Жиі қойылатын сұрақтар
Білім алушылардың білім жетістіктерін мониторингілеу (ББЖМ) білім беру ұйымдарына тәуелсіз оқыту сапасын жүйелі үздіксіз бақылау түрі болып табылады.
ББЖМ бастауыш, негізгі орта білім беру ұйымдарында (4,9 сыныптар) және алғаш рет техникалық және кәсіптік, орта білімнен (ТжКБ) кейінгі ұйымдарда өтетін болады.
ББЖМ мақсаты:
- Бастауыш және негізгі орта білім деңгейінде – білім алушылардың білім сапасын білім берудің тиісті деңгейлерінің жаңартылған мемлекеттік жалпыға міндетті стандарты шеңберінде бағалау;
- ТжКБ деңгейінде – жалпы білім беру пәндері және (немесе) кәсіптік модульдерді меңгеру деңгейін ТжКБ мемлекеттік жалпыға міндетті стандартына сәйкестігін анықтау.
ББЖМ-ны өткізу:
мектептерде 4 және 9 сыныптар деңгейінде функционалдық сауаттылық және құзыреттілік деңгейін анықтауға, яғни өмірлік жағдайларда білім мен дағдыларды қолдануға, сондай-ақ талдамалық, логикалық ойлауды дамытуға бағытталатын болады.
- колледждерде білім алушыларда жалпы және кәсіби құзыреттіліктің қалыптасу деңгейін анықтауға бағытталатын болады.
«Білім туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 59-бабы 2-тармағына (бұдан әрі – Заң) сәйкес, білім беру жүйесіндегі мемлекеттік бақылау объектілеріне жалпы білім беретін оқу және білім беру бағдарламаларын іске асыратын заңды тұлғалардың білім беру қызметі және білім алушылардың тиісті жалпы білім беретін оқу және білім беру бағдарламаларын меңгеру деңгейі жатады.
Сондай-ақ, Заңның 59-бабы, 8-тармағына сәйкес, білім беру жүйесіндегі мемлекеттік бақылау Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексіне (бұдан әрі – Кодекс) сәйкес тексерулер және профилактикалық бақылау нысанында жүзеге асырылады.
Білім беру ұйымдарында бақылау жүргізу үшін өтініште «Білім беру жүйесіне тексеру жүргізу бойынша тәуекел дәрежесін бағалау өлшемшарттары мен тексеру парақтарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 31 желтоқсандағы № 719 және Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 31 желтоқсандағы № 843 бірлескен бұйрығымен бекітілген тексеру парақтары тармақтарының бұзылғанын куәландыратын фактілер көрсетілуге тиіс.
Сонымен бірге Кодекстің 151-бабына сәйкес, бақылау органының лауазымды адамдары тексеруді немесе бақылау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау мен қадағалауды жүргізу кезiнде осы бақылау органының тексеру парақтарында белгіленбеген, сондай-ақ егер мұндай талаптар мемлекеттiк органның атынан осы лауазымды адамдар әрекет ететiн мемлекеттік органның құзыретiне жатпаса, талаптардың орындалуын тексеруге құқылы еместігін ескеру қажет.
«Педагог мәртебесі туралы» Қазақстан Республикасының Заңына (бұдан әрі – Заң) сәйкес педагогтердің жұмыс уақытына атқаратын лауазымына қарай: оқу (оқытушылық), тәрбие жұмысы, білім алушылармен жеке жұмыс, ғылыми, шығармашылық және зерттеу жұмысы, сондай-ақ лауазымдық міндеттермен және (немесе) жеке жоспарда көзделген басқа да педагогикалық жұмыс: әдістемелік, дайындық, ұйымдастырушылық, диагностикалық, мониторингтік жұмыс, білім алушылармен тәрбиелік, дене шынықтыру-сауықтыру, спорттық, шығармашылық және өзге де іс-шаралар жоспарларымен көзделген жұмыс кіреді.
Педагогке тән емес функцияларға тартуға, шамадан тыс есеп беруге, негізсіз тексерулер жүргізуге тыйым салуды белгілеу арқылы жүктемені қысқарту бойынша нормалар жеке көзделген.
Педагогтің кәсіби қызметін жүзеге асыру кезінде:
1) Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген жағдайларды қоспағанда, оны кәсіптік міндеттермен байланысты емес жұмыс түрлеріне тартуға;
2) Қазақстан Республикасының білім беру саласындағы заңнамасында көзделмеген есептілікті ақпаратты талап етуге;
3) Қазақстан Республикасының заңдарында көзделмеген тексерулерді жүргізуге;
4) тауарлар мен қызметтерді сатып алу жөніндегі міндетті жүктеуге жол берілмейді.
Мемлекеттік орта білім беру ұйымдарының педагогтерін олардың кәсіптік қызметін жүзеге асыруы кезінде мемлекеттік емес ұйымдардың іс-шараларын өткізуге, тартуға жол берілмейді.
"Әкімшілік құқық бұзушылық туралы" 2014 жылғы 5 шілдедегі Қазақстан Республикасының Кодексіне (бұдан әрі - ӘҚБтК) (409-баптың 7-3-тармағы) сәйкес педагог мәртебесі туралы Қазақстан Республикасының заңнамасын мынадай нысанда жасалған бұзушылық:
Педагогтің кәсіби қызметін жүзеге асыру кезінде:
1) Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген жағдайларды қоспағанда, оны кәсіптік міндеттермен байланысты емес жұмыс түрлеріне тартуға;
2) Қазақстан Республикасының білім беру саласындағы заңнамасында көзделмеген есептілікті ақпаратты талап етуге;
3) Қазақстан Республикасының заңдарында көзделмеген тексерулерді жүргізуге;
4) тауарлар мен қызметтерді сатып алу жөніндегі міндетті жүктеуге жол берілмейді.
5) мемлекеттік орта білім беру ұйымының педагогін өз кәсіптік қызметін жүзеге асыру кезінде мемлекеттік емес ұйымдардың іс-шараларын өткізуге тарту түрінде жасалған бұзушылық ескерту жасауға алып келеді.
Жоғарыда көрсетілген әрекеттерді қайталап жасаған кезде (әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде) (409-баптың 7-4-тармағы) лауазымды адамдарға – жиырма, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне немесе коммерциялық емес ұйымдарға – алпыс, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – сексен, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне бір жүз жиырма айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға алып келеді.
Педагогке өзінің лауазымдық міндеттерін орындау кезінде былапыт сөйлеуден, лайықсыз мінез-құлықтан, мазақ қылудан, әбес қылықтар (белгілер), заттар көрсетуден көрінген, оның ішінде бұқаралық ақпарат құралдарын немесе телекоммуникация желілерін пайдалану арқылы құрметтемеушілік таныту жеке тұлғаларға 30 АЕК мөлшерінде айыппұл салуға алып келеді(409-баптың 7-6-тармағы).
Егер бұл әрекеттерді он екі жастан он алты жасқа дейінгі кәмелетке толмағандар жасаған болса ата-анаға немесе оларды алмастыратын адамдарға 20 АЕК мөлшерінде айыппұл салуға алып келеді (409-баптың 7-7-тармағы).
"Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне экономикалық өсуді қалпына келтіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасының 2021 жылғы 2 қаңтардағы № 399 Заңында (бұдан әрі-заң) дене шынықтыру педагогтеріне негізгі жұмыс орны бойынша сабақтан тыс спорттық сабақтар өткізгені үшін базалық лауазымдық жалақыдан 100% мөлшерінде қосымша ақы көзделген.
Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту ұйымдарында сабақтан тыс спорттық сабақтар аптасына 2 сағат, орта білім беру ұйымдарында аптасына 3 сағат, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарында аптасына 4 сағат өткізіледі.
1-4 сыныптарда аптасына кемінде бір сағат шахмат бойынша сабақтан тыс сабақтар міндетті түрде ұйымдастырылуы тиіс.
Сабақтан тыс спорттық сабақтарға арналған топтың сандық құрамы – кемінде 12 адам.
Жоғарыда көрсетілген Заңды іске асыру үшін 2021 жылғы 4 наурызда "азаматтық қызметшілерге, мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен ұсталатын ұйымдардың қызметкерлеріне, қазыналық кәсіпорындардың қызметкерлеріне еңбекақы төлеу жүйесі туралы"Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 31 желтоқсандағы № 1193 қаулысына өзгерістер енгізілді.
Сабақтан тыс спорттық сабақтар өткізгені үшін қосымша ақы "Мемлекеттік ұйымдар педагогтерінің жалақысын есептеу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2020 жылғы 11 мамырдағы № 191 бұйрығының (бұдан әрі-бұйрық) негізінде жүргізіледі.
