"Елді мекендер шегінде объектілер салу үшін жер учаскелерін беру" мемлекеттік қызметін көрсету қағидалары

Қазақстан Республикасының
Ауыл шаруашылығы
министрінің
2020 жылғы 1 қазаны
№ 301 бұйрығына
9-қосымша

"Елді мекендер шегінде объектілер салу үшін жер учаскелерін беру" мемлекеттік қызметін көрсету қағидалары

1-тарау. Жалпы ережелер

  1. Осы "Елді мекендер шегінде объектілер салу үшін жер учаскелерін беру" мемлекеттік қызметін көрсету қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" 2013 жылғы 15 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Заң) 10-бабының1) тармақшасына сәйкес әзірленді және "Елді мекендер шегінде объектілер салу үшін жер учаскелерін беру" мемлекеттік қызметін (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет) көрсету тәртібін айқындайды.
  2. Осы Қағидаларда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:

      1) жеке кабинет – "электрондық үкіметтің" веб-порталындағы пайдаланушының кабинеті;

      2) жергілікті атқарушы органдардың шешімдері – облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың, аудандардың, облыстық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдарының, сондай-ақ аудандық маңызы бар қалалар, кенттер, ауылдар, ауылдық округтер әкімдерінің жер учаскесіне құқық беру туралы құқықтық актілері;

      3) жер қатынастары жөніндегі уәкілетті орган – облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың, ауданның, облыстық маңызы бар қаланың жергілікті атқарушы органдарының жер қатынастары саласындағы функцияларды жүзеге асыратын құрылымдық бөлімшесі;

      4) жер учаскесі – 2003 жылғы 20 маусымдағы Қазақстан Республикасының Жер кодексінде (бұдан әрі – Кодекс) белгіленген тәртіппен жер қатынастары субъектілеріне бекітіліп берілетін, тұйық шекарада бөлінген жер бөлігі;

      5) жер учаскесінің жер-кадастрлық жоспары (бұдан әрі – жер-кадастрлық жоспар) – елді мекен шегінде құрылыс мақсаттары үшін берілетін жер учаскесінің жер, құқықтық және қала құрылысы кадастрларын жүргізу мақсаттары үшін қажетті сәйкестендіру сипаттамаларын қамтитын құжат;

      6) құрылыс қызметі (бұдан әрі – құрылыс) – жаңа объектілер салу және (немесе) бар объектілерді (үйлерді, ғимараттар мен олардың кешендерін, коммуникацияларды) өзгерту (кеңейту, жаңғырту, техникамен қайта жарақтандыру, реконструкциялау, қалпына келтіру, күрделі жөндеу), олармен байланысты технологиялық және инженерлік жабдықтарды монтаждау (бөлшектеу), құрылыс материалдарын, бұйымдар мен конструкцияларын дайындау (өндіру), сондай-ақ аяқталмаған объектілер құрылысын консервациялау мен өз ресурстарын тауысқан объектілерді кейіннен кәдеге жарату жұмыстарын жүзеге асыру жолымен өндірістік және өндірістік емес негізгі қорларды құру жөніндегі қызмет;

      7) мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты – мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын, мемлекеттік қызмет көрсету ерекшеліктері ескеріле отырып, қызмет көрсету процесінің сипаттамаларын, нысанын, мазмұны мен нәтижесін, сондай-ақ өзге де мәліметтерді қамтитын негізгі талаптар тізбесі;

      8) "электрондық үкіметтің" веб-порталы (бұдан әрі – портал) – нормативтік құқықтық базаны қоса алғанда, бүкіл шоғырландырылған үкіметтік ақпаратқа және электрондық нысанда көрсетілетін мемлекеттік қызметтерге, табиғи монополиялар субъектілерінің желілеріне қосуға техникалық шарттарды беру жөніндегі қызметтерге және квазимемлекеттік сектор субъектілерінің қызметтеріне қол жеткізудің бірыңғай терезесі болып табылатын ақпараттық жүйе;

      9) электрондық цифрлық қолтаңба (бұдан әрі – ЭЦҚ) – электрондық цифрлық қолтаңба құралдарымен жасалған және электрондық құжаттың дұрыстығын, оның тиесілілігін және мазмұнының өзгермейтіндігін растайтын электрондық цифрлық нышандар жиыны.

