Жиі қойылатын сұрақтар

«Рұқсаттар және хабарламалар туралы» 2014 жылғы 16 мамырдағы Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі - Заң) 33-бабының 2-тармағында рұқсат беру тәртібі енгізілген қызмет түрінің және (немесе) кіші түрінің атауы өзгерген жағдайда лицензиаттың лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны қайта ресімдеу туралы өтініш беруге құқығы бар екендігі көзделген. Алайда, атауы өзгерген қызмет түріне лицензиясы бар лицензиат лицензияны алдын ала қайта ресімдеген жағдайда, лицензияға қосымша алуға құқылы.

Демек, рұқсат беру немесе хабарлама жасау тәртібін енгізуге және іске асыруға байланысты қоғамдық қатынастарды реттейтін Заң лицензиаттарды (лицензиясы бар жеке немесе заңды тұлғаларды) қызмет түрі мен кіші түрінің атауы өзгерген жағдайда қолданыстағы лицензияны және оған қосымшаны қайта ресімдеуге міндеттемейді.