«Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне баланың құқықтарын қорғау, білім беру, ақпарат және ақпараттандыру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2022 жылғы 3 мамырдағы № 118-VII ҚРЗ заңын іске асыру бойынша атқарылған шаралар туралы ақпараттық хабарлама

«Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне баланың құқықтарын қорғау, білім беру, ақпарат және ақпараттандыру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы»

2022 жылғы 3 мамырдағы № 118-VII ҚРЗ заңын іске асыру

бойынша атқарылған шаралар туралы

ақпараттық хабарлама

 

Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне баланың құқықтарын қорғау, білім беру, ақпарат және ақпараттандыру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2022 жылғы 3 мамырдағы № 118-VII ҚРЗ заңын іске асыру мақсатында бүгінгі күні 3 НҚА әзірледі:

  1. «Әлеуметтік қызметкерлердің кәсіптік мінез-құлық әдебі нормаларын бекіту туралы» (ПИ-85110);
  2. «Халықты әлеуметтік қорғау саласында арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету стандарттарын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 26 наурыздағы № 165 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы» (ПИ-85277);
  3. «Арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсететін ұйымдар қызметінің қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2018 жылғы 29 тамыздағы № 379 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы (ПИ-85072).

Барлық 3 НҚА белгіленген мерзімде қабылдануы жоспарланған.

Жарияланған күні

29 шілде 2022

Жаңарту күні

29 шілде 2022