Меню

Контакты для связи
Телефон приемной:
E-mail:
t.karashev@energo.gov.kz
Аккаунты соц. сетей:
Қарашев Талғат Қалымбекұлы
Халықаралық ынтымақтастық департаментінің директоры
Общая информация, образование

Қарашев Талғат Қалымбекұлы, 1986 жылы 1 мамырда Шығыс Қазақстан облысы, Үржар ауданында дүниеге келді.

2007 жылы Л. Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің экономика факультетін экономист-бакалавр мамандығы бойынша бітірді. 

Карьера

Өзінің еңбек жолын Т.Қарашев 2008 жылы «2011 жылғы 7-ші Қысқы Азия ойындарын ұйымдастыру комитетінің атқарушы дирекциясы» АҚ-да бастады. Ол хаттамалық-ұйымдастыру іс-шараларының жоспарларын және ресми адамдар/делегациялардың келу бағдарламаларын ұйымдастыру және үйлестіру, Хаттама жоспарын әзірлеуді жүзеге асыру міндетерін атқарды. 2009 жылы ұйымның Хаттама қызметінің басшысы лауазымына тағайындалды.

2011 жылдың желтоқсан айынан бастап KAZENERGY қауымдастығында жұмыс істей бастады. 2014 жылдың маусым айынан 2018 жылдың наурыз айына дейін Қауымдастықтың халықаралық ынтымақтастық департаментінің директоры болды. Оған лауазымдық міндеттері аясында Дүниежүзілік мұнай кеңесі, Дүниежүзілік Энергетика кеңесі, IRENA, UNECE және басқа да маңызды халықаралық ұйымдармен ынтымақтастық үшін жауаптылық міндеттері жүктелді. KAZENERGY Еуразиялық форумын дайындау және өткізу бойынша жобаның кураторы қызметін атқарды.

Энергетика саласын дамыту бойынша үйлестіру кеңестерін дайындау бойынша ұйымдастыру жұмыстарын жүргізді.

Дүниежүзілік энергетикалық кеңеспен өзара іс-қимыл шеңберінде 2014 ж., 2021 ж. Нұр-Сұлтан қаласында Әлемдік энергетика көшбасшылары саммитінің отырыстары өтті. 

2018 жылдан 2022 жылға дейін KAZENERGY қауымдастығының атқарушы директоры қызметін атқарды, халықаралық ынтымақтастық, хаттама және қауымдастық мүшелерімен өзара іс-қимыл департаменттеріне, сондай-ақ баспасөз қызметіне жетекшілік етті.

Дүниежүзілік мұнай кеңесі және Дүниежүзілік энергетикалық кеңес жанындағы Қазақстан Ұлттық Комитетінің Бас хатшысы, 2018-2020 жылдары  БҰҰ ЕЭК Тұрақты энергетика жөніндегі бюросының Вице-төрағасы болды.

«Құрмет грамотасы» мемлекеттік наградасымен, сондай-ақ салалық наградалармен, KAZENERGY қауымдастығының медалімен және Қазақстан мұнай-газ саласының 120 жылдығына арналған медальмен марапатталды.

 

Социальные медиа

Instagram
Facebook
Telegram

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы