Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Отын энергетикалық кешен мәселелері жөніндегі қоғамдық кеңесітің құрамына мүшелер сайлау жөніндегі қосымша конкурс

Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің  Отын энергетикалық кешен мәселелері жөніндегі қоғамдық кеңесітің құрамына мүшелер сайлау жөніндегі қосымша конкурс

 Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің                                        Отын-энергетикалық кешен мәселелері жөніндегі қоғамдық кеңесі (бұдан әрі – Қоғамдық кеңес) «Қоғамдық кеңестер туралы» 2015 жылғы 2 қарашадағы №383 Қазақстан Республикасының Заңына және 2025 жылғы 28 наурыздағы № 112-НҚ Қоғамдық кеңес туралы үлгілік ережеге сәйкес Қоғамдық кеңес  мүшелерін (5 бірл.) сайлау жөніндегі қосымша конкурс өткізілетіні туралы хабарлайды.

Конкурсқа қатысу үшін мынадай құжаттар:

1) кандидатураны жұмыс тобы мен Қоғамдық кеңестің құрамына ұсыну туралы коммерциялық емес ұйымның жазбаша ұсынысы және (немесе) азаматтың өтініші;

2) өмірбаян деректері көрсетіле отырып, кандидаттың кәсіптік және (немесе) қоғамдық қызметі туралы мәліметтер;

3) сотталғандығының болуы не болмауы туралы анықтама;

4) психикалық, мінез-құлықтық, оның ішінде психикаға белсенді әсер ететін заттарды тұтынуға байланысты бұзылушылықтардың (аурулардың) болуы не болмауы туралы анықтама;

5) кандидаттың дербес деректерін жинауға, өңдеуге, таратуға және жариялауға келісім ұсынылады.

Қоғамдық кеңес мүшелігіне кандидаттың:

1) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен жойылмаған немесе алынбаған сотталғандығы болмауға;

2) сот заңда белгіленген тәртіппен сыбайлас жемқорлық қылмыс және (немесе) сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жасауда кінәлі деп танымаған болуға;

3) психикалық, мінез-құлықтық, оның ішінде психикаға белсенді әсер ететін заттарды тұтынуға байланысты бұзылушылықтардың (аурулардың) себебі бойынша психикалық денсаулық саласында медициналық көмек көрсететін ұйымдарда есепте тұрмауға тиіс.

Қоғамдық кеңес мүшелері 21 адамға дейін кеңес мүшелерінің санын көбейту туралы шешім қабылдады. Қазіргі уақытта олардың саны 16 адамды құрайды (оның ішінде коммерциялық емес ұйымдар мен азаматтық қоғам өкілдері – 14 адамға дейін, ҚР ЭМ өкілдері – 2 адамға дейін), қосымша 5 адамға дейін сайланатын болады.

Конкурсты өткізу мерзімі конкурс туралы хабарландыру жарияланған күннен кейін он жұмыс күнін құрайды (2026 жылғы 21 мамырдағы сағат               8:00-ден бастап 2026 жылғы 4 маусым қоса алған мерзімде сағат 17:30-ға дейін). 

Қатысу үшін құжаттар мына мекенжайға ұсынылады (жіберіледі):                  Астана қаласы, Қабанбай батыр көшесі, 19, А блогы, электрондық пошта: g.kenzhebay@energo.gov.kz.

Қосымша ақпарат пен анықтамаларды мына телефон арқылы алуға болады: 8 (7172) 78-68-93.

 

 

Қоғамдық кеңес туралы
үлгілік ережеге
1-қосымша

 

Нысан

 

Кімге _____________________
(республикалық деңгейде
мемлекеттік органның атауы
немесе жергілікті өкілді
органның атауы)
__________________________
тұратын
(елді мекен, көше, үй, пәтер,
байланыс телефоны,
электрондық пошта мекенжайы)
кімнен_________________
__________________________
(өтініш берушінің аты-жөні,тегі
(бар болған жағдайда),
жеке куәлік № ____,
берілді (қашан, кім))

 

 

Өтініш

 

Қоғамдық кеңестің құрамына қосымша конкурсқа қатысу үшін өз кандидатурамды ұсынамын.

Мен осы өтініш арқылы "Қоғамдық кеңестер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының ережелерімен танысқанымды растаймын және оның талаптарын сақтауға міндеттенемін.

Мынадай құжаттарды қоса беремін:

1) ________________________________________________________

2) ________________________________________________________

3) ________________________________________________________

4) ________________________________________________________

5) ________________________________________________________

6) ________________________________________________________

7) ________________________________________________________

20___ жылғы "____" Өтініш берушінің қолы ___________

 

Жұмыс тобының құрамына енгізу үшін "Дербес деректер және оларды қорғау туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 8-бабына сәйкес дербес деректерімді жинауға және өңдеуге келісімімді беремін.