Жиі қойылатын сұрақтар
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2011 жылғы 20 сәуірдегі № 152 бұйрығына сәйкес https://adilet.zan.kz//kaz/docs/V1100006976 жоғары және (немесе) жоғары оқудан кейінгі білім беру ұйымдарының білім алушылардың қосымша білім алуға, академиялық қарыздарын немесе оқу жоспарларындағы айырмашылықтарын жоюға, басқа білім беру ұйымдарындағы оқу пәндерін оқуға және кредиттерді меңгеруге, өзі оқитын жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымында міндетті түрде қайта сынақ тапсыруға, орташа үлгерім балын көтеруге (GPA), аралас немесе қосымша білім беру бағдарламасын, оның ішінде қос дипломды білім беру шеңберіндегі білім беру бағдарламасын игеруге деген қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін ұзақтығы кемінде 6 апта жазғы семестрді енгізуге рұқсат етіледі (бітіруші курсты қоспағанда).
Мысалы: Мен Нархоз университетінің бітіруші курсының студентімін, бір оқу пәні бойынша академиялық үлгерімсіздігім бар, жазғы семестрге өтініш бердім, бірақ менің өтінішім қабылданбады. Университет дұрыс істеді ме?
Иә, дұрыс, бітіруші курстар үшін жазғы семестр көзделмеген.
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2011 жылғы 20 сәуірдегі № 152 бұйрығына сәйкес https://adilet.zan.kz//kaz/docs/V1100006976 каникулдар білім алушыларға оқу жылы ішінде кемінде 2 рет беріледі, бітіруші курсты қоспағанда, демалыстың жалпы ұзақтығы кемінде 7 аптаны құрауы тиіс.
Мысалы:
Мен, әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің бірінші курс студентімін, жазда каникул кезінде жұмыс істегім келеді. Жазғы демалыс қанша уақытқа созылады?
Каникул білім алушыларға жылына кемінде 2 рет, оқу семестрлері аяқталғаннан кейін беріледі.
ҚР Кәсіпкерлік кодексінің 132-бабының 1-тармағына сәйкес (https://adilet.zan.kz/kaz/docs/K1500000375#z132), қызметіне мемлекеттік бақылау жүзеге асырылатын жеке тұлғалар, заңды тұлғалар, олардың филиалдары мен өкілдіктері, мемлекеттік органдар мемлекеттік бақылау субъектілері болып табылады.
Мемлекеттік бақылау субъектiсінде меншік құқығымен немесе өзге де заңды негізде болатын, мемлекеттік бақылауға жататын мүлік мемлекеттік бақылау объектісі болып табылады.
Осыған сүйене отырып, жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім саласындағы мемлекеттік бақылау субъектілері – жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру бағдарламаларын iске асыратын заңды тұлғалар болып табылады.
Мемлекеттік бақылау объектілері: жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру бағдарламаларын iске асыратын заңды тұлғалардың білім беру қызметі, білім алушылардың тиісті білім беру бағдарламаларын меңгеру деңгейі, білім алушылардың оқу нәтижелерін бағалау.
Мысалы, Ғылым және жоғары білім министрлігі жүзеге асыратын мемлекеттік бақылау субъектісі жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымы (бұдан әрі – ЖЖОКБҰ) болып табылады.
Сәйкесінше, мемлекеттік бақылау объектісі – ЖЖОКБҰ-ның білім беру қызметі және білім алушылардың тиісті білім беру бағдарламаларын меңгеру деңгейі болып табылады.
Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрінің м.а. 2023 жылғы 11 тамыздағы № 403 бұйрығы мен бекітілген https://adilet.zan.kz/rus/docs/V2300033291 Маманды жұмысқа жіберу, бюджет қаражаты есебінен жұмсалған шығыстарды өтеу, өз бетімен жұмысқа орналасу құқығын беру, мемлекеттік білім беру тапсырысы негізінде білім алған Қазақстан Республикасының азаматтарын жұмыспен өтеу жөніндегі міндетінен босату немесе олардың міндетін тоқтату қағидаларының 13 тармағына сәйкес жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарының түлектері, ағымдағы жылы оқуды аяқтаған 1 қыркүйектен кешікпей жолдама бойынша жұмыс орнына келеді.
Мысал: Менің ұлым С. 2026 жылы «Орыс тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі» мамандығы бойынша университет бітіреді. Біз отбасымызбен шетелге демалысқа шығуды жоспарлап отырмыз. Ұлым 10 қыркүйекте білім беру ұйымына жұмысқа орналаса ала ма?
Жоқ, Сіздің ұлыңыз мемлекеттік грант бойынша міндетті өтеуін ағымдағы жылдың 1 қыркүйегінен кешіктірмей бастауы тиіс.
Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңының 47-бабының 17-тармағының екінші бөлігіне https://adilet.zan.kz/kaz/docs/Z070000319_#z54 және Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрінің м.а. 2023 жылғы 11 тамыздағы № 403 бұйрығы мен бекітілген https://adilet.zan.kz/kaz/docs/V2300033291 Маманды жұмысқа жіберу, бюджет қаражаты есебінен жұмсалған шығыстарды өтеу, өз бетімен жұмысқа орналасу құқығын беру, мемлекеттік білім беру тапсырысы негізінде білім алған Қазақстан Республикасының азаматтарын жұмыспен өтеу жөніндегі міндетінен босату немесе олардың міндетін тоқтату қағидаларының 5 тармағына сәйкес мемлекеттік білім беру тапсырысы негізінде педагогика мамандықтар бойынша білім алған Қазақстан Республикасының азаматтары жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымды бітіргеннен кейін кемінде үш жыл тиісінше білім беру ұйымдарында жұмыспен өтейді.
Мысал: Менің қызым Р. «Орыс тілі мен әдебиетінің мұғалімі» мамандығы бойынша жоғары білім алды. Ол мектепте емес, оқу орталығында өз мамандығы бойынша педагог болып жұмыс істей ала ма?
Иә, қызыңыз мемлекеттік грантты өтеу үшін меншік нысанына қарамастан кез келген білім беру ұйымында, бұл жағдайда оқу орталығында, жұмысқа орналаса алады.
Білім беру мониторингі Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрінің 2023 жылғы 29 тамыздағы № 449 бұйрығымен бекітілген Білім беру мониторингін жүзеге асыру қағидаларына (бұдан әрі – Қағидалар) сәйкес айқындалады (https://adilet.zan.kz/rus/docs/V2300033354). Қағидалардың 2-тармағының 4) тармақшасына сәйкес, білім беру мониторингі білім беру процесінің жай-күйі мен серпінін, білім алушылар контингентін, білім беру ұйымдары желісін және олардың қызметінің нәтижелерін жүйелі түрде бақылауды, жинауды, талдауды, бағалауды және болжауды білдіреді.
Білім беру мониторингінің мақсаты жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарының (бұдан әрі – ЖЖОКБҰ) қызметі туралы шынайы, толық және уақтылы ақпаратпен қамтамасыз ету болып табылады. Бұл ақпарат білім беру қызметінің сапасы мен тиімділігін бағалау, мемлекеттік органдар үшін талдамалық және статистикалық материалдарды қалыптастыру, басқарушылық шешімдер қабылдау, білім беру жүйесінің дамуын жоспарлау және болжау, сондай-ақ білім беру саласындағы нормативтік талаптардың орындалуын бақылау үшін пайдаланылады.
Мысалы, Алматы қаласында орналасқан жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарының бірінде білім беру мониторингін жүргізу барысында аталған ұйымның ақпараттық жүйелерге берген білім алушылар контингенті туралы мәліметтерінде сенімсіз деректер анықталды. Аталған бұзушылықтар білім алушылардың мәртебесін және білім беру бағдарламалары туралы деректерді дұрыс көрсетпеу түрінде көрініс тапты.
Білім беру мониторингінің қорытындылары бойынша Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігі тиісті ЖЖОКБҰ-ға анықталған бұзушылықтарды жою қажеттілігі туралы хабарламалар жолдады.
Кейіннен жоғары оқу орны бастапқы деректерге тексеру жүргізіп, ақпараттық жүйелерге тиісті өзгерістер мен нақтылаулар енгізді.
29 тамыз 2023 жылғы № 449 Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрінің бұйрығымен бекітілген Білім беру мониторингін жүзеге асыру қағидаларының 3-тармағына сәйкес (https://adilet.zan.kz/kaz/docs/V2300033354), білім беру мониторингінің субъектілері жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдары (бұдан әрі – ЖЖОКБҰ) болып табылады.
ЖЖОКБҰ бастапқы деректердің көздері ретінде әрекет етеді және ақпараттандыру объектілерін қалыптастыру мен жүргізу, білім беру қызметін талдау, білім беру сапасын бағалау, сондай-ақ мемлекеттік органдар үшін статистикалық және талдамалық материалдарды дайындау үшін қажетті әкімшілік деректерді толық, шынайы және уақтылы ұсынуды қамтамасыз етуге міндетті.
ЖЖОКБҰ деректерді уәкілетті орган бекіткен нысандар мен талаптарға сәйкес, белгіленген мерзімдерде ұсынуға, сондай-ақ білім алушылар контингентінде, білім беру бағдарламаларында, кадрлық құрамда және білім беру мониторингі үшін маңызы бар өзге де көрсеткіштерде өзгерістер туындаған жағдайда ақпаратты өзектендіруді қамтамасыз етуге тиіс. Аталған міндеттерді сақтамау Қазақстан Республикасының жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру саласындағы заңнамасына сәйкес әкімшілік жауапкершілікке әкеп соғуы мүмкін.
