"Жер учаскесін алу үшін кезекке қою" мемлекеттік қызметін көрсету қағидалары

Қазақстан Республикасының
Ауыл шаруашылығы
министрінің
2020 жылғы 1 қазаны
№ 301 бұйрығына
15-қосымша

"Жер учаскесін алу үшін кезекке қою" мемлекеттік қызметін көрсету қағидалары

  1. Осы "Жер учаскесін алу үшін кезекке қою" мемлекеттік қызметін көрсету қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" 2013 жылғы 15 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Заң) 10-бабының1) тармақшасына сәйкес әзірленді және "Жер учаскесін алу үшін кезекке қою" мемлекеттік қызметін (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет) көрсету тәртібін айқындайды.
  2. Осы Қағидаларда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:

      1) жеке кабинет – "электрондық үкімет" веб-порталындағы пайдаланушының кабинеті;

      2) мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты – мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын, мемлекеттік қызмет көрсету ерекшеліктері ескеріле отырып, қызмет көрсету процесінің сипаттамаларын, нысанын, мазмұны мен нәтижесін, сондай-ақ өзге де мәліметтерді қамтитын негізгі талаптар тізбесі;

      3) "электрондық үкімет" веб-порталы (бұдан әрі – Портал) – нормативтік құқықтық базаны қоса алғанда, бүкіл шоғырландырылған үкіметтік ақпаратқа және электрондық нысанда көрсетілетін мемлекеттік қызметтерге, табиғи монополиялар субъектілерінің желілеріне қосуға техникалық шарттарды беру жөніндегі қызметтерге және квазимемлекеттік сектор субъектілерінің қызметтеріне қол жеткізудің бірыңғай терезесі болып табылатын ақпараттық жүйе;

      4) электрондық цифрлық қолтаңба (бұдан әрі – ЭЦҚ) – электрондық цифрлық қолтаңба құралдарымен жасалған және электрондық құжаттың дұрыстығын, оның тиесілілігін және мазмұнының өзгермейтіндігін растайтын электрондық цифрлық нышандар жиыны.

2-тарау. Мемлекеттік қызметін көрсету тәртібі

  1. Мемлекеттік қызметті облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың, аудандардың, облыстық маңызы бар қалалардың, аудандық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдары, кент, ауыл, ауылдық округ әкімі (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.
  2. Мемлекеттік қызметті алу үшін жеке тұлғалар (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті алушы) көрсетілетін қызметті берушіге кеңсесі немесе портал арқылы мыналарды жолдайды:

      көрсетілетін қызметті берушіге жүгінген жағдайда:

      1) осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша жер учаскесін алу үшін кезекке қоюға арналған өтініш;

      2) жеке басын куәландыратын құжат ( жеке басын сәйкестендіру үшін);

      порталға жүгінген жағдайда:

      мемлекеттік көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ-сымен куәландырылған осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша жер учаскесін алу үшін кезекке қоюға арналған электрондық нысандағы өтініш.

  1. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінің сипаттамасын, нысанын, мазмұны мен нәтижесін, сондай-ақ мемлекеттік қызмет көрсету ерекшеліктерін ескере отырып, өзге де мәліметтерді қамтитын қажетті құжаттар мен мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесі осы Қағидаларға 2-қосымшағасәйкес "Жер учаскесін алу үшін кезекке қою" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартында баяндалған.

      Жеке басын куәландыратын құжат туралы, заңды тұлғаны тіркеу (қайта тіркеу) туралы, дара кәсіпкерді тіркеу туралы не жылжымайтын мүлікке меншік құқығын растайтын дара кәсіпкер ретінде қызметінің басталғаны туралы, жер учаскесіне құқық белгілейтін және сәйкестендіру құжаттары, жер учаскесіне ауыртпалықтың жоқтығы туралы мәліметтерді көрсетілетін қызметті беруші тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден "электрондық үкімет" шлюзі арқылы талап етеді.

  1. Көрсетілетін қызметті алушының жеке кабинетіне мемлекеттік қызмет көрсетуге арналған сұранымның қабылданғаны туралы мәртебе, сондай-ақ мемлекеттік қызмет көрсету күні мен уақыты көрсетілген хабарлама жіберіледі.

      Көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесінде қағаз тасығышта құжаттарды қабылдағанды растау олардың көшірмесінде күнін, уақытын (сағаты, минуты) көрсете отырып соғылған белгі болып табылады.

