Қазақстанда «Сұйытылған күйдегі этан және пропан фракцияларын тасымалдауға арналған магистральдық құбырларға қойылатын талаптар туралы» Қазақстан Республикасының техникалық регламенті бекітілді.

Қазақстанда «Сұйытылған күйдегі этан және пропан фракцияларын тасымалдауға арналған магистральдық құбырларға қойылатын талаптар туралы» Қазақстан Республикасының техникалық регламенті бекітілді.

Қазақстанда «Сұйытылған күйдегі этан және пропан фракцияларын тасымалдауға арналған магистральдық құбырларға қойылатын талаптар туралы» Қазақстан Республикасының техникалық регламенті бекітілді (ҚР Энергетика министрінің 2026ж. 29.07. № 285-н/қ бұйрығы).

Қазақстан Республикасының техникалық регламентін әзірлеу «Теңізшевройл» ЖШС объектілерінен және Теңіз кен орнында салынып жатқан газ бөлу кешенінен сұйытылған күйдегі этан және пропан фракцияларын «НИНТ» АЭА-дағы Қарабатан газ химиясы кәсіпорындарына дейін тасымалдауды қамтамасыз етуге бағытталған «Атырау облысында магистральдық құбыржолдарын (этан, пропан) бірыңғай дәлізде салу» жобасын іске асыру шеңберінде жүзеге асырылды.

Техникалық регламентті қабылдау аталған жобаны іске асыру және тиісті магистральдық құбыржолдарға қойылатын міндетті талаптарды белгілеу үшін нормативтік негізді қамтамасыз етеді.

Техникалық регламент алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Техникалық регламенттің мәтінімен мына сілтеме бойынша танысуға болады:

https://zan.gov.kz/client/#!/search/results/sadn=285-%D0%BD%2F%D2%9B&at=%D0%9F%D0%A0%D0%98%D0%9A.