Жиі қойылатын сұрақтар

Нормативтік есептеу 2 жағдайда жүргізіледі:

  1. Жеке газ есептегішінің болмауы.
  2. Жеке газ есептегішінің аралық тексеру мерзімінің өтуі.

      Әрбір тұрмыстық газ есептегішінің өзіне тән тексеру мерзімі бар, аралық тексеру уақыты газ есептегіш құралдың паспортына көрсетілген және әдетте 5 жылдан 10 жылға дейін болады. Көрсетілген мерзім аяқталғаннан кейін, есептеу жеке газ есептегішінің көрсеткіштері бойынша емес, бекітілген тұтыну нормаларына негізделіп жүргізіледі. Есептегіштің иесі газ есептегішін тексеру үшін лицензиясы бар тиісті ұйымдарға жүгінуі тиіс.

      Қазақстан Республикасының Энергетика министрінің 2014 жылғы 3 қарашадағы № 96 бұйрығымен бекітілген «Тауарлық және сұйытылған мұнай газын бөлшек саудада өткізу және пайдалану қағидаларын бекіту туралы» қағидасының  46-тармағына сәйкес, тұрмыстық тұтынушының кінәсі бойынша дәлелді себептерсіз қатарынан екі есеп айырысу кезеңі ішінде есепке алу аспаптарының көрсеткіштерін алу мүмкін болмаған кезде жеткізуші тұрмыстық тұтынушының есепке алу аспабының нақты деректері бойынша кейіннен қайта есептей отырып, тұрмыстық тұтынушыға тұтынудың қолданыстағы нормалары бойынша есеп айырысу жүргізеді.