Меню

Ұялы байланыс
Бекітілген байланыс
Пошта байланысы
Ұялы байланыс сапасын тексеру
Қазақстан Республикасының радиожиілік спектрін пайдалануға рұқсат беру
Байланыс саласындағы жаңа технологиялар мен инфрақұрылымды дамыту
Байланыс саласындағы мемлекеттік саясат
Мүгедектігі бар адамдарды әлеуметтік қорғау

Қазақстан Республикасында мүгедектігі бар адамдарды әлеуметтік қорғау Қазақстан Республикасының Конституциясымен, Қазақстан Республикасының Әлеуметтік кодексімен реттеледі.

Қазақстан 2015 жылы БҰҰ мүгедектердің құқықтары туралы Конвенцияны ратификациялады, осылайша мүгедектігі бар адамдарды қоғамға толыққанды интеграциялауға бағытталған шаралар кешенін одан әрі іске асыру бойынша міндеттеме алды.

2019 жылдан бастап мүгедектігі бар адамдардың құқықтарын қамтамасыз ету және тұрмыс сапасын жақсарту жөніндегі 2025 жылға дейінгі ұлттық жоспар іске асырылуда, оның шеңберінде әлеуметтік оңалту және абилитациялау, кедергісіз ортаны және қызметтердің қолжетімділігін қамтамасыз ету, қоғамдық сананы жаңғырту жөніндегі іс-шаралар іске асырылуда.

2023 жылы мүгедектердің құқықтары жөніндегі Конвенцияға Факультативтік хаттама ратификацияланды.

Мүгедектігі бар адам – тыныс-тіршілігінің шектелуіне және оны әлеуметтік қорғау қажеттігіне алып келетін, ауруларға, мертігулерге (жаралануға, жарақаттарға, контузияларға), олардың зардаптарына, бұзылуларына байланысты организм функциялары тұрақты бұзылып, денсаулығы нашарлаған адам.

Мүгедектігі бар адамдардың құқықтары мен заңды мүдделерін қамтамасыз ету үшін Қазақстанда әлеуметтік қорғаудың көп деңгейлі жүйесі жұмыс істейді, оның ішінде:

- әлеуметтік жәрдемақылар мен төлемдер түріндегі мемлекеттік көмек және қолдау;

- мүгедектігі бар адамдардың өмір сүру шектеулерін еңсеруі үшін жағдай жасауға, әлеуметтік мәртебесін қалпына келтіруге, олардың әлеуметтік-тұрмыстық және қоршаған ортаға бейімделуіне бағытталған шаралар кешенін ұсыну арқылы ағзаның жоғалған функцияларын өтеу, әлеуметтік оңалту.

- өмірлік қиын жағдайда жүрген адамдарға арнаулы әлеуметтік қызметтердің кепілдендірілген көлемі ұсынылады, оған қызметтердің 8 түрі кіреді.

ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі жанынан мүгедектігі бар адамдарды әлеуметтік қорғау саласындағы Үйлестіру кеңесі жұмыс істейді.

Оның құрамына Қазақстан Республикасы Парламентінің депутаттары, Қазақстан Республикасындағы бала құқықтары жөніндегі |Уәкіл, облыстар, республикалық маңызы бар қалалар, астана әкімдерінің штаттан тыс кеңесшілері, мүгедектігі бар адамдардың мүдделерін білдіретін мемлекеттік органдардың, қоғамдық бірлестіктердің өкілдері кірді.

Үйлестіру кеңесінің мақсаты мүгедектігі бар адамдардың әлеуметтік қорғау, құқықтарын іске асыру және өмір сүру сапасын жақсарту саласындағы мемлекеттік саясатты жетілдіру жөнінде ұсыныстар мен ұсынымдар әзірлеу болып табылады.

2023 жылғы 15 желтоқсаннан бастап «Қазақстан халқына» қоғамдық қорымен бірлесіп тірек-қимыл аппараты бұзылған балаларға арналған 4 өңірде (Абай, Павлодар, Қызылорда облыстары, Шымкент қаласы) пилоттық жоба іске қосылды.

