Қазақстан Республикасының Әлеуметтік кодексіне сәйкес Мансап орталығы жұмыс іздеп жүрген адамдарға «Электрондық еңбек биржасы» мемлекеттік ақпараттық порталы (www.enbek.kz) арқылы жарияланған лайықты жұмыс орындарын ұсыну арқылы жұмысқа орналастыруға жәрдемдеседі, сондай-ақ мемлекеттік қолдау шаралары бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізеді.
Жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шаралары кәсіпкерлік бастаманы қолдауды («Бастау Бизнес» жобасы бойынша кәсіпкерлік негіздеріне онлайн оқыту, халықтың әлеуметтік осал топтарына 400 АЕК-ке дейін гранттар беру), жұмыс орындарын субсидиялауды (жастар практикасы, қоғамдық жұмыстар, әлеуметтік жұмыс орындары) және қысқа мерзімді кәсіптік оқытуды (жұмыс берушіде жұмыс орнында оқыту, жұмыс берушілердің сұранысы бойынша білім беру ұйымдарында оқыту және онлайн оқыту) қамтиды.
Жалпы, жұмыс іздеуде қиындықтарға тап болған жұмыссыз азаматтар өздерінің жеке қажеттіліктеріне қарай жұмысқа орналасуға жәрдемдесу шараларын ала алады.
Оқу орнын бітіргеннен кейін жұмыс тәжірибесінің болмауына байланысты мәселені шешу мақсатында «Жастар практикасы» ұйымдастырылады.
Сонымен қатар, зейнеткерлік жас алдындағы адамдарды жұмысқа орналастыруға жұмыс берушілерді ынталандыру мақсатында «Күміс жас» жобасы көзделген.
Уақытша жұмыспен қамтуды қамтамасыз ету мақсатында алдын ала кәсіптік даярлық пен жұмыс тәжірибесін талап етпейтін қоғамдық жұмыстар мен әлеуметтік жұмыс орындары ұйымдастырылады.
Жұмыс орындарын субсидиялау бойынша қызметтер көрсету процесі Электрондық еңбек биржасы (enbek.kz) порталы арқылы толық автоматтандырылған.
Еңбек ресурстарының дағдыларын дамыту жұмыс берушілердің сұраныстары бойынша оқу орталықтарында сұранысқа ие дағдыларға оқыту, жұмыс орнында оқыту және жалақыны субсидиялау, сондай-ақ Skills Enbek (skills.enbek.kz) платформасында сұранысқа ие дағдылар бойынша онлайн оқыту арқылы жүзеге асырылады.
Қысқа мерзімді оқытудың аталған шаралары азаматтарға кейіннен жұмысқа орналасу үшін біліктілігін арттыруға және еңбек нарығында сұранысқа ие дағдыларды меңгеруге мүмкіндік береді.