Жиі қойылатын сұрақтар
Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасында мүгедектігі бар адамдардың, егер жұмыс денсаулық жағдайы бойынша оларға қарсы көрсетілмесе, еңбекке құқығы регламенттелген.
Сондай-ақ, қазіргі уақытта мүгедектік тобының болуы адамның еңбекке қабілеттілігінің немесе еңбекке жарамсыздығының көрсеткіші емес екенін атап өткен жөн. Мүгедектігі бар адамдарды жұмысқа орналастыру кезіндегі негізгі факторлар олардың біліктілігі, кәсіби құзыреті, кәсіби міндеттерін орындау үшін медициналық қарсы көрсетілімдердің болмауы болып табылады.
Осылайша, мүгедектігі бар адамдар мүгедектік тобының санатына қарамастан, егер оларға денсаулық сақтау ұйымдары мамандарының медициналық қорытындысы бойынша еңбек қызметінің түрі қарсы көрсетілмесе, жұмыс істеуге құқылы.
Жұмысты өз бетінше іздеу үшін «Электрондық еңбек биржасы» порталы (www.enbek.kz) жұмыс істейді.
«Электрондық еңбек биржасы» порталы мемлекеттік қызметтер көрсетудің қолжетімділігі мен ашықтығын қамтамасыз етуге, жұмыс іздеуге, халықты жұмыспен қамтуға жәрдемдесу шараларын көрсетуге және кадрлар даярлауға арналған цифрлық экожүйе болып табылады.
Электрондық еңбек биржасы – жұмыс пен қызметкерлерді іздеуге арналған ең ірі тегін интернет-алаң. Портал «Е-Қызмет» АЖ жұмыспен қамту жөніндегі интернет-платформасымен, «Самұрық-Қазына» АҚ тобының порталымен, сондай-ақ жұмыспен қамту жөніндегі онлайн-алаңдардың сайттарымен интеграцияланған.
Жұмыс іздеушілер жеке кабинеттерінде түйіндеме жасайды және жұмыс іздеуді жүзеге асырады. Порталда әртүрлі өлшемшарттар бойынша, оның ішінде халықтың әртүрлі нысаналы топтары үшін қолжетімді бос жұмыс орындарын кеңейтілген іздеу мүмкіндігі бар. Түйіндемеде көрсетілген кәсіп пен дағдылар бойынша бос жұмыс орындарын автоматты түрде іріктеу мүмкіндігі бар. Жеке кабинет арқылы жұмыс іздеушілер бос жұмыс орындарына өтінім жібереді, жұмыс берушілерден әңгімелесуге шақырулар және жұмысқа орналастыру туралы шешімдер алады.
Порталда жұмыс берушілер үшін мәліметтердің дұрыстығын электрондық цифрлық қолтаңбамен растай отырып, жеке кабинет құру мүмкіндігі бар. Жұмыс берушілер бос жұмыс орындарын орналастырады (осылайша заңнамада белгіленген нормалар орындалады), сондай-ақ бос жұмыс орнында көрсетілген кәсіп пен дағдылар бойынша мамандарды автоматты түрде іріктеу мүмкіндігіне ие. Жұмыс іздеушілерден өтінімдер алады, оларды әңгімелесуге шақырады және жеке кабинет арқылы жұмысқа орналастыру бойынша қабылданған шешім туралы хабарлайды. Сондай-ақ жұмыс берушілер онлайн режимде мемлекет субсидиялайтын жұмыс орындарын ұйымдастыруға өтінімдер беру, электрондық шартқа қол қою, халықты жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларына қатысушылардың қатысуы туралы мәліметтерді жұмыспен қамту орталығына онлайн режимде жолдау мүмкіндігіне ие.
Жұмыссыз статусын алу үшін жұмыс іздеуші адам ретінде тіркелу қажет.
Тіркелуді үш тәсілмен жүзеге асыруға болады (мансап орталықтары көрсететін жұмыс іздеуші адамдарды, жұмыссыздарды тіркеу және еңбек делдалдығын жүзеге асыру қағидаларына сәйкес):
- тұрғылықты жері бойынша мансап орталығына жүгіну;
- «Электрондық үкімет» веб-порталы (egov.kz) арқылы;
- Электрондық еңбек биржасы (enbek.kz) арқылы.