Мысалы, Астана қаласындағы университеттің түлегі e-Otinish жүйесі арқылы Ғылым және жоғары білім министрлігіне шағым жолдаған. Шағымның мәні – ақпараттық жүйелерде оның мәртебесі әлі күнге дейін студент ретінде көрсетіліп тұрғандықтан, жұмыс орны бойынша міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруға (МӘМС) жарналарды есептеу мүмкін болмай отырғаны. Ақпараттандыру объектілерін қалыптастыру және жүргізу үшін қажетті әкімшілік деректерді ұсынуды жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдары (ЖЖОКБҰ) қамтамасыз ететіндіктен, аталған түлекке деректерді түзету үшін өзі білім алған университетке жүгіну ұсынылды.
«Мемлекеттік тапсырысты орындайтын мемлекеттік ғылыми ұйымдардың және мемлекеттік жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарының ғылыми қызметкерлеріне еңбекақы төлеу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрінің 2024 жылғы 25 желтоқсандағы № 592 бұйрығының 6-тармағына сәйкес https://adilet.zan.kz/kaz/docs/G24HN000592 мемлекеттік ұйымдардың ғылыми қызметкерінің жалақысы біліктілікке, орындалатын жұмыстың күрделілігіне, жұмсалған еңбектің саны мен сапасына байланысты.
Мысалы, мен ғылыми-зерттеу институтының профессоры, техника ғылымдарының докторымын. Мен ғылыми қызметкерлердің лауазымы бойынша қай классқа жатамын?
Мемлекеттік ұйымдардың ғылыми қызметкерлері лауазымдарының сыныптаушысына сәйкес сіз 1-классқа жатасыз.
«Мемлекеттік тапсырысты орындайтын мемлекеттік ғылыми ұйымдардың және мемлекеттік жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарының ғылыми қызметкерлеріне еңбекақы төлеу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрінің 2024 жылғы 25 желтоқсандағы № 592 бұйрығына сәйкес https://adilet.zan.kz/kaz/docs/G24HN000592 гранттық қаржыландыру шеңберінде ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізетін мемлекеттік жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымында жұмыс істейтін философия докторы (PhD), қауымдастырылған профессорға: философия докторы (PhD) және қауымдастырылған профессор (доцент), бейіні бойынша доктор ғылыми атағы және қауымдастырылған профессор (доцент) ғылыми атағы үшін республикалық бюджет туралы заңда белгіленген және тиісті қаржы жылының 1 қаңтарында қолданыста болатын 25 еселенген айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде төлем қарастырылған.
Мысалы, В. есімді азамат философия докторы (PhD, қауымдастырылған профессор (доцент) Астана қаласындағы университеттердің бірінде гранттық қаржыландыру шеңберінде ғылыми-зерттеу жұмысымен айналысқан, бірақ ағымдағы жылдың 1 қыркүйегінен бастап Қарағанды қаласының университетіне доцент болып қабылданып, гранттық қаржыландыру шеңберінде сол жұмысты жалғастырған. Ол жаңа жұмыс орны бойынша қосымша ақы ала ма?
Иә, В. есімді азамат осы қосымша төлемді әрі қарай да ала береді.
Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңының 47-бабының 17-тармағында (https://adilet.zan.kz/kaz/docs/Z070000319_#z54) көзделген жұмысты өтеу жөніндегі міндетті орындамағаны үшін жас маман (жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру (бұдан әрі – ЖЖОКБҰ) және денсаулық сақтау саласындағы ғылыми ұйымдарда мемлекеттік білім беру тапсырысы негізінде білім алған Қазақстан Республикасының азаматы) 17-2-тармағында көзделген жағдайларды қоспағанда өзінің оқуына байланысты бюджет қаражаты есебінен шыққан шығыстарды өтеуге міндетті, осы баптың 17-тармағында.
Бюджет қаражаты есебінен шеккен шығыстарды өтеу іс жүзінде жұмыспен өтелген кезеңге мөлшерлес жүзеге асырылады. Мысалы: Азаматша педагогика мамандығы бойынша грант негізінде ЖЖОКБҰ. Ол білім беру ұйымдарында 3 жыл жұмыс істеуге міндетті.
Жұмысқа орналасқаннан кейін түлек 1 жыл жұмыс істеді, содан кейін өз еркімен жұмыстан шықты, сонымен қатар жұмыстан босатуға негіздер (мүгектілік, декреттік демалыс, оқуды жалғастыру және т.б.) жоқ. Түлек міндеттемелердің 2/3-ін орындамады. Сәйкесінше, ол бюджетке оқытуға кеткен шығындарды жұмыс істемеген мерзімге пропорционалды түрде өтеуге міндетті, яғни мемлекет төлеген оқыту құнының 2/3-ін.