2-тарау. Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі

  1. Мемлекеттік көрсетілетін қызметті облыстардың, республикалқ маңызы бар калалардың, астананың, аудандардың және облыстық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдары, аудандық маңызы бар қалалардың, кенттердің, ауылдардың, ауылдық округтердің әкімдері (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.
  2. Мемлекеттік қызметті алу үшін жеке және заңды тұлғалар (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті алушы) портал арқылы көрсетілетін қызметті берушіге мыналарды жолдайды:

      бірінші кезең:

      1) осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ-мен куәландырылған электрондық құжат нысанындағы елді мекен шегінде объект салу үшін жер учаскесін беруге арналған өтініш;

      2) жер учаскесінің орналасқан жері схемасының электрондық көшірмесі.

      Екінші кезең: түпкілікті келісілген таңдау актісі.

      Ақпараттық жүйелерден алуға болатын құжаттарды көрсетілетін қызметті алушылардан талап етуге жол берілмейді.

  1. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінің сипаттамасын, нысанын, мазмұны мен нәтижесін, сондай-ақ мемлекеттік қызмет көрсету ерекшеліктерін ескере отырып, өзге де мәліметтерді қамтитын қажетті құжаттар мен мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесі осы Қағидаларға 2-қосымшағасәйкес "Елді мекендер шегінде объектілер салу үшін жер учаскелерін беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартында баяндалған.

      Жеке басын куәландыратын құжат туралы, заңды тұлғаны тіркеу (қайта тіркеу) туралы, дара кәсіпкерді тіркеу туралы не жылжымайтын мүлікке меншік құқығын растайтын дара кәсіпкер ретінде қызметінің басталғаны туралы, жер учаскесіне құқық белгілейтін және сәйкестендіру құжаттары туралы, жер учаскесіне ауыртпалықтың жоқтығы туралы мәліметтерді көрсетілетін қызметті беруші тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден "электрондық үкіметтің" шлюзі арқылы талап етеді.

      Көрсетілетін қызметті алушының жеке кабинетіне мемлекеттік қызмет көрсетуге арналған сұранымның қабылданғаны туралы мәртебе, сондай-ақ мемлекеттік қызмет көрсету күні мен уақыты көрсетілген хабарлама жіберіледі.

      Көрсетілетін қызметті алушы 2015 жылғы 23 қарашадағы Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне сәйкес жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, демалыс және мереке күндері жүгінген жағдайда, өтініш қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін беру келесі жұмыс күні жүзеге асырылады.

  1. Көрсетілетін қызметті беруші мемлекеттік қызметті екі кезеңде көрсетеді.

      Бірінші кезең: жер учаскесін таңдау актісін, оның ахуалдық схемасымен, сәулет-жоспарлау тапсырмасын дайындау – 28 (жиырма сегіз) жұмыс күні ішінде:

      1) көрсетілетін қызметті беруші кеңсесінің қызметкері келіп түскен құжаттарды 15 (он бес) минут ішінде тіркейді және көрсетілетін қызметті берушінің басшылығына қарауға береді;

      2) көрсетілетін қызметті берушінің басшылығы 1 (бір) жұмыс күні ішінде құжаттарды қарайды және сәулет және қала құрылысы саласындағы уәкілетті органға жолдайды;

      3) сәулет және қала құрылысы саласындағы уәкілетті органның басшысы құжаттарды қарайды, құжаттар келіп түскен күні жауапты орындаушыны айқындайды;

      4) сәулет және қала құрылысы саласындағы уәкілетті органның жауапты орындаушысы:

