ҚР АҚДМ Этносаралық қатынастарды дамыту департаменті Отандастармен және диаспоралармен өзара іс-қимыл басқармасының басшысы
Астана қаласы
-
- Педагогика және психология
- Мектепке дейінгі оқыту және тәрбиелеу
- Математика
- Физика
- Информатика
- Химия
- Биология
- Тарих
- Құқық және экономика негіздері
- География
- Қазақ тілі мен әдебиеті
- Орыс тілі мен әдебиеті
- Шетел тілі: екі шетел тілі
- Әлеуметтік педагогика және өзін-өзі тану
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Мәдениеттану
- Филология
- Теология
- Құқықтану
- Халықаралық құқық
- Кеден ісі
- Әлеуметтану
- Саясаттану
- Психология
- Журналистика
- Аймақтану
- Экономика
- Менеджмент
- Есеп және аудит
- Мемлекеттік және жергілікті басқару
- Статистика
- Қоғамдық байланыс
- Туризм
- Қаржы
Функционалды міндеттер
Басқарма қызметіне жалпы басшылықты жүзеге асыру: Басқарманың құзыретіне жататын мәселелер бойынша Қазақстан халқы Ассамблеясымен, этномәдени бірлестіктерімен өзге де ұйымдармен өзара іс-қимылды қамтамасыз ету; «Отандастар қоры» коммерциялық емес акционерлік қоғамының қызметін үйлестіру; шетелде тұратын және Қазақстан Республикасына келген этникалық қазақтарды қолдау мәселелері бойынша мемлекеттік саясатты іске асыру жөніндегі мемлекеттік органдардың қызметін үйлестіруді қамтамасыз ету; 2018-2022 жылдарға арналған шетелдегі этникалық қазақтарды қолдау жөніндегі іс-шаралар жоспарын іске асыру бойынша жоғары тұрған мемлекеттік органдарға жыл сайынғы есепті дайындау; шетелде тұратын және Қазақстан Республикасына келген этникалық қазақтарды қолдау жөніндегі жұмысты ұйымдастыруға бағытталған іс-шараларды әдістемелік ақпараттық сүйемелдеуді қамтамасыз ету; ақпараттық контентке, оның ішінде шетелде тұратын отандастардың жағдайы туралы халықаралық контентке мониторинг және талдау жүргізу; шетелде тұратын отандастардың жағдайы бойынша ақпараттық-анықтамалық материалдар дайындау; шетелде тұратын отандастардың әлеуетін пайдалана отырып, қазақстандық бірегейлік пен бірлік моделін танымал ету жөніндегі жұмысқа қатысу; шетелде тұратын отандастарды қолдауды ұйымдастырудың халықаралық тәжірибесін зерделеу және талдау; диаспоралармен жұмысты үйлестіру және шетелде тұратын отандастар ұйымдарымен өзара іс-қимыл жасау; шетелдегі қазақ диаспорасымен өзара іс-қимылды нығайтуға бағытталған халықаралық, республикалық және өзге де іс-шараларды ұйымдастыру мен өткізуді қамтамасыз ету; шетелде тұратын және Қазақстан Республикасына келген этникалық қазақтарды қолдау сұрақтарын реттейтін Қазақстан Республикасының заңнамасын жетілдіру мәселелері бойынша нормативтік құқықтық актілердің, құқықтық актілердің жобаларын әзірлеуге қатысу; Басқарма құзыреті шегінде нормативтік құқықтық және құқықтық актілердің іске асырылуына мониторинг жүргізу; Басқарма құзыреті шегінде Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің стратегиялық және операциялық жоспарларын, жұмыс жоспарын және өзге де бағдарламалық құжаттарын әзірлеуге және іске асыруға қатысу; Басқарма құзыреті мәселелері бойынша жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарауды қамтамасыз ету; Басқарма құзыреті шеңберінде мемлекеттік органдармен және өзге де ұйымдармен өзара іс-қимылды қамтамасыз ету; Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасымен қарастырылған өзге де функцияларды жүзеге асыру.
Құжаттарды қабылдау мерзімі:
Қажетті құжаттар
- 11.03.2020
- г. Нур-Султан, пр. Мәңгілік ел 8, Дом министерств, 14 подъезд
-
+7 (7172) 74-13-88