ҚР АҚДМ Талдау және стратегиялық жоспарлау департаменті директорының орынбасары
Астана қаласы
-
- Білім (білім саласы)
- Гуманитарлық ғылымдар (білім саласы)
- Құқық (білім саласы)
- Әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес (білім саласы)
- Жаратылыстану ғылымдары (білім саласы)
- Техникалық ғылымдар және технологиялар (білім саласы)
Функционалды міндеттер
- Жүктелген функцияларды орындауды және қызметтің негізгі көрсеткіштеріне қол жеткізуді қамтамасыз ете отырып, Департаменттің жұмысын ұйымдастыру және жалпы басшылық ету;
- Министрліктің құрылымдық бөлімшелерінің ақпараты, оның ішінде: Қазақстан Республикасының Стратегиялық даму жоспары; Мемлекеттік бағдарламалар; тұжырымдамалар; Министрліктің стратегиялық жоспары; Министрліктің меморандумы негізінде Министрліктің құзыреті бойынша Мемлекеттік жоспарлау жүйесінің құжаттарын және басқа да жоспарлау құжаттарын орындау бойынша есептерді әзірлеу, мониторингілеу және дайындау бойынша жұмысты ұйымдастыру, үйлестіру және бақылау; Министрліктің операциялық жоспарын, Министрліктің бір жылға арналған жұмыс жоспарын, құрылымдық бөлімшелердің жұмыс жоспарларын және басқа да іс-шаралар жоспарларын, жол карталарын және т. б.;
- Министрліктің стратегиялық жоспары қызметінің мақсаттарына, міндеттеріне және негізгі көрсеткіштеріне сәйкестігіне ведомстволық бағынысты ұйымдардың даму стратегиялары мен даму жоспарлары бойынша ұсыныстарды қарау және енгізу жөніндегі жұмыстың орындалуын, сондай-ақ олардың орындалу барысына мониторингті ұйымдастыру, үйлестіру және бақылау;
- Ведомстволық бағынысты ұйымдар қызметінің негізгі көрсеткіштерін әзірлеу және бекіту және олардың орындалуын мониторингілеу бойынша жұмысты ұйымдастыру, үйлестіру және бақылау;
- Құрылымдық бөлімшелерден алынған ақпараттың негізінде салалардың, үрдістер мен тәуекелдердің дамуын талдау бойынша жұмысты ұйымдастыру, үйлестіру және бақылау және басшылыққа талдау жазбаларын енгізу;
- Қазақстан Республикасы Президентінің, Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің, Қазақстан Республикасы Премьер-Министрі Кеңсесінің тапсырмалары бойынша, орталық мемлекеттік және жергілікті атқарушы органдардың, ұйымдардың, заңды және жеке тұлғалардың сұрау салулары бойынша хат-хабар алмасуды дайындау және жүргізу жөніндегі жиынтық жұмысты ұйымдастыру, үйлестіру және орындалуын бақылау (қажет болған жағдайда барлық Вице-министрлердің құзыретіне жататын мәселелер бойынша, Министрдің немесе жауапты хатшының тапсырмасы бойынша өзге де жағдайларда);
- Министрліктің Қоғамдық кеңес жұмысын және өз өкілеттіктерін орындау кезінде министрлікпен өзара іс-қимылды ұйымдастыру;
- Министрдің қатысуымен Үкімет отырыстарына, министрлік алқаларына және басқа да іс-шараларға материалдар дайындау жөніндегі жұмыстың орындалуын ұйымдастыру, үйлестіру және бақылау, оның ішінде министрдің сөз сөйлеулерінің тезистерін дайындау;
- Министрліктің архитектурасын әзірлеу, іске асыруды сүйемелдеу және дамыту жөніндегі жұмыстың орындалуын ұйымдастыру, үйлестіру және бақылау;
- Министрліктің өкілеттіктерін орындау үшін ақпараттық-телекоммуникациялық технологияларды қолдану және жаңа технологиялық негізді қалыптастыру негізінде цифрлық инфрақұрылымды дамыту жөніндегі жұмысты ұйымдастыру, үйлестіру және орындалуын бақылау;
- Мемлекеттік қызметтерді көрсету саласын сандық форматқа көшіру бойынша жұмысты ұйымдастыру, үйлестіру және орындалуын бақылау;
- Азаматтардың, қоғамның және мемлекеттік органдардың қажеттіліктерін ескере отырып, электрондық өзара іс-қимыл ортасын қалыптастыру жөніндегі жұмыстың орындалуын ұйымдастыру, үйлестіру және бақылау;Мемлекеттік органдар қызметінің тиімділігін бағалау жүйесі шеңберінде жиынтық жұмыстың орындалуын ұйымдастыру, үйлестіру және бақылау;
- Мемлекеттік органдар қызметінің тиімділігін бағалау жүйесі шеңберінде жиынтық жұмыстың орындалуын ұйымдастыру, үйлестіру және бақылау;
- Департаменттің құзыретіне кіретін мәселелер бойынша министрлікте, мемлекеттік органдарда және өзге де ұйымдарда өткізілетін жұмыс топтарына, кеңестерге, отырыстарға қатысу;
- Министрлік жетекшілік ететін салаларды стратегиялық жоспарлаудың сапасы мен тиімділігін одан әрі арттыру мәселелері бойынша Министрлік басшылығына ұсыныстар енгізу;
- Министрліктің стратегиялық даму мәселелері бойынша құрылымдық бөлімшелерге әдістемелік және практикалық көмек көрсету;
- Министрліктің басшылығының тапсырмасы бойынша өзге де функцияларды жүзеге асыру.
Ескертпе
Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.
Азаматтардың құқықтары мен міндеттері
Тестілеу бағдарламалары
Жарияланған күні: 20.04.2020
Құжаттарды қабылдау мерзімі:
21.04.2020 – 23.04.2020
Құжаттар жұмыс уақытында қабылданады
- 27.04.2020
- г. Нур-Султан, пр. Мәңгілік ел 8, Дом министерств, 14 подъезд
-
+7 (7172) 74-13-88