  1. Көрсетілетін қызметті беруші кеңсесінің қызметкері 15 (он бес) минут ішінде кеңсеге не портал арқылы келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының өтінішін қабылдайды, тіркейді және оны көрсетілетін қызметті берушінің басшысына береді.

      Көрсетілетін қызметті алушы 2015 жылғы 23 қарашадағы Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне сәйкес жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, демалыс және мереке күндері жүгінген жағдайда, өтінішті қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін беру келесі жұмыс күні жүзеге асырылады.

  1. Көрсетілетін қызметті берушінің басшысы 1 (бір) жұмыс күні ішінде құжаттармен танысады, өтінішке қарар қояды, жер қатынастары жөніндегі уәкілетті органға жолдайды.
  2. Жер қатынастары жөніндегі уәкілетті органның орындаушысы 9 (тоғыз) жұмыс күні ішінде құжаттарды қарастырады және өтінішті арнайы есепке алу туралы хабарламаны не мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы уәжді жауап рәсімдейді.
  3. Жер қатынастары жөніндегі уәкілетті органның басшысы 1 (бір) жұмыс күні ішінде өтінішті арнайы есепке алу туралы хабарламаға не мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы уәжді жауапқа қол қояды.
  4. Жер қатынастары жөніндегі уәкілетті органның кеңсесінің қызметкері 15 (он бес) минут ішінде жер учаскесін кезекке қою туралы мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін не мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы уәжді жауапты тіркейді және нәтижені көрсетілетін қызметті алушыға жолдайды.

      Көрсетілетін қызметті алушы портал арқылы жүгінген жағдайда, жер қатынастары жөніндегі уәкілетті органның басшысының ЭЦҚ-сы қойылған электрондық құжат нысанында көрсетілетін қызметті алушының жеке кабинетіне жолдайды.

  1. Көрсетілетін қызметті беруші мемлекеттік қызметтер көрсету мониторингінің ақпараттық жүйесіне мемлекеттік қызмет көрсету сатысы туралы деректердің енгізілуін қамтамасыз етеді.
  2. Ақпараттық жүйе істен шыққан жағдайда, көрсетілетін қызметті беруші көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшесінің ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымға жауапты қызметкерін дереу хабардар етеді.

      Бұл жағдайда ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымға жауапты қызметкер техникалық проблема туралы хаттама жасайды және оған көрсетілетін қызметті беруші қол қояды.

  1. Мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тартуға мыналар негіз болып табылады:

      1) көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін ұсынған құжаттарының және (немесе) олардағы деректердің (мәліметтердің) дұрыс еместігінің анықталуы;

      2) көрсетілетін қызметті алушының және (немесе) мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті ұсынылған деректердің және мәліметтердің 2003 жылғы 20 маусымдағы Қазақстан Республикасы Жер кодексінің 44-1-бабының 8-тармағының он бірінші және он екінші бөліктерімен белгіленген талаптарға сәйкес келмеуі.

3-тарау. Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша көрсетілетін қызметті берушілердің және (немесе) олардың лауазымды адамдарының шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібі

  1. Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша көрсетілетін қызметті берушінің шешіміне, әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағым көрсетілетін қызметті беруші басшысының атына, мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органға беріледі.

      Көрсетілетін қызметті берушінің мекенжайына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы Заңның 25-бабының 2-тармағына сәйкес тіркелген күнінен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде қаралуы тиіс.

      Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның атына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы тіркелген күнінен бастап 15 (он бес) жұмыс күні ішінде қаралуы тиіс.

  1. Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелерімен келіспеген жағдайда, көрсетілетін қызметті алушы Заңның 4-бабы 1-тармағының6) тармақшасына сәйкес сотқа жүгінеді.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Бәйтерек  ауылдық округінің әкімі

А.Нурлановқа

__________________________________
(жеке тұлғаның аты, әкесінің
аты (бар болса), тегі,
__________________________________
жеке сәйкестендіру нөмірі не
бизнес-сәйкестендіру нөмірі,
__________________________________
жеке тұлғаның немесе заңды
тұлға өкілінің жеке
басын куәландыратын құжаттың
деректемелері,
__________________________________
байланыс телефоны (бар болса),

__________________________________
тұрғылықты мекенжайы  ))

Жер учаскесін алу үшін кезекке қоюға арналған өтініш

     

 Бәйтерек  а/о мекенжайы бойынша орналасқан, алаңы 0,10 гектар,

     жеке тұрғын үй құрылсын жүргізу үшін арналған жер учаскесін алу үшін кезекке қоюды сұраймын.

