Ішкі аудит департаменті Аудит, мониторинг және тиімділікті бағалау басқармасының бас сарапшысы
Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігі
Астана қаласы
-
Қосымша талаптар
Мемлекеттік аудитор және (немесе) тиісті саладағы ішкі мемлекеттік аудитор сертификатының болуы
Функционалды міндеттер
Қаржылық есептіліктің аудитін жүргізуге қатысады. Министрлікте, оның аумақтық бөлімшелерінде, ведомстволық бағынысты ұйымдарында олардың қызметінің барлық бағыттары, оның ішінде көрсетілетін қызметтер сапасы бойынша тиімділік аудитін жүргізеді. Министрлікте, оның аумақтық бөлімшелерінде, ведомстволық бағынысты ұйымдарында сәйкестік аудитін жүргізеді. Мемлекеттік сатып алуды жүргізу рәсімдерінің және шарт талаптарын орындаудың, оның ішінде сатып алынған тауарлардың мерзімі, көлемі, бағасы, саны мен сапасы, жұмысы, қызметі бойынша сәйкестік аудитін жүргізеді. Министрліктің ішкі процестерінің (бизнес процестерінің) тәуекелдерді басқару жүйесінің негізінде Министрлікте, оның аумақтық бөлімшелерінде және ведомстволық бағынысты ұйымдарында ішкі бақылау және басқару жүйесінің жұмыс істеуін бағалауды жүзеге асырады. Министрліктің стратегиялық жоспарының және бюджеттік шығыстармен өзара байланыстағы мақсаттары мен міндеттеріне қол жеткізуін талдайды. Тауар-материалдық запастардың және өзге активтердің сақталуын тексеруді жүзеге асырады. Департамент директорына аудиторлық есепті және Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес республикалық бюджетті пайдалану кезінде бұзушылықтардың жолын кесу, оларды болдырмау бойынша, анықталған кемшіліктерді жою, Министрлік қызметін ұйымдастырудың ішкі процестерінің тиімділігін арттыру бойынша ұсыныстармен ішкі мемлекеттік аудит нәтижелері туралы есеп жобасын береді. Тәуекелдерді басқару жүйесінің негізінде тиісті жылға мемлекеттік аудит объектілерінің тізбесін құрастыру барысында талдау (талдау, бағалау, ден қою шаралары) жүргізеді, Департамент бойынша тәуекелдерді басқару жүйесін үйлестіреді және Департаментке жүктелген функциялар мен өкілеттіліктерге байланысты тәуекелдер тізбесін, шұғыл ден қою тәуекелдерінің бейінін жасақтайды. Алдын ала зерделеу үшін Министрліктің құрылымдық бөлімшелерінен және оның аумақтық бөлімшелерінен, ведомстволық бағынысты ұйымдар мен кәсіпорындардан қажетті ақпараттарды сұратады. Мемлекеттік аудит объектілерінің лауазымдық тұлғаларының іс-әрекеттерінде қылмыстық немесе әкімшілік құқық бұзушылықтар белгілерін анықтаған жағдайда, құқық қорғау органдарына немесе әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы істерді қозғауға және (немесе) қарауға уәкілетті органдарға тиісті аудиторлық дәлелдермен қоса материалдар береді. Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес Департамент басшылығына республикалық бюджет қаражаттарының пайдалануы, басшылық тапсырмаларын орындау кезіндегі бұзушылықтардың жолын кесу және болдырмау бойынша ұсыныстар енгізеді. Ішкі мемлекеттік аудит жөніндегі уәкілетті органға есептік ақпаратты жинақтау үшін жүргізілген мемлекеттік аудит және қабылданған шаралар туралы ақпаратты дайындайды. Басшылықпен анықталған өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.
Ескертпе
Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.
«Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Заңның 28-бабы 3-тармағына сәйкес жалпы конкурсқа қатысуға тесттен алдын ала өткен азаматтар жіберіледі.
Құжаттарды қабылдау мерзімі:
- 21.05.2021
- Мәңгілік ел даңғ. 8, Министрліктер үйі, 14 кіреберіс, 2 қабат, 277 кабинет (қашықтан)
-
74-13-88