Тіркелу үшін тек жеке куәлік қажет. Жұмыс іздеуші статусын алғаннан кейін лайықты жұмыс болмаған жағдайда, екі жұмыс күні ішінде жұмыссыз ретінде тіркеу жүзеге асырылады.
Бұл қызмет проактивті болып табылады, яғни өтініш беру қажеттілігі жоқ, қызмет көрсетілетін қызметті берушінің бастамасы бойынша көрсетіледі.
Жұмыссыз статусы еңбек делдалдығына, жұмыспен қамтудың белсенді шараларына қатысуға, оның ішінде кәсіптік оқытуға, кәсіпкерлік бастамаға жәрдемдесуге, субсидияланатын жұмыс орындарына жолдауға, жұмыс күшінің мобильділігін арттыру үшін ерікті түрде қоныс аударуға жәрдемдесуге, сондай-ақ жұмысынан айырылу жағдайы бойынша әлеуметтік төлем алуға құқық береді.
Тіркелуді үш тәсілмен жүзеге асыруға болады (мансап орталықтары көрсететін жұмыс іздеуші адамдарды, жұмыссыздарды тіркеу және еңбек делдалдығын жүзеге асыру қағидаларына сәйкес):
- тұрғылықты жері бойынша мансап орталығына жүгіну;
- «Электрондық үкімет» веб-порталы (egov.kz) арқылы;
- Электрондық еңбек биржасы (enbek.kz) арқылы.
Тіркелу үшін тек жеке куәлік қажет..
Ұсынылған құжаттардағы мәліметтер дұрыс болған жағдайда, қызмет бір жұмыс күні ішінде көрсетіледі.
Қоғамдық жұмыстарға қатысуға:
1) жұмыссыздар;
2) денсаулығына зиян келтірмейтін және оқу процесін бұзбайтын жұмыстарға оқудан бос уақытында жалпы білім беретін мектептердің жоғары сынып оқушылары мен студенттер;
3) бос тұрып қалуға байланысты жұмыспен қамтамасыз етілмеген адамдардың құқығы бар.
50 жастан асқан адамдардың көп жағдайда мол еңбек тәжірибесі бола тұра, жұмыс іздеу кезінде қиындықтарға жиі тап болады.
Осындай санаттағы адамдар үшін «Күміс жас» жобасы іске асырылуда.
Жобаға қатысу ұзақтығы – 36 ай, осы кезең ішінде мемлекет жұмысқа орналасқан адамдардың жалақысын субсидиялайды.
Жобаға қатысу кезеңінде қатысушылардың жалақысын мемлекет субсидиялайды:
- жұмыстың бірінші жылы (1 айдан 12 айға дейін): белгіленген жалақы мөлшерінің 70 %-ы, бірақ 30 айлық есептік көрсеткіштен аспайды;
- жұмыстың екінші жылы (13 айдан 24 айға дейін): белгіленген жалақы мөлшерінің 65 %-ы, бірақ 30 айлық есептік көрсеткіштен аспайды;
- жұмыстың үшінші жылы (25 айдан 36 айға дейін): белгіленген жалақы мөлшерінің 60 %-ы, бірақ 30 айлық есептік көрсеткіштен аспайды.
«Күміс жас» жобасына қатысу мерзімі аяқталғаннан кейін жұмыс беруші қатысушыны зейнеткерлікке шыққанға дейін бар тұрақты жұмыс орнына жұмысқа орналастыруға тиіс.
Егер Сіз жұмыс іздеп жүрсеңіз және жасыңыз 50-ден асқан болса, «Күміс жас» жобасына қатысу мүмкіндігін пайдаланыңыз.
Жастар практикасы алған кәсібі бойынша бастапқы жұмыс тәжірибесін алғысы келетін жұмыссыз түлектерге арналған.
Қатысушылар 5 жыл ішінде техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру бағдарламалары бойынша оқуын аяқтаған, алған кәсібі бойынша жұмыс тәжірибесі жоқ, жасы 35-тен аспаған азаматтар бола алады.
Жалақы мөлшері – айына 30 АЕК. Жұмысқа орналасу мерзімі – 12 ай.
Жастар практикасына қатыса отырып, Сіз өз мамандығыңыз бойынша жұмыс істеу мүмкіндігіне ие боласыз.
