Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат Комитеті (Ақпарат Комитеті мекенжайы Ақпарат Комитеті Нұр-Сұлтан қ. Мангилик Ел 8 даңғылы, Министрліктер Үйі, 13 кіреберіс) Қазақстан Республикасының 2021 жылға заңнамалық актiлердi ресми жариялау құқығын алуға мерзімді баспа басылымдар арасында конкурс өткізетіні туралы хабарлайды.
Конкурстық құжаттарды қабылдау, конверттерді ашу мына мекенжай бойынша өтеді: Нұр-Сұлтан қ. Мангилик Ел 8 даңғылы, «Министрліктер Үйі» ғимараты, 13 кіреберіс.
Конвертке салынып, мөрмен бекітілген конкурс құжаттарын қабылдануы 2020 жылғы «3» қарашаның сағат 17.00 дейін жүргізіледі.
Конкурс қатысушыларына қойылатын талаптар:
Конкурстық өтініштер мемлекеттік және/немесе орыс тілінде толтырылады.
Өтініш нысаны мен конкурс талаптары және тағы да басқа қосымша ақпаратты Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат Комитетінде Нұр-Сұлтан қ. Мангилик Ел 8 даңғылы, Министрліктер Үйі, 13 кіреберіс мекенжайы арқылы немесе +7 (7172) 74-05-35, 740473 байланыс телефондары арқылы біле аласыз.