      7 (жеті) жұмыс күні ішінде жер учаскесін таңдау актісін, оның ахуалдық схемасымен, сәулет-жоспарлау тапсырмасын дайындайды және бір мезгілде барлық мүдделі мемлекеттік органдарға, тиісті қызметтерге, табиғи монополиялар субъектілеріне және "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясына (бұдан әрі – Мемлекеттік корпорация) мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйелері арқылы не келісуші органдарда осы жүйелер болмаған кезде қағаз жеткізгіштерде келісуге жібереді;

      келісуші органдар 12 (он екі) жұмыс күні ішінде жер учаскесін мәлімделген нысаналы мақсаты бойынша беру мүмкіндігі туралы тиісті қорытындыны ұсынады;

      табиғи монополиялар субъектілері техникалық шарттарды алу үшін ахуалдық схемасын алған күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде инженерлік желілерге қосуға арналған техникалық шарттарды дайындайды және ұсынады;

      5) оң қорытындылар келіп түскен жағдайда – сәулет және қала құрылысы саласындағы уәкілетті орган 5 (бес) жұмыс күні ішінде сәулет-жоспарлау тапсырмасын, инженерлік желілерге қосуға арналған техникалық шарттарды бере отырып, жер учаскесін таңдаудың түпкілікті актісін дайындайды және жолдайды;

      6) теріс шешім болған жағдайда – сәулет және қала құрылысы саласындағы уәкілетті орган 1 (бір) жұмыс күні ішінде мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы уәжді жауаптың жобасын дайындайды және сәулет және қала құрылысы саласындағы уәкілетті органның басшысына қол қоюға жолдайды;

      7) сәулет және қала құрылысы саласындағы уәкілетті органның басшысы 1 (бір) жұмыс күні ішінде түпкілікті таңдау актісін не мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы уәжді жауапты қарайды және оған қол қояды;

      8) сәулет және қала құрылысы саласындағы уәкілетті органның жауапты орындаушысы портал арқылы көрсетілетін қызметті алушының жеке кабинетіне ЭЦҚ қойылған электрондық құжат нысанында көрсетілетін қызметті алушымен келісу үшін Мемлекеттік корпорация ұсынған түпкілікті таңдау актісін және жер-кадастрлық жоспарды дайындауға арналған шотты (сметаны) не мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы уәжді жауапты жібереді.

      Көрсетілетін қызметті алушы түпкілікті таңдау актісін келісуді және оның жер-кадастрлық жұмыстар қызметтеріне ақы төлеуді 3 (үш) жұмыс күні ішінде жүзеге асырады. Көрсетілетін қызметті алушы келіспеген таңдау актісінің қолданылу мерзімі 10 (он) жұмыс күнін құрайды. Көрсетілген мерзім өткеннен кейін Мемлекеттік корпорация көрсетілетін қызметті алушыны хабардар ете отырып, келісілмеген таңдау актісін жою үшін сәулет және қала құрылысы саласындағы функцияларды жүзеге асыратын тиісті жергілікті атқарушы органның құрылымдық бөлімшесіне қайтарады.

      Екінші кезең: көрсетілетін қызметті алушы түпкілікті таңдау актісін келіскен және жер-кадастрлық жұмыстар бойынша көрсетілетін қызметтерге ақы төлеген кезде – 18 (он сегіз) жұмыс күні ішінде жер учаскесіне жер пайдалану құқығын беру туралы шешім шығару:

      1) Мемлекеттік корпорация 10 (он) жұмыс күні ішінде жер-кадастрлық жоспарды дайындайды және оны жер қатынастары саласындағы уәкілетті органға жолдайды;

      2) жер қатынастары саласындағы уәкілетті органның басшысы 3 (үш) жұмыс күні ішінде жер-кадастрлық жоспарды қарайды, бекітеді және жер қатынастары саласындағы уәкілетті органның жауапты орындаушысын айқындайды;

      3) жер қатынастары саласындағы уәкілетті органның жауапты орындаушысы 3 (үш) жұмыс күні ішінде көрсетілетін қызметті берушінің жер учаскесіне құқық беру туралы шешімінің жобасын дайындайды.