 

      Ақпараттық жүйелерде қамтылған заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді пайдалануға келісім беремін.

      Көрсетілетін қызметті алушы ___________________________________________________________________________

                                                      (жеке тұлғаның аты, әкесінің аты (бар болса), тегі, қолы, күні)

         

      Көрсетілетін қызметті алушының қолы (көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесіне жүгінген жағдайда/ көрсетілетін қызметті алушының электрондық цифрлық қолтаңбасы ("электрондық үкімет" веб-порталы арқылы жүгінген жағдайда)

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

"Жер учаскесін алу үшін кезекке
қою" мемлекеттік қызметін
көрсету қағидаларына
2-қосымша

"Жер учаскесін алу үшін кезекке қою" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты

1

Көрсетілетін қызметті берушінің атауы

Облыстардың, Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалаларының, аудандардың, облыстық маңызы бар қалалардың, аудандық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдары, кент, ауыл, ауылдық округ әкімі (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші).

2

Мемлекеттік қызмет көрсету тәсілдері (қолжетімділік арналары)

1) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі;
2) www.egov.kz "электрондық үкімет" веб-порталы (бұдан әрі – портал).

3

Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі

12 (он екі) жұмыс күні.

4

Мемлекеттік қызмет көрсету нысаны

Электрондық және қағаз түрінде.

5

Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі

Көрсетілетін қызметті берушінің өтінішті арнайы есепке қойғаны туралы хабарламасы не мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы уәжді жауап.

6

Мемлекеттік қызмет көрсету кезінде көрсетілетін қызметті алушыдан алынатын төлем мөлшері және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда оны алу тәсілдері

Тегін.

7

Жұмыс кестесі

1) көрсетілетін қызметті берушіде – 2015 жылғы 23 қарашадағы Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне (бұдан әрі – Кодекс) сәйкес демалыс және мереке күндерін қоспағанда, дүйсенбіден бастап жұманы қоса алғанда, сағат 13.00-ден 14.30-ға дейінгі түскі үзіліспен, сағат 9.00-ден 18.30-ға дейін.
2) порталда – жөндеу жұмыстарын жүргізуге байланысты техникалық үзілістерді қоспағанда, тәулік бойы (көрсетілетін қызметті алушы Кодекске сәйкес жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, демалыс және мереке күндері жүгінген жағдайда, өтініш қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін беру келесі жұмыс күні жүзеге асырылады).
Мемлекеттік қызмет көрсету орындарының мекенжайлары:
1) Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің www.gov.kz интернет-ресурсында
2) порталда орналасқан.

8

Мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті құжаттар тізбесі

Көрсетілетін қызметті алушының көрсетілетін қызметті берушіге жүгінген жағдайда:
1) нысанға бойынша жер учаскесін алу үшін кезекке қоюға арналған өтініш;
2) жеке басын куәландыратын құжат ( жеке басын сәйкестендіру үшін);
порталға: мемлекеттік көрсетілетін қызметті алушының электрондық цифрлық қолтаңбасымен куәландырылған жер учаскесін алу үшін кезекке қоюға арналған электрондық нысандағы өтініш.

9

Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тартуға арналған негіздер

1) көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін ұсынған құжаттарының және (немесе) олардағы деректердің (мәліметтердің) дұрыс еместігінің анықталуы;
2) көрсетілетін қызметті алушының және (немесе) мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті ұсынылған деректердің және мәліметтердің Қазақстан Республикасының Жер кодексінің 2003 жылғы 20 маусымдағы 44-1-бабының 8-тармағының он бірінші және он екінші бөліктерімен белгіленген талаптарға сәйкес келмеуі.

10

Мемлекеттік қызмет көрсету, оның ішінде электрондық нысанда және Мемлекеттік корпорация арқылы көрсетілетін мемлекеттік қызмет көрсету ерекшеліктері ескеріле отырып, қойылатын өзге де талаптар

Көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі мен мәртебесі туралы ақпаратты қашықтықтан қол жеткізу режимінде порталдағы "жеке кабинеті", сондай-ақ бірыңғай байланыс орталығы арқылы алуға мүмкіндігі бар.
Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері жөніндегі анықтамалық қызметтердің байланыс телефондары порталда көрсетілген. Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері жөніндегі қызметтердің бірыңғай байланыс телефондары: 1414, 8 800 080 7777.

 

 

Дата публикации
14 июня 2023