Қазіргі уақытта "Мемлекеттік ұйымдар педагогтерінің жалақысын есептеу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2020 жылғы 11 мамырдағы № 191 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы бұйрықтың жобасы әзірленді және мемлекеттік органдардың келісімінде тұр.
Бұл норма 2021 жылғы 1 қаңтарда енгізілді. Төлем сабақтарды өткізу фактісі бойынша жүргізілуі тиіс.
"Орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдары үшін білім алушылардың үлгеріміне ағымдағы бақылау, аралық және қорытынды аттестаттау жүргізудің үлгілік қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2008 жылғы 18 наурыздағы № 125 бұйрығына сәйкес үлгілік мінез-құлық көрсеткен және оқу кезеңінде 5-тен 11 (12) - сыныпқа дейінгі барлық пәндер бойынша жылдық және қорытынды бағалары "5" болған және жалпы орта білімі", № 39 бұйрықпен бекітілген нысанға сәйкес жалпы орта білім туралы "Алтын белгі" аттестаты және "Алтын белгі"белгісі беріледі.
Негізгі орта, жалпы орта білім берудің жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын меңгеру білім алушыларды міндетті қорытынды аттестаттаумен аяқталады және мынадай нысанда жүргізіледі::
1) 9 (10) сынып білім алушылары үшін қорытынды бітіру емтихандары;
2) 11 (12) сынып білім алушылары үшін мемлекеттік бітіру емтихандарын тапсыру.
Қорытынды баға емтихан нәтижелері (қорытынды аттестаттау) және оқу жылындағы тоқсандық бағалар негізінде қойылады.
Ұлттық білім беру деректер қорының ақпараты бойынша 2020-2021 оқу жылында 6957 мектеп жұмыс істейді, оның ішінде 3733 – қазақ тілінде, 1160 – орыс тілінде, 2047 – аралас тілде, 17 мектеп өзбек, ұйғыр тілдерінде сабақ береді. Соңғы бес жылда қазақ тілінде оқитындар санының көбеюіне байланысты аралас тілде оқытатын мектептер саны да артып келеді. Аралас тілде оқытатын мектептер біртіндеп қазақ тіліне ауысып жатыр (бүгінгі таңда 50% – ы қазақ тілінде, 44% – ы орыс тілінде, 6% - ы өзбек, ұйғыр, тәжік тілдерінде оқиды).
Психологиялық-медициналық-педагогикалық консультация (ПМПК) балаларды тексеру мен консультация беруді, ерекше білім алу қажеттіліктері мен білім алу үшін арнайы жағдайларды бағалауды, білім беру бағдарламасын айқындауды жүзеге асыратын, сондай-ақ кемтар балаларды арнайы психологиялық-педагогикалық қолдауға жіберетін білім беру ұйымы болып табылады.
01.01.2021 ж. жағдай бойынша 81 ПМПК 161826 баланы тексерді.
ЕБҚ бар балаларды психологиялық-педагогикалық қолдаумен қамту мәселелері бойынша ахуалды талдау бірқатар проблемалық мәселелерді көрсетеді:
- ПМПК ашу нормативтеріне сәйкес келмеуі;
- ПМПК орналасқан үй-жайлардың жобалық қуатының жеткіліксіздігі;
- ПМПК жобалық қуатына бекітілген талаптардың болмауы.
Бүгінгі таңда 1 ПМПК күніне жоспарланған бала санынан артық 528 бала қабылдап жатыр. Сондықтан ПМПК-да кезек бар (республика бойынша 23374-тен астам бала).
Жоспардан тыс тексерілген және кезекте тұрған балалар саны 66 142 баланы құрады.
50 мың балаға шаққанда 1 ПМПК нормативі төмендеген кезде 43 ПМПК қажет болады.
Қосымша 43 ПМПК ашқан кезде ПМПК желісі 124 ПМПК құрайды.
Бұл ретте белгіленген нормаға жақын жүктемеге қол жеткізілетін болады, жылына 1 ПМПК-ға жүктеме 1493 баланы құрайды (норма бойынша жылына 1470 бала).
Қазіргі уақытта Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі ҚРЗ 8-бабының 3-тармағына өзгерістер енгізу бойынша жұмыс жүргізіп жатыр.
Ашу нормативін төмендету бойынша «кемтар балаларды әлеуметтік медициналық-педагогикалық және түзеу арқылы қолдау туралы» Қазақстан Республикасы Парламентінің депутаттары бастамашылық еткен «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне баланың құқықтарын қорғау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасы шеңберінде 60 мың баладан 50 мың балаға дейін 1 ПМПК-ға берілетін болады.
Қазақстан Республикасы Премьер-Министрі А.Маминнің 2020 жылғы 2 желтоқсандағы № 43 хаттамалық тапсырмасының шеңберінде 2.6 – тармақ мүгедектігі бар адамдар үшін 100% кедергісіз қолжетімділікті қамтамасыз ету жөніндегі Жол картасын (бұдан әрі – жол картасы) қабылдау туралы Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігімен бірлесіп, Жол картасына ПМПК үшін құрылыс нормаларын әзірлеу жөніндегі іс-шара енгізілді.
Министрлік «Білімді ұлт» ұлттық жобасына «өңірдің қажеттіліктерін ескере отырып және қазіргі заманғы талаптар мен стандарттарға сәйкес ПМПК желісін кеңейту (50 мың балаға бір ПМПК)» іс-шарасын енгізді. 100% көрсеткішке қол жеткізу 2025 жылға жоспарланған. ПМПК саны 43 бірлікке артады
Биылғы 20 маусымда 5,6,7 сынып балаларын www.qabyldau.daryn.kz конкурстық іріктеу аяқталды. Конкурс оффлайн (тестілеу) режимінде өтті. (Барлығы 134 мамандандырылған білім беру ұйымдары жұмыс істейді)
Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңымен әрбір адамның зияткерлік дамуын, психофизиологиялық және жеке ерекшеліктерін ескере отырып, халық үшін барлық деңгейдегі білімнің қолжетімділігін қамтитын білім беру саласындағы мемлекеттік саясат қағидаттары регламенттеледі.
Қазіргі уақытта мектептердің оқу жылына дайындығына күнделікті мониторинг жүргізіледі. Мониторинг нәтижелері негізінде мектептердің дайындығы бойынша анықталған проблемаларды жою шаралары қабылданатын болады. Оқу жылының басында мектептердің дайындығы қамтамасыз етіліп, ерекше білім берілуіне қажеттілігі бар балаларды қабылдауға жағдай жасалады.
Қазіргі уақытта 6970 мемлекеттік мектеп (100%) бейнебақылау жүйелерімен жабдықталған, олардың 823-і (11,3%) ішкі істер органдарының жедел басқару орталықтарына қосылған.
Бүгінгі таңда 7121 мектеп немесе 98,5% жылы дәретханалармен жабдықталған. Ауладағы дәретханалар 107 мектепте бар, бұл республика мектептерінің жалпы санының 1,5% - ын құрайды.
Қазірдің өзінде ағымдағы жағдайға талдау жүргізіліп, балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша барлық деңгейлерде қосымша кешенді шаралар қабылданып жатыр. Бейнебақылау камералары, өткізу режимі, күзет дабылы, дабыл түймелерінен бөлек, төтенше жағдайларда қызметкерлер мен оқушылардың мінез-құлқы және өзін-өзі ұстауы бойынша түсіндірме жұмыстары жүргізіліп жатыр. Төтенше жағдай кезінде көп нәрсе нақты әрі пысықталған әрекетке байланысты болады.
Білім беру ұйымдарын аттестаттау жобасының ережесінде балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі осы және басқа да жаңа шаралар қамтылады. Бұл тәжірибе мектептерді халықаралық аккредиттеу кезінде сәтті қолданылатынын айта кеткен жөн. Психологиялық қызметтердің жұмысына қолайлы жағдайлар жасауға назар аудару керек. Бұл үлкен және бірлескен жұмыс.
Білім беру ұйымдарында балалардың қауіпсіздігін одан әрі қамтамасыз ету мақсатында Министрлік террористік тұрғыдан осал объектілердің терроризмге қарсы қорғанысын ұйымдастыру жөніндегі нұсқаулықты әзірлейді.
Осы құжат шеңберінде кез келген қауіп туындаған жағдайда білім беру процесінің барлық қатысушыларының, оның ішінде білім алушылардың өмірі мен денсаулығын қорғау мақсатында оқушылар мен педагогтердің және басқа да қызметкерлердің іс-қимылдарының бірыңғай алгоритмі әзірленетін болады.