдау мерзімі:

30.06.2022 – 04.07.2022
Құжаттар жұмыс уақытында қабылданады

Қажетті құжаттар

  • Тізімᅠ
  • Өтініш үлгісіᅠ
Құжаттарды жіберу

Сұхбаттасу күні

08.07.2022

Сұхбаттасу орны

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі, 010000, Нұр-Сұлтан қаласы, Мәңгілік ел даңғ. 8, Министрліктер үйі, 14 кіреберіс (ZOOM арқылы)

Анықтама алу үшін байланыс

+7 (7172) 74-13-88