Қазақстан Республикасының Энергетика министрлігі, Казақстан Республикасының құзыретті органы ретінде, көмірсутектер бойыша жер койнауын пайдалану кұқығын алуға арналған электрондық аукцион жариялайды

Жер қойнауын пайдалану құқығын алуға арналған аукцион электрондық аукциондар операторының сайтында өткізіледі: e-qazyna.kz
Аукцион өткізу уақыты - 2026 жылғы 18 қараша. Аукцион Астана қаласының уақыты бойынша сағат 10: 00-ден 17: 00-ге дейінгі кезеңде өткізіледі, бұл ретте аукцион Астана қаласы уақыты бойынша сағат 11: 00-ден кешіктірілмей басталады.
Аукционға қатысуға өтінімдер беру мерзімі 2026 жылғы 5 қазанды қоса алғанда, электрондық аукциондар операторының сайтында қабылданады: e-qazyna.kz.
Өтініш беруші құзыретті органның хабарламасында көрсетілген анықталған сәйкессіздіктерді құзыретті орган хабарлама жіберген күннен бастап үш жұмыс күні ішінде, электрондық аукциондар операторының сайтында жоюға құқылы: e-qazyna.kz.