Жобаның негізгі мақсаты - үздіксіз оңалту және оңалтудың инновациялық техникалық құралдарын жеке таңдау арқылы тірек-қимыл аппараты бұзылған балалардың өмір сүру сапасын жақсарту.

Мүгедектігі бар адамның МӘС бөлімдеріне бармай-ақ тек медициналық мекемеге жүгінуін көздейтін сырттай проактивті форматта медициналық – әлеуметтік сараптама (бұдан әрі - МӘС) жүргізу жөніндегі пилоттық жоба жалғасуда.

ҚР Еңбек және әлеуметтік қорғау министрлігі жергілікті атқарушы органдармен бірлесіп әлеуметтік маңызы бар объектілерді бейімдеу бойынша жоспарлы жұмыстар жүргізуде. Объектілерді бейімдеу бойынша әкімдіктердің жұмысы туралы толық ақпарат «Қолжетімділіктің интерактивті картасында» («Мүгедектігі бар адамдарды әлеуметтік қорғау» ақпараттық порталы) (inva.gov.kz) орналастырылады.

Объектілерге кедергісіз қол жеткізуді қамтамасыз етуге жауапты жергілікті атқарушы органдар Қолжетімділіктің интерактивті картасы бойынша жергілікті жерлерде әлеуметтік маңызы бар объектілерді бейімдеу жөніндегі ақпаратты тұрақты негізде өзектендіреді. Компьютерден немесе ұялы телефоннан мүгедектігі бар адам үйден шықпай-ақ белгілі бір объектіге барар алдында оның қолжетімділік дәрежесін көруге мүмкіндігі бар.

Документы
Бұйрық
09 октября 2026
Әдістеме және медициналық-әлеуметтік сараптаманы жетілдіру департаменті
«Медициналық-әлеуметтік сараптаманың тәуелсіз сарапшыларының қызметтеріне ақы төлеу қағидаларын және медициналық-әлеуметтік сараптаманың тәуелсіз сарапшылары көрсететін қызметтерге тарифтерді бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің міндетін атқарушының 2023 жылғы 29 қыркүйектегі № 411 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы
Бұйрық
09 октября 2026
Әдістеме және медициналық-әлеуметтік сараптаманы жетілдіру департаменті
"Медициналық-әлеуметтік сараптаманың тәуелсіз сарапшыларының тізілімін жүргізу қағидаларын, сондай-ақ тізілімге енгізу және одан шығару негіздерін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2023 жылғы 18 қыркүйектегі № 393 бұйрығына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы
Бұйрық
09 октября 2026
Әдістеме және медициналық-әлеуметтік сараптаманы жетілдіру департаменті
Кейбір бұйрықтарға өзгерістер енгізу туралы
Новости
Полезные материалы
«Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің «Әлеуметтік оңалтуды дамытудың ғылыми-практикалық орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының атауын өзгерту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысының жобасына БАСПАСӨЗ РЕЛИЗІ
Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің «Әлеуметтік оңалтуды дамытудың ғылыми-практикалық орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының атауын өзгерту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысының жобасын ашық нормативтік құқықтық актілердің интернет-порталында орналастыру туралы ақпараттық хабарлама
«Арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталықтарының жасына байланысты, еңбек сіңірген жылдары үшін зейнетақы төлемдері мен мемлекеттiк әлеуметтiк жәрдемақыларды пайдалану қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі бұйрығының жобасын ашық нормативтік құқықтық актілердің интернет-порталына орналастыру туралы ақпараттық хабарлама
Медиагалерея
0
Әлеуметтік қызметтер порталы
0
Мүгедектікті белгілеу бойынша 9,6 мыңнан астам өтінім сырттай форматта қаралды
События
13 октября
Салалық үкіметтік емес ұйымдармен кездесу өткізу туралы хабарландыру
25 апреля
Арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету жөніндегі қызметті жүзеге асыруға лицензиялардың кіші түрлерін енгізудің реттеушілік әсерін талдау нәтижелері бойынша қоғамдық тыңдалымы
Реализуемые проекты
Услуги
Организации
Арнаулы әлеуметтік қызметтер департаменті
Часто задаваемые вопросы

Социальные медиа

Youtube
Facebook
Instagram

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы