Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Мемлекет пен қоғам коммуникацияларын дамыту департаментінің Талдау және мемлекет пен қоғамның өзара іс-қимылын бағалау басқармасының басшысы, С-3 санаты
Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігі
Астана қаласы
-
- Құқық
- Құқық және экономика негіздері
- Шетел тілі: екі шетел тілі
- Халықаралық қатынастар
- Аударма ісі
- Құқықтану
- Халықаралық құқық
- Құқық қорғау қызметі
- Әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес (білім саласы)
- Әлеуметтану
- Саясаттану
- Журналистика
- Аймақтану
- Экономика
- Менеджмент
- Есеп және аудит
- Мемлекеттік және жергілікті басқару
- Әлемдік экономика
- Қоғамдық байланыс
- Техникалық ғылымдар және технологиялар (білім саласы)
- Автоматтандыру және басқару
- Ақпараттық жүйелер
- Есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыз ету
- Математикалық және компьютерлік модельдеу
- Көлік, көліктік техника және технологиялар
- Электр энергетикасы
- Радиотехника, электроника және телекоммуникациялар
- Ғарыш техникасы және технологиялары
Функционалды міндеттер
Басқарманың қызметіне жалпы басшылықты жүзеге асыру. Басқарма қызметкерлерінің жұмысын жоспарлау, ұйымдастыру және талдау жүргізу. Басқарма қызметкерлерінің еңбек тәртібін және Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің әдеп кодексін (Мемлекеттік қызметшілердің қызметтік әдеп қағидаларын), Министрлік қызметінің регламентін сақтауды бақылау. Ақпаратқа қол жеткізу мәселелері бойынша шешім қабылдауда талдамалық көмек көрсетуді жүзеге асыру. Ақпаратқа қол жеткізу мәселелері бойынша комиссия жұмысын ұйымдастыру. Дүниежүзілік экономикалық форумның жаһандық бәсекеге қабілеттілік индексінің көрсеткіштерін жақсарту жөніндегі 2018-2019 жылдарға арналған іс-шаралар жоспарында, Стамбул сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жөніндегі іс-қимыл жоспарында, сондай-ақ Департаменттің құзыреті шегінде өзге де стратегиялық және бағдарламалық құжаттарда көзделген іс-шаралардың іске асырылуын қамтамасыз ету. «Ашық үкімет» және халықаралық рейтингтерде Қазақстанның позициялары мәселелері бойынша халықаралық ұйымдармен ынтымақтастықты жүзеге асыру, сондай-ақ ақпаратқа қол жеткізу және «Ашық үкіметті» дамыту мәселелері бойынша өзара іс-қимыл үшін басым бағыттарды әзірлеу. Ақпаратқа қол жеткізу мәселелері бойынша азаматтық қоғамның субъектілерімен (ҮЕҰ, БАҚ, Қоғамдық кеңестер және басқалар) өзара іс-қимыл жасау. Қазақстан Республикасының ақпаратқа қол жеткізу саласындағы заңнамасының құқық қолдану практикасына талдау жүргізу. Ақпаратқа қол жеткізуді қамтамасыз ету мәселелері бойынша әлеуметтік/ талдамалық зерттеулер жүргізуді ұйымдастыру. Ағымдағы жағдайды және халықаралық тәжірибені талдау негізінде ақпаратқа қол жеткізу саласындағы заңнаманы жетілдіру бойынша ұсыныстар әзірлеу. Ақпаратқа қол жеткізуді қамтамасыз ету мәселелері бойынша нормативтік құқықтық актілерді әзірлеу және келісу кезінде Басқарманың жұмысын үйлестіру. Департамент әзірлеуші болып табылатын немесе оның құзыретіне жататын актілерге қатысты құқықтық мониторингті уақытылы жүргізуіне бақылау жасау. Ақпаратқа қол жеткізу саласындағы заңнаманы іске асыруды әдістемелік қамтамасыз етуді жүзеге асыру. Басқарманың құзыреті шеңберінде Министрліктің Стратегиялық және Операциялық жоспарлардың, Департаменттің жұмыс жоспарының мақсатты көрсеткіштеріне және іс-шараларына жету жөніндегі жұмысын үйлестіру. Басқарманың құзыретіне кіретін мәселелер бойынша сотқа талап-арыздарды беру қажеттілігі туралы Заң департаментін уақытылы хабардар етілуіне бақылау жүргізу. Басқарманың құзыретіне кіретін басқа да міндеттерді орындау.
Ескертпе
Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.
«Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Заңның 28-бабы 3-тармағына сәйкес жалпы конкурсқа қатысуға тесттен алдын ала өткен азаматтар жіберіледі.
Құжаттарды қабылдау мерзімі:
- 01.09.2021
- Нұр-Сұлтан қаласы, Мәңгілік ел даңғ. 8, Министрліктер үйі, 14 кіреберіс, 2 қабат, 277 кабинет (қашықтықтан)
-
+7 (7172) 74-13-88;
87071976359