
Қазақстан Республикасының Әлеуметтік кодексіне сәйкес Мансап орталығы жұмыс іздеп жүрген адамдарға «Электрондық еңбек биржасы» мемлекеттік ақпараттық порталы (www.enbek.kz) арқылы жарияланған лайықты жұмыс орындарын ұсыну арқылы жұмысқа орналастыруға жәрдемдеседі, сондай-ақ мемлекеттік қолдау шаралары бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізеді.
Жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шаралары кәсіпкерлік бастаманы қолдауды («Бастау Бизнес» жобасы бойынша кәсіпкерлік негіздеріне онлайн оқыту, халықтың әлеуметтік осал топтарына 400 АЕК-ке дейін гранттар беру), жұмыс орындарын субсидиялауды (жастар практикасы, қоғамдық жұмыстар, әлеуметтік жұмыс орындары) және қысқа мерзімді кәсіптік оқытуды (жұмыс берушіде жұмыс орнында оқыту, жұмыс берушілердің сұранысы бойынша білім беру ұйымдарында оқыту және онлайн оқыту) қамтиды.
Жалпы, жұмыс іздеуде қиындықтарға тап болған жұмыссыз азаматтар өздерінің жеке қажеттіліктеріне қарай жұмысқа орналасуға жәрдемдесу шараларын ала алады.
Оқу орнын бітіргеннен кейін жұмыс тәжірибесінің болмауына байланысты мәселені шешу мақсатында «Жастар практикасы» ұйымдастырылады.
Сонымен қатар, зейнеткерлік жас алдындағы адамдарды жұмысқа орналастыруға жұмыс берушілерді ынталандыру мақсатында «Күміс жас» жобасы көзделген.
Уақытша жұмыспен қамтуды қамтамасыз ету мақсатында алдын ала кәсіптік даярлық пен жұмыс тәжірибесін талап етпейтін қоғамдық жұмыстар мен әлеуметтік жұмыс орындары ұйымдастырылады.
Жұмыс орындарын субсидиялау бойынша қызметтер көрсету процесі Электрондық еңбек биржасы (enbek.kz) порталы арқылы толық автоматтандырылған.
Еңбек ресурстарының дағдыларын дамыту жұмыс берушілердің сұраныстары бойынша оқу орталықтарында сұранысқа ие дағдыларға оқыту, жұмыс орнында оқыту және жалақыны субсидиялау, сондай-ақ Skills Enbek (skills.enbek.kz) платформасында сұранысқа ие дағдылар бойынша онлайн оқыту арқылы жүзеге асырылады.
Қысқа мерзімді оқытудың аталған шаралары азаматтарға кейіннен жұмысқа орналасу үшін біліктілігін арттыруға және еңбек нарығында сұранысқа ие дағдыларды меңгеруге мүмкіндік береді.
2021 жылғы қаңтардағы деректер бойынша электрондық еңбек биржасында 60,4 мың бос жұмыс орны және 65,6 мың түйіндеме орналастырылған.
Кәсіптер топтары бөлінісінде жұмыс берушілердің негізгі қажеттілігі біліктілігі жоқ жұмысшыларға тиесілі болды (4,9 мың бос жұмыс орны немесе жалпы санының 8%).
Ауыл шаруашылығында, сондай-ақ құрылыста білікті емес жұмысшыларға деген қажеттілік басым.
Біліктілігі жоқ қызметкерлер тобын қоспағанда, қаңтарда жалпы республика бойынша жалпы практика және терапия дәрігерлерінің, сондай-ақ күтім жөніндегі орта медициналық персоналдың және инфекционист дәрігерлердің, реаниматологтардың, психиатрлардың тапшылығы қалыптасты.
Сонымен қатар, жарнама және маркетинг мамандарының, сондай-ақ сантехниктер мен құбыр жүргізушілердің тапшылығы бар.
Артықшылыққа келетін болсақ, қаңтарда бұл заңгерлер, электроника техниктері, кең профильді кеңсе қызметкерлері, сондай-ақ қаржы және инвестициялар бойынша кеңесшілер арасында қалыптасты.
Министрлікпен әзірленген Еңбек нарығында талап етілетін жаңа кәсіптер мен құзыреттердің атласы (бұдан әрі – Атлас) әзірленді.
Атлас 9 негізгі сала бойынша құрылып, жаңа, трансформацияланатын және жойылып бара жатқан мамандықтарды біріктірді. Дүниежүзілік Банктің «Еңбек дағдыларын дамыту және жұмыс орындарын ынталандыру» жобасы шеңберінде 8 сала (мұнай-газ саласы, ауыл шаруашылығы, көлік және логистика, машина жасау, ақпараттық-коммуникациялық технологиялар, энергетика, туризм, құрылыс) Еңбекмині қамтылды, тау-кен металлургия саласын зерттеуді «Еуразиялық Топ» ЖШС өз бетінше жүзеге асырды.