      Кент, ауыл, ауылдық округтер әкімдері шешім (өкім) қабылдаған жағдайда, бекітілген жер-кадастрлық жоспар көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесіне жіберіледі;

      4) көрсетілетін қызметті берушінің басшылығы 1 (бір) жұмыс күні ішінде жер учаскесіне құқық беру туралы шешімінің жобасын қарайды және оған қол қояды;

      5) көрсетілетін қызметті беруші кеңсесінің қызметкері 15 (он бес) минут ішінде мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін тіркейді және портал арқылы көрсетілетін қызметті алушының жеке кабинетіне көрсетілетін қызметті берушінің ЭЦҚ-сы қойылған электрондық құжат нысанында жолдайды.

  1. Көрсетілетін қызметті беруші мемлекеттік қызметтер көрсету мониторингінің ақпараттық жүйесіне мемлекеттік қызмет көрсету сатысы туралы деректердің енгізілуін қамтамасыз етеді.
  2. Ақпараттық жүйе істен шыққан жағдайда, көрсетілетін қызметті беруші көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшесінің ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымға жауапты қызметкерін дереу хабардар етеді.

      Бұл жағдайда ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымға жауапты қызметкер техникалық проблема туралы хаттама жасайды және оған көрсетілетін қызметті беруші қол қояды.

  1. Мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тартуға мыналар негіз болып табылады:

      1) көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін ұсынған құжаттарының және (немесе) олардағы деректердің (мәліметтердің) дұрыс еместігінің анықталуы;

      2) көрсетілетін қызметті алушының және (немесе) мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті ұсынылған материалдардың, деректердің және мәліметтердің Кодекстің 43-бабының 3-тармағының алтыншы бөлігінде және 6-1-тармағында, 49-2-бабының 6-тармағының екінші бөлігінде, 50-бабының 2 және 2-1-тармақтарында белгіленген талаптарға сәйкес келмеуі;

      3) Кодекстің 44-1-бабының 4-тармағына сәйкес мемлекеттік қызмет көрсету үшін талап етілетін келісу туралы сұранымға келісуші органдардың теріс жауабы.

3-тарау. Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша көрсетілетін қызметті берушілердің және (немесе) олардың лауазымды адамдарының шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібі

  1. Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша көрсетілетін қызметті берушінің шешіміне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым көрсетілетін қызметті беруші басшысының атына, мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органға беріледі.

      Көрсетілетін қызметті берушінің атына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы Заңның 25-бабының 2-тармағына сәйкес тіркелген күнінен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде қаралуы тиіс.

      Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның атына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы тіркелген күнінен бастап 15 (он бес) жұмыс күні ішінде қаралуы тиіс.

  1. Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелерімен келіспеген жағдайда, көрсетілетін қызметті алушы Заңның 4-бабы 1-тармағының6) тармақшасына сәйкес сотқа жүгінеді.

 

 

 

 

 

 

"Елді мекен шегінде объект салу
үшін жер учаскесін беру"
мемлекеттік көрсетілетін қызмет
стандартына
1-қосымша

Нысан

Қаракемер ауылдық округінің әкімі

А.Н.Нурлановқа

(кімнен):
_______________________
(жеке тұлғаның аты, әкесінің
аты (бар болса), тегі

____________________________
жеке сәйкестендіру нөмірі не
бизнес-сәйкестендіру нөмірі
____________________________
(жеке тұлғаның немесе
заңды тұлға өкілінің жеке
басын куәландыратын
құжаттың деректемелері,
____________________________
байланыс телефоны (бар болса),
____________________________
тұрғылықты мекенжайы
____________________________

 

Елді мекен шегінде объект салу үшін жер учаскесін беруге арналған өтініш

 

      ______________________________________________________ мекенжайы

                  (жер учаскесінің мекенжайы (орналасқан жері))

      бойынша _________ гектар алаңда орналасқан, ___________________________

                                                (жер учаскесінің нысаналы мақсаты)

      арналған жер учаскесіне уақытша өтеулі (өтеусіз) жер пайдалану құқығын

      беруіңізді сұраймын.

