Қоғамдық талқылаулар өткізу туралы

ҚР МАМ Ақпарат комитеті 2025 жылғы 22 қаңтарда сағат 15:00-де реттеуші құралдардың және (немесе) талаптардың реттеушілік әсеріне талдау жүргізу және пайдалану қағидаларына (Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 30 қарашадағы № 748 бұйрығымен бекітілген) сәйкес аудиовизуалды платформалардың қызметі бөлігінде «Масс-медиа туралы» Қазақстан Республикасының Заңына реттеуші құралдардың реттеушілік әсерін талдау нәтижелері бойынша қоғамдық талқылаулар өткізу жоспарланғанын хабарлаймыз.

Реттеушілік әсерін талдау жобасы 2026 жылғы 14 қаңтарында ашық нормативтік құқықтық актілердің интернет-порталында келесі сілтеме бойынша  https://legalacts.egov.kz/npa/view?id=15741227 орналастырылған.    

Қатысуға ниет білдірушілер үшін қатысушының аты-жөнін, ұйымның атауын, кәсіби лауазымын және ұялы телефон нөмірін l.akbuzauova@mki.gov.kz электрондық поштаға жіберуді сұраймыз.

Zoom сілтемесі мүдделі тұлғаларға ұялы телефон нөмірлеріне бағытталады. Барлық сұрақтар бойынша телефон нөмірі бойынша хабарласуларыңызды сұраймыз: + 7 (7172) 74-05-86.

Хабарлама
Дата публикации
20 января 2026