Атласқа 239 жаңа, 95 трансформацияланатын, 129 жойылып бара жатқан мамандық кірді.
Атлас – кәсіби бағдарлаудың алдыңғы қатарлы құралдарының бірі, ол еңбек нарығының болашақ трендтерін түсінуге және өзекті болатын немесе таяудағы онжылдықта пайда болатын мамандықтар мен дағдыларды анықтауға мүмкіндік береді.
Атластың негізгі мақсаты қазіргі мамандықтарды талдау, өзгеріп және жойылып бара жатқан мамандықтарды ескере отырып, өзекті болатын немесе таяудағы онжылдықта пайда болатын еңбек нарығының болашақ трендтерін, мамандықтар мен дағдыларды айқындау болып табылады.
Атласта айқындалған жаңа мамандықтар болашақта жаңа технологиялардың енгізілуіне сәйкес қандай құзыреттер мен қызметкерлер сұранысқа ие болатынын түсінуге мүмкіндік береді.
Мысалы, жаңаларына мыналар жатады: ҰҰА диспетчері, цифрлық жобалаушы, «Ақылды үйді» жобалаушы, инновациялық биопрепараттардың технологы, туристік маршруттар навигаторын әзірлеуші, этнотуризм менеджері.
Өзгеретін мамандықтар тізбесіне қазіргі уақытта сұранысқа ие мамандықтар енді, бірақ олардың өзектілігін сақтау үшін мамандар жаңа дағдыларды игеріп, біліктілік деңгейін арттыруы қажет. Осылайша, Атлас өз құзыреттерін қай бағытта дамыту керектігі туралы нұсқаулық болып табылады.
Мысалы, қоймшы (сандық қойма операторы), инженер-конструктор (сандық инженер-конструктор), материалтанушы (инженер композитор), темір ұсташы, жөндеуші (модульдік жөндеу операторы) өзгеретін мамандықтарға жатады.
Жойылып бара жатқан мамандықтар қазірдің өзінде мемлекетке технологиялық даму барысында өзектілігін жоғалтып бара жатқан кейбір кәсіптерге сұраныстың болмауы туралы бағдар береді.
Мысалы, билеттерді беру бойынша қызмет ететін тапсырыс берілген билеттерді жеткізу агенті (саяхатта) жойылып бара жатқан мамандықтар қатарына жатады.
Әзірленген Атлас – бұл Қазақстанның әрбір азаматына келешекте кәсіптің перспективалы болуын ескере отырып, мамандықты дұрыс таңдауға, білім беру ұйымдарына қазақстандықтарды жаңа дағдылар мен құзыреттіліктерге оқыту қажеттілігін ескере отырып, оқу жоспарларын өзектендіруге көмектесетін кәсіби бағдар берудің заманауи құралы.
Атлас нәтижелерін ыңғайлы пайдалану үшін «Электрондық еңбек биржасы» порталының интерактивті ішкі модулінде электрондық сілтеме, сондай-ақ IOS және ANDROID платформаларына арналған Атластың мобильді қосымшасы әзірленді.
Жалпы, Атлас тиісті салалардағы еңбек нарығының болашақ трендтерін айқындауға мүмкіндік беретін және оның нәтижелері оқыту саласында өз көрінісін тапқан еңбек нарығы болжамының озық құралы және сапалы құрамдас бөлігі болып табылады.
Ұлттық статистика бюросының деректері бойынша 2020 жылдың қорытындысы бойынша жұмыс күшінің саны 9,2 млн.адамды құрайды. Оның ішінде республика экономикасында 8,7 млн.адам немесе 95,1% жұмыс істейді.
Бұл ретте жұмыссыздық деңгейі - 4,9% немесе 449 мың адамды құрайды.
Егер жас санатына тоқталатын болсақ, 29-дан 44 жасқа дейінгі азаматтар ең белсенді болып табылады. Бүгінгі таңда экономикалық белсенді халықтың 45% - ын дәл осы санат құрайды.
Тиісінше, жұмыссыздардың жартысын да осы жас санаты құрайды (50% немесе 228 мың адам).
Бұл жерде айта кету керек, жұмыссыздар құрылымында әйелдердің үлесі басым – 53,3%.
Осыған байланысты олар үшін жұмыспен қамтылмаудың ең көп таралған себептері отбасылық жағдайлар (14% немесе 62,6 мың адам), үй шаруашылығын жүргізу (8,3% немесе 37 мың адам), өз еркімен жұмыстан шығу (21,2% немесе 95,2 мың адам) болып табылады.
Бұған лайықты жұмыстың болмауы (жұмыссыздар санының 24% - ы немесе 107,4 мың адам) немесе Штаттың қысқаруы (11,3% немесе 50,9 мың адам) және т. б. себеп болуы мүмкін.
449 мың жұмыссыздардың 166 мыңы (37%) жоғары білімді, 206 мыңы (46%) – кәсіптік білімді, 77 мыңы (17%) – жалпы білімді.