2023 және 2024 жылғы тексеру нәтижелері туралы ақпарат
Қазақстан Республикасының масс-медиа туралы заңнамасының сақталуын мемлекеттік бақылау «Масс - медиа туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 9-бабының 3-тармағына сәйкес, тексеру және профилактикалық бақылау нысанында бақылау субъектісіне (объектісіне) бара отырып жүзеге асырылады.
Сонымен қатар, тексерулерді жүргізуді ұйымдастыру тәртібі Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік Кодексінде (бұдан әрі - Кодекс) көзделген талаптарға сәйкес жүзеге асырылады.
Кодекстің 138-бабының 49-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының масс-медиа туралы заңнамасының сақталуын мемлекеттік бақылау қызметі саласы масс-медиа саласына жатқызылған кәсіпкерлік субъектілеріне қатысты жүзеге асырылады, масс-медиа субъектілеріне қатысты қадағалау Кодекстің 139-бабына сәйкес жүзеге асырылмайды.
Масс-медиа субъектілеріне қатысты субъектіге (объектіге) бару арқылы тексеру және профилактикалық бақылау тәуекел дәрежесін бағалау өлшемшарттарын және «Масс – медиа туралы» Қазақстан Республикасы заңнамасының сақталуын тексеру парағын қолдана отырып жүзеге асырылады.
Статистика:
Уәкілетті орган 2023 жылғы және 2024 жылғы 1 жартыжылдықта телерадио хабарларын тарату субъектілері мен бұқаралық ақпарат құралдарына қатысты бақылау субъектісіне (объектісіне) барумен мемлекеттік бақылауды жүзеге асырудың автоматтандырылған процестерін енгізуге және «Smart Data Ukimet» АТЖ тәуекелдерді бағалау мен басқарудың ақпараттық жүйесі арқылы автоматты режимде профилактикалық бақылауды жүргізу тізімдерін қалыптастыруға байланысты профилактикалық бақылау жүргізген жоқ.
Бұл ретте, Мемлекет басшысының Кәсіпкерлік қызметте «таза парақтан» реттеуді енгізу және мемлекеттік бақылау мен қадағалау салаларын автоматтандыру жөніндегі тапсырмасын орындау үшін, ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі «Smart Data Ukimet» АТЖ тәуекелдерді бағалау мен басқарудың ақпараттық жүйесі арқылы автоматты режимде мемлекеттік бақылау жүйесін жетілдіру бойынша жаңа тәсілдерді енгізуді ескере отырып, сайтта қалыптастырылды және орналастырылды rchl.govtec.kz 2024 жылғы 2 жартыжылдыққа бақылау субъектісіне (объектісіне) бара отырып, Қазақстан Республикасы заңнамасының сақталуына профилактикалық бақылау жүргізудің жартыжылдық тізімі Кодекстің 144-2-бабының 4-тармағына сәйкес «Хабар», «31 арна», «КТК» телеарналарына қатысты телерадио хабарларын тарату.
«31 арна», «КТК» телеарналарына қатысты профилактикалық бақылау 2024 жылғы 2-6 желтоқсан аралығында белгіленген мерзімде бұзушылықтарды жою туралы ұйғарымдар шығарыла отырып жүргізілді. «Хабар» телеарнасына қатысты профилактикалық бақылау 2024 жылғы 23-25 желтоқсан аралығында жүргізілді, бұзушылықтар анықталған жоқ.
2023 жылғы кезеңде және 2024 жылғы 1 жартыжылдықта телерадио хабарларын тарату субъектілері мен бұқаралық ақпарат құралдарына қатысты жоспардан тыс тексерулер жүргізген жоқ.
Справочно:
2024 жылғы 20 тамызда Мемлекет басшысы 2024 жылғы 19 маусымда қол қойған «Бұқаралық ақпарат құралдары туралы» және «Телерадио хабарларын тарату туралы» заңдардың күші жойылды деп таныған «Масс-медиа туралы» Қазақстан Республикасының Заңы (бұдан әрі-Масс-медиа туралы Заң) қолданысқа енгізілді. Бұл заң жаңа бақылау субъектілерін енгізуді көздемей, аталған заңдардың ережелерін шоғырландырады.
Сонымен қатар, Қазастан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне масс-медиа мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы Қазақстан Республикасының Заңымен Кодекстің 138-баптың 49) тармақшасына «бұқаралық ақпарат құралдарында» деген сөздер «масс-медиа» деген сөзбен ауыстырылып өзгерістер енгізілді. «Қазақстан Республикасының телерадио хабарларын тарату туралы заңнамасын сақтағаны үшін» деген 50) тармақша алынып тасталды.
Кодекстің 138-бабының 50) тармақшасы алып тасталуға жататындығына байланысты «Қазақстан Республикасының телерадио хабарларын тарату туралы заңнамасының сақталуына тәуекел дәрежесін бағалау өлшемшарттарын және тексеру парақтарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы ақпарат және коммуникация министрінің 2018 жылғы 31 қазандағы №455 және Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2018 жылғы 31 қазандағы №39 бірлескен бұйрығы Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрінің 2024 жылғы 4 қыркүйектегі №405-НҚ және Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Ұлттық экономика министрінің 2024 жылғы 17 қыркүйектегі № 76 бірлескен бұйрығымен күші жойылды деп танылды.
Бұл ретте, телерадио хабарларын тарату саласына жатқызылған бақылау субъектілері, атап айтқанда телерадио хабарларын тарату операторлары, телерадиокомпаниялар және жеке спутниктік және эфирлік қабылдау құрылғыларын таратушылар масс-медиа бақылау субъектілеріне жатқызылған.
Жоғарыда айтылғандарға байланысты телерадио хабарларын тарату саласына жатқызылған бақылау субъектілері «Қазақстан Республикасының бұқаралық ақпарат құралдары туралы заңнамасының сақталуына тәуекел дәрежесін бағалау өлшемшарттарын және тексеру парағын бекiту туралы» Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрінің 2018 жылғы 9 қарашадағы № 473 және Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2018 жылғы 15 қарашадағы № 69 бірлескен бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» бірлескен бұйрығын әзірлеу кезінде ескерілді, оларға масс-медиа туралы заңнамасының сақталуына тәуекел дәрежесін бағалау өлшемшарттары және тексеру парағы бекітілген (бұдан әрі-бірлескен бұйрық).
Осы бірлескен бұйрық Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрінің м.а. 2024 жылғы 6 қарашадағы № 524-НҚ және Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Ұлттық экономика министрімен 2024 жылғы 8 қарашадағы № 100 бекітілген. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2024 жылғы 12 қарашада № 35360 болып тіркелді.