Азаматтардың кәсіпкерлік бастамаларын қолдау мақсатында Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің тарапынан келесі шаралар қарастырылған:
- «Бастау Бизнес» жобасы бойынша кәсіпкерлік негіздеріне оқыту;
- халықтың әлеуметтік осал топтарына гранттар беру.
«Бастау Бизнес» жобасы бойынша кәсіпкерлік негіздеріне оқыту
«Бастау Бизнес» жобасы бойынша оқыту skills.enbek.kz порталында онлайн режимде жүзеге асырылады. Оқу ұзақтығы күнтізбелік 14 күннен аспайды және оқу материалдарын өз бетінше игеру жолымен жеке тәртіппен өтеусіз негізде өткізіледі.
«Бастау Бизнес» жобасының негізгі міндеттерінің бірі кәсіпкерлікпен айналысу әлеуеті бар жұмыссыз және нәтижесіз өзін-өзі жұмыспен қамтыған халықты кәсіпкерлік негіздеріне оқыту арқылы экономикалық процестерге тарту, ісін жаңа бастаған кәсіпкерлердің экономикалық әлеуетін кеңейту болып табылады.
Оқыту бизнес, экономика, менеджмент және маркетинг бойынша базалық білім алуға, нарықтық жағдайларда болашақ қызмет үшін практикалық дағдылар базасын құруға бағытталған.
«Кәсіпкерлік бастамаға жәрдемдесу жөніндегі шараларды ұйымдастыру және қаржыландыру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2023 жылғы 30 маусымдағы № 272 бұйрығына (бұдан әрі – Қағидалар) сәйкес «Бастау Бизнес» жобасы бойынша кәсіпкерлік негіздерін оқуға мүмкіндігі бар санаттар айқындалған:
1) жұмыссыздар;
2) Кодекстің 207-бабының 1-тармағында белгіленген зейнеткерлік жасқа жетпеген қысқартылатын жұмыскерлер;
3) дара кәсіпкерлер ретінде тіркелмей кіріс алу мақсатында тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді өндіру (өткізу) жөніндегі қызметті дербес жүзеге асыратын адамдар және (немесе) әрекетсіз дара кәсіпкерлер;
4) отбасылық кәсiпкерлiкте еңбекақы төленбейтін қызметті дербес жүзеге асыратын адамдар;
5) жеке қосалқы шаруашылықта сату (айырбастау) үшін өнім өндіру жөніндегі қызметті дербес жүзеге асыратын, табысы ең төменгі күнкөріс деңгейiнен аз адамдар;
6) табысы ең төменгі күнкөріс деңгейiнен аз өндірістік кооператив мүшелері;
7) ісін жаңадан бастаған және/немесе жұмыс істеп жүрген дара кәсіпкерлер болып табылатын адамдар кәсіпкерлік негіздеріне оқудан өтеді.
Курс қорытындысы бойынша қорытынды тестілеу өткізіледі.
Сұрақтардың жалпы санының 70 (жетпіс) пайызынан көп дұрыс жауап алған адамға платформада бірегей нөмір беріле отырып, оқуды аяқтағаны туралы электрондық сертификат беріледі. Сертификат жеке кабинетте көрсетіледі.
Оқуды аяқтау туралы сертификат оны алған күннен бастап үш жыл бойы жарамды.
Халықтың әлеуметтік осал топтарына гранттар беру
Гранттарды берудің тәртібі Кәсіпкерлік бастамаға жәрдемдесу жөніндегі шараларды ұйымдастыру және қаржыландыру қағидаларымен (бұдан әрі – Қағидалар) реттеледі (Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2023 жылғы 30 маусымдағы № 272 бұйрығы).
Қайтарымсыз гранттар халықтың әлеуметтік тұрғыдан осал топтарына 400 АЕК дейінгі мөлшерде беріледі.
Гранттар алу үшін өтініштерді қабылдау лектер бойынша жүзеге асырылады. Грант алуға үміткерлерден өтініштерді қабылдау және олардың бекітілген Қағидалардың талаптарына сәйкес нысаналы санатқа жататынын тексеру Business.enbek.kz порталы (бұдан әрі – Портал) арқылы автоматты түрде жүзеге асырылады.