      Ақпараттық жүйелерде қамтылған заңмен қорғалатын құпияны құрайтын

      мәліметтерді пайдалануға келісім беремін.)

      Күні __________

      Көрсетілетін қызметті алушы ______________________________________

      ____________________________________________________________________

                  (жеке тұлғаның не заңды тұлғаның уәкілетті өкілінің аты, әкесінің аты

                        (бар болса), тегі, электрондық цифрлық қолтаңбасы)

 

 

 

 

 

 

 

 

"Елді мекендер шегінде
объектілер салу үшін жер
учаскелерін беру" мемлекеттік
қызметін көрсету қағидаларына
2-қосымша

 

«Елді мекендер шегінде объектілер салу үшін жер учаскелерін беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты

1

Көрсетілетін қызметті берушінің атауы

Облыстардың, Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалаларының, аудандардың және облыстық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдары, аудандық маңызы бар қалалардың, кенттердің, ауылдардың, ауылдық округтердің әкімдері (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші).

2

Мемлекеттік қызмет көрсету тәсілдері (қолжетімділік арналары)

www.egov.kz "электрондық үкімет" веб-порталы (бұдан әрі – портал).

3

Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі

Бірінші кезең: келісуші органдар мен ұйымдардың оң қорытындыларымен жер учаскесін таңдау актісін дайындау – 28 (жиырма сегіз) жұмыс күні ішінде.
Екінші кезең: көрсетілетін қызметті алушы түпкілікті таңдау актісін келіскен және жер-кадастрлық жұмыстар бойынша көрсетілетін қызметтерге ақы төлеген жағдайда – кадастрлық жоспарын қоса бере отырып, жер учаскесіне жер пайдалану құқығын беру туралы шешім шығару – 18 (он сегіз) жұмыс күні ішінде.

4

Мемлекеттік қызмет көрсету нысаны

Электрондық.

5

Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі

Көрсетілетін қызметті берушінің кадастрлық жоспарын қоса бере отырып, жер учаскесіне жер пайдалану құқығын беру туралы шешімі не мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы уәжді жауап.

6

Мемлекеттік қызмет көрсету кезінде көрсетілетін қызметті алушыдан алынатын төлем мөлшері және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда оны алу тәсілдері

Мемлекеттік көрсетілетін қызметтің құны "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы өндіретін және (немесе) өткізетін тауарлардың (жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің) бағаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің міндетін атқарушының 2016 жылғы 26 қаңтардағы № 87 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 13353 болып тіркелген) бекітілген 28-параграфқа сәйкес мөлшерде есептеледі.
Мемлекеттік көрсетілетін қызметтің құнын төлеу қолма-қол ақшалай және қолма-қол ақшасыз нысанда екінші деңгейдегі банктер және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар арқылы, сондай-ақ қолма-қол емес нысанда "электрондық үкіметтің" төлем шлюзі (бұдан әрі – ЭҮТШ) арқылы жүзеге асырылады.
Жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға олар он сегіз жасқа толғанға дейінгі кезеңде жер учаскесіне жер-кадастрлық жоспарды дайындау өтеусіз негізде жүзеге асырылады.

7

Жұмыс кестесі

Порталда – жөндеу жұмыстарын жүргізуге байланысты техникалық үзілістерді қоспағанда, тәулік бойы (көрсетілетін қызметті алушы 2015 жылғы 23 қарашадағы Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне сәйкес жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, демалыс және мереке күндері жүгінген жағдайда, өтініш қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін беру келесі жұмыс күні жүзеге асырылады);
Мемлекеттік қызмет көрсету орындарының мекенжайлары:
1) Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің www.moa.gov.kz интернет-ресурсында;
2) порталда орналасқан.

