«Бәйтерек ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі Еңбекшіқазақ ауданының Бәйтерек ауылдық округі әкімінің қызметін қамтамасыз ететін және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де функцияларды жүзеге асыратын мемлекеттік мекеме болып табылады. «Бәйтерек ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы «Бәйтерек ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі туралы ережеге сәйкес жүзеге асырады. «Бәйтерек ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі мемлекеттік мекеменің ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттік тілде өз атауы бар мөрі мен мөртаңбалары, белгіленген үлгідегі бланкілер, қазынашылық органдарында шоттары болады.
| Мекен жайы | Еңбекшіқазақ ауданы, Бәйтерек ауылдық округі, Бәйтерек ауылы, Әлмерек абыз 32 |
| Телефон | 87277551335 |
| Эл поштасы | enbbaiterek@mail.ru |



Онлайн қабылдау
Бұл бөлімде сұрақтарыңызды талқылау және мәселелерді шешу үшін сізге жедел байланысуға мүмкіндік беретін ақпарат пен сервистер жинақталған


