Құрылым

Жер қойнауын пайдалану департаменті

Департамент міндеті: көмірсутектер шикізаты және уран өндіру бөлігінде жер қойнауын пайдалану саласындағы мемлекеттік саясатты қалыптастыруға және іске асыруға қатысу

Толығырақ

Директор:

- -

Телефон:

+7(7172) 78-69-44

Газ және мұнай-газ-химия департаменті

Газ және мұнай-газ химиясы департаменті мемлекеттік саясатты қалыптастыру мен іске асыруға, газ және газбен жабдықтау, газ тасымалдау, мұнай-газ-химия өнеркәсібін дамыту, мұнай-газ, мұнай-газ-химия өнеркәсібі, көмірсутек шикізатын тасымалдау салаларындағы техникалық реттеу саласындағы мемлекеттік басқару жүйесін жетілдіруге қатысады.

Толығырақ

Баспасөз қызметі

Қазақстан Республикасының Энергетика министрлігінің Баспасөз қызметі ведомствоның ақпараттық сүйемелденуін және энергетика саласындағы мемлекеттік саясаттың іске асырылуы туралы жұртшылықты уақтылы хабардар етуді қамтамасыз етеді. Сондай-ақ бұқаралық ақпарат құралдарымен өзара іс-қимылды ұйымдастырып, Министрліктің ресми коммуникациялық ресурстарын жүргізеді.

Толығырақ

Телефон:

+7(7172) 78 68 80

Электрондық пошта:

t.abdreshov@energo.gov.kz

Мұнай тасымалдау және өңдеу департаменті

Департамент мұнай өнімдерін өндіруді мемлекеттік реттеу және көмірсутек шикізатын тасымалдау салаларындағы мемлекеттік саясатты қалыптастыруға қатысады және оның іске асырылуын қамтамасыз етеді.

Толығырақ

Телефон:

+7 (7172) 786819

Электрондық пошта:

d.arykbayev@energo.gov.kz

Мұнай игеру және өндіру департаменті

Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Мұнайды игеру және өндіру департаменті мемлекеттік саясатты қалыптастыруға, іске асыруға қатысу көмірсутек шикізатын өндіру саласында мемлекеттік басқару жүйесін жетілдіру; Қашаған, Қарашығанақ және Теңіз ірі жобаларды іске асыру мониторингін жүзеге асыруға қатысу; мұнай-газ саласының әлеуметтік әріптестігін нығайтуға және дамытуға қатысу, саладағы әлеуметтік және еңбек қатынастарын реттеудің тиімді тетігін құру, әлеуметтік әріптестік тараптарының мүдделерін объективті есепке алу негізінде әлеуметтік тұрақтылық пен қоғамдық келісімді қамтамасыз етуге жәрдемдесуіне айналасады.

Департамент мынадай:

1) мұнай өндіруді мониторингтеу;

2) ірі жобаларды дамытуды мониторингтеу;

3) мұнай-газ саласындағы еңбек және әлеуметтік мәселелер жөніндегі басқармалардан тұрады.

Толығырақ

Телефон:

+7 7172 78 68 68

Электрондық пошта:

a.abilov@energo.gov.kz

Мұнай және газ салаларындағы мемлекеттік бақылау департаменті

Мұнай және газ салаларындағы мемлекеттік бақылау департаменті (бұдан әрі – Департамент) жер қойнауын пайдалану саласының көмірсутектер және уран өндіру бөлігінде, мұнай-газ, мұнай-газ химиясы өнеркәсібі, көмірсутектерді тасымалдау, мұнай өнімдерінің жекелеген түрлерін өндіру, газ және газбен жабдықтау, магистральдық құбырлар салаларында мемлекеттік саясатты іске асыруға қатысады.

