
Тәуелсіздік жылдарында Қазақстанда қолайлы инвестициялық ахуал құрылды, оның ішінде саяси және макроэкономикалық тұрақтылық, кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдау. Біздің елімізде жер қойнауын пайдалануды дамыту маңызды және басым бағыт болып табылады.
Жүргізіліп жатқан реформалар жер қойнауын пайдалану саласының бәсекеге қабілеттілігін, технологиялық және кәсіби деңгейін арттыруға, инвесторлар, жұмыс орындары мен әлеуметтік жағдайды жақсартуға қолайлы жағдай жасауға бағытталған.
2026 жылдың II тоқсанының қорытындысы бойынша көмірсутектер бойынша жер қойнауын пайдалануға арналған 317 келісімшарт бар.
2026 жылдың I тоқсанында жер қойнауын пайдалануға инвестиция сомасы 928,3 млрд. теңгені (2025 жылдың осы кезеңінде – 1,07 трлн. теңге), оның ішінде геологиялық барлауға – 31,8 млрд. теңге (2025 жылдың I тоқсанында – 57,1 млрд. теңге), өндіруге – 720,5 млрд. теңгені құрады (2025 жылдың I тоқсанында – 697,4 млрд. теңге). Заңнамаға сәйкес жер қойнауын пайдаланушылардың жылдық есептері қаңтар айының соңына дейін тапсырылады.
Мемлекет Басшысының тапсырмасы шеңберінде қабылданған келісімшарттық міндеттемелерді орындамай ұзақ уақыт ұсталатын жер қойнауы учаскелерін тексеру жөніндегі жүйелі бұзушылықтары бар 11 келісімшарт тоқтатылды.
Мемлекетке қайтарылған жер қойнауы учаскелері инвестиция тарту үшін аукционға қойылды.
«Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы» ҚР Кодексінің 77-бабының 4-тармағына сәйкес 2023-2024 жылдарға Өндіруші салалардың ашықтығы бастамасы шеңберіндегі ақпарат Министрліктің ресми интернет-ресурсында жарияланған (https://www.gov.kz/memleket/entities/energo/documents/details/981640?lang=ru ).
Қазақстан Республикасының көмірсутек кен орындарын барлау және әзірлеу жөніндегі орталық комиссия туралы ереженің 8-тармағына сәйкес Энергетика министрінің 2018 жылғы 28 мамырдағы № 214 бұйрығымен бекітілген, жер қойнауын пайдаланушы орталық комиссияға жобаны, жобаға аннотацияны, сондай-ақ осы Ережеге қосымшаға сәйкес нысан бойынша мемлекеттік сараптама жүргізуге өтінішті ұсынады. Осы тармақтың бірінші бөлігінде көрсетілген материалдар қағаз және электрондық жеткізгіштерде (DOCX және PDF форматтарында) бір данада жіберіледі.
Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің 140 – бабының 4-тармағына сәйкес барлау жұмыстарының жобасына (оған өзгерістер мен толықтырулар) мемлекеттік сараптама, оны жер қойнауын пайдаланушыдан алған күннен бастап екі ай ішінде, ал сынамалы пайдалану жобаларына, кен орнын әзірлеу жобаларына (оларға өзгерістер мен толықтырулар), игеру талдауларына үш ай ішінде жүргізіледі.
Сынамалап пайдалану жобаларына, кен орнын әзірлеу жобаларына (оларға өзгерістер мен толықтыруларға), әзірлеу талдауларына мемлекеттік сараптама жүргізу мерзімі орталық комиссиясының шешімі бойынша ұзартылауы, бірақ үш айдан аспайтын мерзімге ұлғайтылуы мүмкін.
Қазақстан Республикасының көмірсутек кен орындарын барлау және әзірлеу жөніндегі орталық комиссия туралы ереженің 20-тармағына сәйкес Энергетика министрінің 2018 жылғы 28 мамырдағы № 214 бұйрығымен бекітілген, Орталық комиссияның сараптамалық қорытындысы отырыс өткізілген күннен бастап 10 (он) жұмыс күні ішінде ресімделеді. Сараптама қорытындысының көшірмесі «Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің 140-бабының 9-тармағы негізінде жер қойнауын пайдаланушыға оған (сараптама қорытындысына) қол қойылған күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде жіберіледі.