Жиі қойылатын сұрақтар
ҚҚДИ «Рухани Жаңғыру» Отбасы институтын зерттеу орталығы отбасы саясат саласын ғылыми-әдістемелік қамтамасыз ету бойынша бірқатар қызметтерді жүзеге асыруда:
1) «Қазақстандық отбасылар-2020» ұлттық баяндамасы;
2) Қазақстандық көп балалы отбасылардың жағдайы мен дамуын зерделеу бойынша талдамалық есеп (төрт және одан жоғары бала);
3) Гендерлік стереотиптерді кинода бейнелеудің дұрыс тәсілдерін әзірлеу бойынша әдістемелік ұсынымдар;
4) «Ерте неке» тақырыбына әлеуметтік зерттеу;
5) «Қазақстандық отбасыларды мемлекеттік қолдаудың қолданыстағы шараларының тиімділігі» тақырыбына талдамалық баяндама;
6) Қазақстанда отбасының әл-ауқаты индексін есептеу әдістемесі;
7) «Отбасылық-демографиялық саясат» талдамалы баяндамасы.
Толық ақпаратты 8 (7172) 74-01-62 телефоны арқылы немесе a.belkairov@qogam.gov.kz email-не жазу арқылы алуға болады.
Отбасы және отбасылық құндылықтар институтын нығайтуға көмек көрсету мақсатында жастар арасында келесі іс-шаралардан тұратын жоба іске асырылуда:
- білікті жаттықтырушыларды, медиаторларды, психологтарды және басқа да мамандарды шақырумен ЖОО базасында жастарға арналған психологиялық оқыту тренингтері;
- білікті жаттықтырушыларды, медиаторларды, психологтарды және басқа да мамандарды шақырумен Қазақстанның «тәуекелді аймақтарында» ажырасу шегіне жеткен жас отбасы мүшелеріне арналған оқыту тренингтері;
- отбасылық құндылықтар мен дәстүрлер туралы 5 вирустық бейнеролик дайындау;
- қазақстандық отбасы саясатының негізгі бағыттары туралы инфографика дайындау;
- Нұр-Сұлтан қ. «Жас отбасылар фестивалі»;
- «Менің отбасым», «Мен отбасымды сүйемін» акциялары;
- Ұлттық және Халықаралық отбасы күніне арналған әлеуметтік желілерде 17 фотокөрме және 17 флешмоб;
- отбасылық құндылықтар туралы бейнесюжеттер дайындау.
Толық ақпаратты 8 (7172) 74-03-97 телефоны арқылы немесе a.kalikanova@qogam.gov.kz email-не жазу арқылы алуға болады.
- Сіз Балаларға, жастарға және зорлық-зомбылық көрген адамдарға арналған №150 ұлттық бірыңғай сенім телефонына тегін қоңырау шалып, мамандар мен психологтардан кеңес ала аласыз. Сізге психологиялық және құқықтық көмек көрсетіліп, участкелік инспекторлардың, дағдарыс орталықтарының және басқа да қажетті ұйымдардың байланыс телефондары беріледі. Хабарласудың жасырын және құпия болуына кепілдік беріледі.
- Аймақтардың барлығында тұрмыстық зорлық-зомбылық құрбандарына арналған дағдарыс орталықтары жұмыс істейді. Сіздің өміріңіз бен денсаулығыңызға қауіп төнген жағдайда осы орталықтардан баспана сұрай аласыз. Қосымша кеңес қажет болған жағдайда аймақтағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі комиссияларға хабарласуға болады.
Ұйымдардың байланыс телефондары келесі сілтемеде (сілтеме)
Сыйлықтар Қазақстан Республикасының Тәуелсiздiк күнiне орай салтанатты жағдайда беріледі. Оларға «Дарын» мемлекеттік жастар сыйлығының лауреаты» атағы беріледі, диплом, төсбелгі және ақшалай сыйлық табыс етiледi.
Сыйлық мемлекеттік жастар саясаты саласындағы уәкілетті органның жанынан арнайы құрылған «Дарын» мемлекеттік жастар сыйлығын беру жөніндегі комиссияның шешімі негізінде беріледі. Комиссия уәкілетті органның, орталық мемлекеттік органдардың, өз міндеттерін қоғамдық бастамаларда атқаратын шығармашылық одақтардың және Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен тіркелген өзге де заңды тұлғалардың өкілдерінен құралады.
Сыйлық алуға кандидатураларды ұсынуды орталық, жергiлiктi және өзге де мемлекеттiк органдар, қоғамдық бiрлестiктер мен Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен тіркелген өзге де заңды тұлғалар жүргiзедi.
Сыйлық бір уақытта әр номинация бойынша екіден артық емес ізденушіге берілуі мүмкін, бұл жағдайда оның ақшалай бөлігі олардың арасында тең бөлінеді. Сыйлықты қайта беруге жол берілмейді. Бiр кандидатураны бiр номинациядан артық сыйлық алуға ұсынуға болмайды.
Сыйлық алуға өтінімдерді қабылдау туралы хабарландыру өтінімдерді қабылдау мерзімі басталғанға дейін кемінде төрт ай бұрын уәкiлеттi органның интернет-ресурсында орналастырылады. Сыйлық алуға өтінімдерді қабылдау бұл туралы хабарландыру жасалған кезден басталады және сыйлықтар салтанатты жағдайда тапсырылғанға дейін төрт ай бұрын тоқтатылады.
«Дарын» сыйлыңын алу үшін халықаралық және республикалық конкурстардың, фестивальдер мен көрмелердің лауреаттары, республикалық және халықаралық деңгейлердегі спорттық жарыстардың жүлдегерлері мен жеңімпаздары болып табылатын Қазақстан Республикасының азаматтары, сондай-ақ қызметі инновациялық болып табылатын және тиісті сала мен тұтастай қоғамды дамытуға ықпал ететін кандидаттар үміткер болады.
Қазақстан Республикасының 14 пен 29 жасқа дейінгі азаматтары сыйлық алуға үміткер бола алады.