8

Мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті құжаттар тізбесі

Бірінші кезең:
1) көрсетілетін қызметті алушының электрондық цифрлық қолтаңбасымен куәландырылған елді мекен шегінде объект салу үшін жер учаскесін беруге арналған электрондық құжат нысанындағы өтініш;
2) жер учаскесінің орналасқан жері схемасының электрондық көшірмесі.
Екінші кезең: түпкілікті келісілген таңдау актісі.

9

Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тартуға арналған негіздер

1) көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін ұсынған құжаттарының және (немесе) олардағы деректердің (мәліметтердің) дұрыс еместігінің анықталуы;
2) көрсетілетін қызметті алушының және (немесе) мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті ұсынылған материалдардың, деректердің және мәліметтердің 2003 жылғы 20 маусымдағы Қазақстан Республикасы Жер кодексінің (бұдан әрі – Кодекс) 43-бабының 3-тармағының алтыншы бөлігінде және 6-1-тармағынде, 49-2-бабының 6-тармағының екінші бөлігінде, 50-бабының 2 және 2-1-тармақтарында белгіленген талаптарға сәйкес келмеуі;
3) Кодекстің 44-1-бабының 4-тармағына сәйкес мемлекеттік қызмет көрсету үшін талап етілетін келісу туралы сұранымға келісуші органдардың теріс жауабы.

10

Мемлекеттік қызмет көрсету, оның ішінде электрондық нысанда және Мемлекеттік корпорация арқылы көрсетілетін мемлекеттік қызмет көрсету ерекшеліктері ескеріле отырып, қойылатын өзге де талаптар

Көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі мен мәртебесі туралы ақпаратты қашықтықтан қол жеткізу режимінде порталдағы "жеке кабинеті", сондай-ақ бірыңғай байланыс орталығы арқылы алуға мүмкіндігі бар.
Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері жөніндегі анықтамалық қызметтердің байланыс телефондары порталда көрсетілген. Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері жөніндегі қызметтердің бірыңғай байланыс телефондары: 1414, 8 800 080 7777.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

"Елді мекен шегінде объект салу
үшін жер учаскесін беру"
мемлекеттік көрсетілетін қызмет
стандартына
2-қосымша

Нысан

____________________________
(көрсетілетін қызметті
алушының аты,
____________________________
әкесінің аты (бар болса). Тегі
____________________________
не ұйымының атауы,
____________________________
көрсетілетін қызметті
алушының мекенжайы)

 

 

Құжаттарды қабылдаудан бас тарту туралы қолхат

      "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" 2013 жылғы 15 cәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 20-бабының 2-тармағын басшылыққа ала отырып, "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы филиалының №_____ бөлімі (мекенжайын көрсету) Сіздің мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартында көзделген тізбеге сәйкес құжаттар топтамасын толық ұсынбауыңызға, атап айтқанда:

      жоқ құжаттардың атауы:

      1) _________________________________________;

      2) _________________________________________

      ұсынбауыңызға байланысты, "Елді мекен шегінде объект салу үшін жер учаскесін беру" мемлекеттік қызметін көрсетуге арналған өтінішіңізді қабылдаудан бас тартады.

      Осы қолхат әр тарапқа бір-бірден 2 (екі) данада жасалды.

      __________________________________________________________________

      (Мемлекеттік корпорация жұмыскерінің аты, әкесінің аты (бар болса), тегі, қолы)

      Телефоны (бар болса) _______________________________________________

      Алдым: ___________________________________________________________

      (көрсетілетін қызметті алушының аты, әкесінің аты (бар болса), тегі, қолы)

      20__жылғы ________________

 

     

Дата публикации
14 июня 2023