ҚР АҚДМ Ақпаратқа қол жеткізу саласындағы мемлекеттік саясат департаменті Ақпарат иеленушілермен жұмыс және ақпараттық ашықтықты бағалау басқармасының бас сарапшысы
Астана қаласы
-
- Құқық және экономика негіздері
- Шетел тілі: екі шетел тілі
- Халықаралық қатынастар
- Аударма ісі
- Құқықтану
- Халықаралық құқық
- Құқық қорғау қызметі
- Әлеуметтану
- Саясаттану
- Журналистика
- Аймақтану
- Экономика
- Менеджмент
- Есеп және аудит
- Мемлекеттік және жергілікті басқару
- Әлемдік экономика
- Қоғамдық байланыс
- Автоматтандыру және басқару
- Ақпараттық жүйелер
- Есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыз ету
- Математикалық және компьютерлік модельдеу
- Көлік, көліктік техника және технологиялар
- Электр энергетикасы
- Радиотехника, электроника және телекоммуникациялар
- Ғарыш техникасы және технологиялары
- Қаржы
Функционалды міндеттер
Басқарма құзыретіне жататын мәселелер бойынша мемлекеттік органдардың, жеке және заңды тұлғалардың хаттарын,сауалдары мен өтініштерін қарау. Ақпаратқа қол жеткізу саласындағы ақпарат иеленушілерінің қызметіне мониторингті және оны үйлестіруді жүзеге асыру. Ақпаратқа қол жеткізуді қамтамасыз ету мәселелері бойынша ақпарат иеленушілермен өзара іс-қимыл жасау. Өзектілігі мен толымдығына қарай «Ашық үкімет» интернет-порталдарында орналасқан ақпаратқа тоқсан сайынғы негізде мониторинг жүргізу. Ақпаратқа қол жеткізу саласындағы заңнама талаптарын орындау бойынша ақпарат иеленушілер ұсынған ақпаратты жинауды және талдауды жүзеге асыру. «Ашық Үкімет» порталдарын дамытудың, соның ішінде түрлендіру жоспарларын, бағдарламалық жасақтамаға берілген талаптардың сипаттамасын, демонстрация хаттамаларын және өзге де қызметтік құжаттарды келісудің негізгі бағыттарын айқындауға қатысу. Мемлекеттік органдармен ашық деректер интернет-порталында орналасатын ашық деректер тізімін келісу. Әлеуметтік және сараптамалық сауалнама негізінде ақпарат иеленушілердің ақпараттық ашықтық рейтингін қалыптастыру. «Мемлекеттік органның ашықтығы» бағыты бойынша мемлекеттік органдар қызметінің тиімділігін жыл сайын бағалауды жүргізу. Арнайы комиссия жұмысын құру және оның қарауына «Мемлекеттік органның ашықтығы» бағыты бойынша бағалау қорытындылары негізінде мемлекеттік органдардан келіп түскен наразылықтарды енгізу. Басқарманың құзыретіне кіретін мәселелер бойынша түсінік беру. Басқарманың құзыретіне жататын мәселелер бойынша Қазақстан Республикасы Президентінің, Қазақстан Республикасы Үкіметінің, Министрлік басшылығының және Департаменттің тапсырмаларына қажетті материалдарды, анықтамалар мен қорытындыларды әзірлеу. Басқарманың құзыретіне кіретін мәселелер бойынша мемлекеттік сатып алу жоспарын қалыптастыруға және Министрліктің бюджеттік өтінімдерін әзірлеуге қатысу, сондай-ақ олардың уақытылы және сапалы орындалуын қамтамасыз ету. Департаменттің құзыреті шеңберінде Министрліктің Стратегиялық және Операциялық жоспарларының іс-шараларын уақытылы және сапалы орындау. Басқарманың құзыретіне кіретін мәселелер бойынша сотқа талап-арыздарды беру қажеттілігі туралы Заң департаментін уақытылы хабардар ету. Басқарманың құзыретіне кіретін басқа да міндеттерді орындау.
Ескертпе
Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.
Азаматтардың құқықтары мен міндеттері
Тестілеу бағдарламалары
Құжаттарды қабылдау мерзімі:
- 27.04.2020
- г. Нур-Султан, пр. Мәңгілік ел 8, Дом министерств, 14 подъезд
-
+7 (7172) 74-13-88