Қағидалардың 11-тармағына сәйкес гранттар халықтың әлеуметтік осал топтарына беріледі, оларға мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алушылар, көпбалалы отбасыларға берілетін жәрдемақы алушылар және (немесе) олардың жұбайы (зайыбы), асыраушысынан айырылу бойынша жәрдемақы алушылар, қоныс аударушылар, қандастар, еңбек етуге қарсы көрсетілімдері жоқ мүгедектігі бар адамдар, мүгедектігі бар баланы (мүгедектігі бар балаларды) тәрбиелеп отырған адамдар және (немесе) олардың жұбайы (зайыбы) жатады.
Гранттар жұмыссыз немесе дара кәсіпкер ретінде мемлекеттік тіркеу мерзімі 1 (бір) жылдан аз дара кәсіпкер ретінде гранттар алуға өтініш бергенге дейін тіркелген жағдайда халықтың әлеуметтік осал топтарына беріледі.
Портал автоматты түрде үміткердің халықтың әлеуметтік осал топтарының біріне сәйкестігін және мерзімі жүгінген сәтте үш жылдан аспайтын «Бастау Бизнес» жобасы бойынша кәсіпкерлік негіздерін аяқтау туралы электрондық сертификаттың немесе бұрын қатысқаны туралы сертификаттың болуына тексеруді жүзеге асырады.
Гранттар бір рет беріледі және нысаналы мақсаты бойынша қажетті еңбек құралдарын, мүкәммалды, технологиялық жабдықты, жануарларды, малды, құстарды, көшеттерді, бұталарды, тұқымдарды, көшеттерді сатып алу, коммерциялық жылжымайтын мүлік объектілерінің, сондай-ақ сауда объектілерінің, оның ішінде жалға алу, пайдалану, сенімгерлік басқару құқығындағы сауда объектілерінің аумағында жаңа бизнес идеяларды іске асыруға арналған үй-жайларды жалдау ақысын төлеу үшін беріледі.
Грант қаражатын пайдалану тек қолма-қол ақшасыз нысанда жүзеге асырылады.
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің 2020 жылғы 29 желтоқсандағы № ҚР ДСМ-333/2020 бұйрығымен бекітілген медициналық қызметтерді тұтынушылардың есебін жүргізу және міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде медициналық көмек алу құқығын беру қағидаларына (бұдан әрі – қағидалар) сәйкес, Министрліктің ақпараттық жүйелері азаматтарға міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруға (бұдан әрі - МӘМС) жарналарын мемлекет төлейтін тұлға мәртебесін автоматты түрде береді (алып тастайды).
"Білім алушылар" жеңілдікті санаты Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі (бұдан әрі – БҒМ) ақпараттық жүйелерінің деректері негізінде қалыптастырылады.
Жоғарыда айтылғандардың негізінде "Білім алушылар" жеңілдікті санатының сақтандырылу мәселесін шешу үшін БҒМ-ге жүгіну қажет.
Еңбек кодексінің (бұдан әрі - Кодекс) 23-бабы 1-тармағының 3) тармақшасына сәйкес жұмыс беруші өз өкілеттіктері шегінде жұмыс берушінің актілерін шығаруға құқылы.
Кодекстің 11-бабына сәйкес жұмыс берушінің актілері жазбаша нысанда немесе электрондық цифрлық қолтаңба арқылы куәландырылған электрондық құжат нысанында ресімделеді.
Жұмыс берушінің актілері жұмыс беруші шығаратын бұйрықтар, өкімдер, нұсқаулықтар, қағидалар, ережелер, ауысымдық кестелер, вахталар кестелері және демалыс кестелері болып табылады.
Жұмыс берушінің шығарылған актілері өз құзыреті шегінде олармен, оның ішінде олардың кейбіреулері қол қойғыза отырып, қызметкерлерді таныстыруға жатады.
«Электрондық құжат және электрондық цифрлық қолтаңба туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 3-тарауы 10-бабының 1-тармағына сәйкес электрондық цифрлық қолтаңба қол қоюшы тұлғаның өз қолымен қойған қолымен тең және бірдей заңдық салдарға әкеп соғады.
Жоғарыда баяндалғанның негізінде жұмыс беруші электрондық цифрлық қолтаңбаны пайдалана отырып, жұмыскерлерді жұмыс берушінің актілеріне қол қоюға және таныстыруға құқылы.