 

Толығырақ

Телефон:

+7 (7172) 786959

Электрондық пошта:

a.izhanov@energo.gov.kz

ҚР ЭМ Мұнай-газ-химия және техникалық реттеу департаменті

Мұнай-газ химия және техникалық реттеу департаменті мемлекеттік саясатты қалыптастыруға және іске асыруға, мұнай-газ химиясы өнеркәсібін дамыту салаларында, мұнай-газ, мұнай-газ химиясы өнеркәсібі, көмірсутек шикізатын тасымалдау салаларында техникалық реттеу саласында мемлекеттік басқару жүйесін жетілдіруге қатысады

Толығырақ

Телефон:

+7 (7172) 786876

Электрондық пошта:

t.urkumbaev@energo.gov.kz

Электр энергетикасын дамыту департаменті

Электр энергетикасын дамыту департаменті (бұдан әрі – Департамент) Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің құрылымдық бөлімшесі болып табылады. Департамент электр энергетикасы, орталықтандырылған жылумен жабдықтау аймағында жылу энергиясын өндіруді жүзеге асыратын жылу электр орталықтары мен қазандықтар (автономды қазандықтардан басқа) бөлігінде жылумен жабдықтау салаларында мемлекеттік саясатты іске асыру мен қалыптастыруға қатысады.

Толығырақ

Телефон:

+77172789744

Электрондық пошта:

a.musin@energo.gov.kz

Жаңартылатын энергия көздері департаменті

Жаңартылатын энергия көздері Департаменттің міндеті жаңартылатын энергия көздерін дамыту саласында мемлекеттік саясатты қалыптастыру және іске асыру болып табылады.Департамент жаңартылатын энергия көздерін пайдалануды қолдау саласында мемлекеттік саясатты қалыптастыру бойынша ұсыныстар әзірлеумен, жаңартылатын энергия көздерін пайдалануды қолдау саласында басшылықты және салааралық үйлестіруді жүзеге асырумен, жаңартылатын энергия көздерін пайдалануды қолдау саласындағы нормативтік құқықтық актілерді әзірлеу мен келісуді жүзеге асырумен айналысады., электр және (немесе) жылу энергиясын өндіру үшін жаңартылатын энергия көздерін пайдалану саласындағы мемлекеттік стандарттарды жетілдіру, сондай-ақ жаңартылатын энергия көздерін пайдалану саласындағы халықаралық ынтымақтастықты жүзеге асыру жөнінде ұсыныстар енгізу арқылы жүзеге асырылады.

Толығырақ

Телефон:

+7 (7172) 78-97-33

Электрондық пошта:

a.turar@energo.gov.kz

Стратегиялық даму департаменті

Департамент ҚР Энергетика министрлігі реттейтін салаларда  мемлекеттік саясатты қалыптастыруды және іске асыруды, мемлекеттік басқару жүйесін жетілдіруді жүзеге асырады.

Стратегиялық жоспарлау, талдау және Министрліктің қызметін бағалау бөлігінде жұмысты ұйымдастырады, жобалық басқару жүйесін мемлекеттік басқару жүйесіне енгізу және оны жетілдіру процесіне қатысады, жетекшілік ететін салаларда инвестициялық жобаларды, соның ішінде мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобаларын іске асыру мәселелері бойынша құрылымдық бөлімшелердің жұмысын үйлестіреді.  

 

Толығырақ

Телефон:

+7 (7172) 78-68-76

Электрондық пошта:

b.musinov@energo.gov.kz

Жолданымдарды және орындаушылық тәртіпті бақылау департаменті

Жолданымдарды және орындаушылық тәртіпті бақылау департаменті өз құзыреті шегінде кіріс және шығыс хат-хабарларды тіркеуді, Қазақстан Республикасының Президенті, Мемлекеттік хатшы, Парламент, Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі, Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігі басшылығының және Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілері мен тапсырмаларының және басқа да бақылауда тұрған тапсырмалардың орындалу мерзімдерін бақылауды, жеке және заңды тұлғалардың өтініштер бойынша іс қағаздары жүргізумен және олардың қарау мерзімдерін бақылауды, ҚР Энергетика министрінің азаматтарды қабылдауды ұйымдастыруды, сондай-ақ Министрліктің орталық аппаратын материалдық қамтамасыз етуді жүзеге асырады.

Толығырақ

Телефон:

+7 (7172) 78-68-55

Электрондық пошта:

b.sovetovna@energo.gov.kz

Заң қызметі департаменті

Департамент өз құзыреті шегінде Министрліктің қызметінде заңдылықты қамтамасыз етуді, Министрлікте заңнаманы қолдану практикасын жалпылауды, Қазақстан Республикасының заңнамасын насихаттау және түсіндіруді, Министрлікте құқықтық жалпы оқытуды ұйымдастыруды, құқықтық актілердің, шарттардың, іс жүргізу құжаттарының, сондай-ақ заңдық сипаттағы басқа да құжаттардың жобаларын әзірлеуге қатысуды жүзеге асырады.

