Мемлекеттік қызметтер бойынша Семинар


2021 жылғы 29 қазан күні Ақпарат комитетінің БАҚ саласындағы рұқсаттама құжаттары басқармасы «Азаматтарға арналған үкімет»» мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамымен бірлесе отырып семинар-кеңес өткізеді
Семинар-кеңестің тақырыбы: «Мерзімді баспасөз басылымдарын, ақпараттық агенттіктерді және желілік басылымдарды есепке қою немесе қайта есепке қою», «Қазақстан Республикасының аумағында таратылатын шетелдік мерзімді баспасөз басылымдарын есепке қою, қайта есепке қою» мемлекеттік көрсетілетін қызмет түрлері бойынша.
Өтетін орны: сыйымдылығы 100-ден 1000 адамға дейінгі Zoom алаңы (келісім және квота бойынша).
Нысаналы тыңдаушылар аудиториясы: ЖАО мемлекеттік көрсетілетін қызметтер бөлімдерінің, ОМО жауапты өңірлік бөлімшелерінің, 1414 Бірыңғай байланыс орталығының, Азаматтарға арналған үкімет филиалдарының жұмыскерлері.
29 қазан 2021
Семинар