БАСПАСӨЗ-РЕЛИЗІ

БАСПАСӨЗ-РЕЛИЗІ

Қазақстан Республикасының Энергетика министрлігі елдегі жағармай материалдарын цифрлық таңбалауды жағармай майларының, жағармай материалдарының және арнайы автомобиль сұйықтықтарының реттейтін маңызды нормативтік-құқықтық актілердің қабылданғаны туралы хабарлайды. Бұл шаралар отандық нарықты жасанды және контрафакт өнімдерден қорғауға, адал кәсіпкерлерді қолдауға, тауарлардың импорты мен сатылуының ашықтығын арттыруға, сондай-ақ тұтынушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған.

Таңбаланатын тауар топтарын кеңейту бойынша жүйелі жұмыс шеңберінде Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2026 жылғы 24 тамыздағы                       № 316-н/қ бұйрығы бекітілді. Бұл құжат «Мотор майларын таңбалау және қадағалау қағидаларын бекіту туралы» 2026 жылғы 30 қаңтардағы № 44-н/қ бұйрығына өзгерістер енгізеді. Қағидалардың жаңа редакциясы жағармай майларының, жағармай материалдарынын және арнайы автомобиль сұйықтықтарының жекелеген түрлерін таңбалауын, қадағалауын техникалық рәсімдерін, тұтынушылық және топтық қаптамасына сәйкестендіру құралдарын түсіру, генерациялау және қолдану қағидаларын реттейді.

Министрлік сондай-ақ «Мотор майларын таңбалауда қолданылатын бақылау (сәйкестендіру) белгісінің, сәйкестендіру құралының құнының шекті мөлшерін айқындау туралы» 2026 жылғы 19 қаңтардағы № 29-н/қ бұйрығына өзгерістер енгізетін 2026 жылғы 10 шілдедегі № 262-н/қ бұйрығын бекітті. Бұйрық тақырыбы «...жағармай майларының, жағармай материалдарының және арнайы автомобиль сұйықтықтарының жекелеген түрлерін таңбалауда қолданылатын...» деп өзгертілді. Жаңа тауарлар тобының барлығы үшін кодтар құнының шекті мөлшері бұрынғы деңгейде бекітілді және қосылған құн салығынсыз (ҚҚС) бір данасы үшін 4,7 теңгені құрайды.

Қазақстан Республикасында жағармай материалдарын міндетті таңбалауды енгізу кезең-кезеңімен жүзеге асырылады. Бірінші кезеңде, 2026 жылғы 1 ақпаннан бастап, көрсетілген күннен бастап өндірілген мотор майлары таңбалануға тиіс (СЭҚ ТН кодтары: 2710198200, 3403191000, 3403199000, 3403990000). Екінші кезеңде, 2026 жылғы 1 қыркүйектен бастап, СЭҚ ТН-нің 27, 34 және 38-топтарына жататын өзге де жағармай майларының, жағармай материалдарының, антифриздердің және арнайы сұйықтықтардың кең тізбесі үшін таңбалау міндетті болады.

Тауар тобының бүкіл жеткізу тізбеге бойынша (импорттаушыдан немесе өндірушіден түпкілікті бөлшек саудада шығарылғанға дейін) толық қадағалануы 2027 жылғы 1 ақпаннан бастап енгізіледі.

Заңды қызметті жалғастыру үшін жағармай материалдары айналымының жағармай материалдарының және арнайы автомобиль сұйықтықтарының барлық қатысушылары (бөлшек сауда дүкендерін, ЖҚС және дилерлік орталықтарды қоса алғанда) https://tanba.markirovka.kz/registration сілтемесі бойынша Тауарларды таңбалау мен қадағалаудың ақпараттық жүйесеінде (ТТҚ АЖ) міндетті тіркеуден өтуі тиіс.

Айналым қатысушыларын техникалық және консультациялық қолдауды тұрақты негізде Бірыңғай оператор жүзеге асырады. Оқыту материалдары, нұсқаулықтар және жиі қойылатын сұрақтарға жауаптар tanba.telecom.kz ресми сайтының тиісті бөлімінде қолжетімді.

ТТҚ АЖ Бірыңғай операторының техникалық қолдау қызметі:

Сенім телефоны: 8 800 080 65 65

Электрондық пошта: mark@ismet.kz

Telegram-арна/бот: +7 708 825 32 72

WhatsApp: +7 700 198 87 57