Толығырақ

Директор:

- -

Телефон:

8(7172) 78-69-40

Бюджет және қаржылық рәсімдер департаменті

Бюджет және қаржылық рәсімдер департаменті Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің бухгалтерлік есебін қалыптастыруды, орындауды және жүргізуді, бюджеттік қатынастар, мемлекеттік сатып алу, республикалық бюджетті атқару кезінде бюджеттік және бухгалтерлік есеп саласында үйлестіруді және әдіснамалық басшылықты, Министрліктің аппараты мен мемлекеттік мекемелерінің бухгалтерлік есебі мен қаржылық есептілігін жүргізуді қамтамасыз етуді жүзеге асырады., Министрліктің мемлекеттік активтерді басқару саласындағы мемлекеттік саясатын қалыптастыру мен іске асыруды қамтамасыз ету және Мемлекеттік сатып алу саласындағы іс-шараларды қалыптастыру мен іске асыруды қамтамасыз ету.

Толығырақ

Телефон:

+ 7 (7172) 78-69-56

Электрондық пошта:

k.baidalieva@energo.gov.kz

Халықаралық ынтымақтастық департаменті

Департамент энергетика саласындағы халықаралық ынтымақтастық және экономикалық интеграциялық процестер мәселелері бойынша мемлекеттік саясатты әзірлеуге және іске асыруға қатысады.

 

Толығырақ

Телефон:

8(7172) 789928

Электрондық пошта:

t.karashev@energo.gov.kz

Цифрландыру департаменті

Департамент цифрлық технологияларды цифрландыру және енгізу жөніндегі, сондай – ақ есептеу техникасының қазіргі заманғы құралдарын және озық ақпараттық технологияларды пайдалана отырып, Министрліктің мемлекеттік ақпараттық жүйелерін және Министрлікке ведомстволық бағынысты ұйымдарда ақпараттық жүйелерді құру, енгізу, пайдалану және дамыту жөніндегі жұмыстарды жоспарлау және үйлестіру бойынша жұмыстарды өткізеді. Компьютерлік техника мен бағдарламалық өнімдерді, жүйелік-есептеу техникасын сүйемелдеуді, алдын алуды, жедел қызмет көрсетуді және техникалық жай-күйін тексеруді, пайдаланушылардың жұмыс станцияларын сүйемелдеуді, желілік қосылыстарды бақылауды, серверлерді әкімшілендіруді және Министрліктің орталық аппаратын бағыттауды, оның ішінде сыртқы мамандандырылған ұйымдармен шарт негізінде ұйымдастырады.

Толығырақ

Телефон:

78-69-99

Электрондық пошта:

y.koshkarov@energo.gov.kz

Кадрлық саясат департаменті

Департамент Министрліктің персоналды басқарудың тұтас жүйесін қалыптастыруды; Министрліктің персоналды басқарудың тұтас жүйесі шеңберінде мемлекеттік қызметті өткеруді; Министрлікте ұжымдық мәдениетті қалыптастыру және қолайлы әлеуметтік-психологиялық еңбек ахуалын дамытуды; Департамент құзыреті шегінде ұйымдастыру мәселелері бойынша Министрліктің қызметін ұйымдастыруды қамтамасыз етеді.

Толығырақ

Телефон:

78-69-02

Электрондық пошта:

zh.khasen@energo.gov.kz

Әкімшілік жұмысы департаменті

Департаментөзқұзыретішегінде Министрліктің әкімшілікғимаратынпайдаланудыМинистрлікқызметініңүздіксіз жұмыс істеуінқамтамасыз етуді жүзеге асырады, Министрліктіңорталықаппаратыныңақпараттықкоммуникациялықинфрақұрылымдықұрудамытужәне оған қызмет көрсету қажеттілігінқамтамасыз етеді

Толығырақ

Қауіпсіздік өзекті мәселелері департаменті

Қауіпсіздік өзекті мәселелері департаменті

Толығырақ

Телефон:

+7 (7172) 786870

Электрондық пошта:

n.kalauov@energo.gov.kz