Хабарлама
Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігі «Жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларға және жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды қамтамасыз етуге тартылған қазақстандық және шетелдік кемелер мен қазақстандық әуе кемелерінің Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасын бірнеше рет кесіп өтуіне рұқсаттар беру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 2 желтоқсандағы № 760 қаулысына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы» қаулының жобасы Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің ресми интернет-ресурсында және «Ашық НҚА» интернет-порталында орналастырылғанын хабарлайды.
Осыған байланысты Министрлік аталған жобаны талқылауға шақырады.
Жоба ашық нормативтік құқықтық актілердің интернет-порталында және Министрліктің интернет-ресурсында орналастырылды.
(сілтемелер: https://legalacts.egov.kz/npa/view?id=14447958,
https://www.gov.kz/memleket/entities/energo/documents/details/458476?lang=kk )