"Сауда-саттықты (конкурстарды, аукциондарды) өткізуді талап етпейтін мемлекет меншігіндегі жер учаскелеріне құқықтар алу"

"Сауда-саттықты (конкурстарды, аукциондарды) өткізуді талап етпейтін мемлекет меншігіндегі жер учаскелеріне құқықтар алу" мемлекеттік қызметін көрсету қағидалары

 

Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі

  1. Мемлекеттік қызметті облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың, аудандардың, облыстық маңызы бар қалалардың, аудандық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдары, кенттердің, ауылдардың, ауылдық округтердің әкімдері көрсетеді.
  2. Мемлекеттік қызметті алу үшін жеке және заңды тұлғалар портал арқылы көрсетілетін қызметті берушіге мыналарды жолдайды:

      бірінші кезең:

       1) осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ-мен куәландырылған электрондық құжат нысанындағы жер учаскесіне құқық алуға арналған өтініш;

      2) сұралып отырған жер учаскесінің схемасы (жоспар);

      екінші кезең: бекітілген жерге орналастыру жобасы.

  1. Көрсетілетін қызметті беруші мемлекеттік қызметті екі кезеңде көрсетеді.

      Бірінші кезең: сұралып отырған жер учаскесін мәлімделген нысаналы мақсаты бойынша пайдалану мүмкіндігін айқындау, жер учаскесін таңдау актісін дайындау, жер комиссиясының қорытындысын беру – 12 (он екі) жұмыс күні ішінде:

Екінші кезең: жер учаскесіне құқық беру туралы шешім шығару –бекітілген жерге орналастыру жобасы келіп түскен сәттен бастап 3 (үш) жұмыс күні ішінде:

      1) жер қатынастары жөніндегі уәкілетті органның қызметкері бекітілген жерге орналастыру жобасы келіп түскен күннен бастап 2 (екі) жұмыс күні ішінде жер учаскесіне құқық беру туралы шешім жобасын дайындауды және келісуді қамтамасыз етеді;

      2) көрсетілетін қызметті берушінің басшысы 1 (бір) жұмыс күні ішінде жер учаскесіне құқық беру туралы шешімге қол қояды;

      3) көрсетілетін қызметті беруші кеңсесінің қызметкері 15 (он бес) минут ішінде қол қойылған сәттен бастап жер учаскесіне құқық беру туралы шешімді портал арқылы көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті тұлғасының ЭЦҚ-сы қойылған электрондық құжат нысанында көрсетілетін қызметті алушының жеке кабинетіне жолдайды.

        Басқа да толық мәліметтерді Бәйтерек ауылдық округі әкімі аппаратынан ала аласыздар,  Мекен жайы: Бәйтерек ауылы, Әлмерек-Абыз көшесі 32, тел: 8 (72775)      51-3-35

 

«Бәйтерек ауылдық округі әкімінің аппараты» ММ

 

Дата публикации
04 мая 2023