Түркі Кеңесінің медиафорумы


Ыстамбұлда Түркі Кеңесінің медиафорумы басталды
Түркияда 22-24 қазан аралығында Ыстамбұлда өтетін Түркі кеңесінің «Тұғырлы тарихы бар жарқын болашақ» тақырыбындағы Медиа форумы басталды. Түркия Республикасының Президенті Режеп Тайып Ердоған өзінің бейнежолдауында МедиаФорумның барлық қатысушыларына сәттілік тіледі. Түркі Кеңесінің Бас хатшысы Бағдад Әміреев Медиа форумның жұмысын ашып, өзінің сөзінде форум тақырыбы ортақ тамыры бар және түрлі салалардағы өзара тиімді ынтымақтастық үшін үлкен перспективалары бар түркі әлемінің барлық елдері үшін өзекті екенін атап өтті. Қазақстандық делегацияны Ақпарат және қоғамдық даму вице-министрі Кемелбек Ойшыбаев бастап отыр.
Басталу уақыты
22 қазан 2021
Соңғы күні
24 қазан 2021
Оқиға түрі
Кездесу