Жиі қойылатын сұрақтар
«Табиғи монополиялар туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 30-бабына сәйкес, табиғи монополиялар салаларындағы мемлекеттік бақылау жоспардан тыс тексеру, бақылау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау және бақылау субъектісіне (объектісіне) бармай профилактикалық бақылау нысандарында жүзеге асырылады.
Табиғи монополиялар салаларындағы мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру кезінде уәкілетті орган мынадай ден қою шараларын қолданады:
1)әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс қозғайды;
2)Қазақстан Республикасының табиғи монополиялар туралы заңнамасын бұзушылықты жою туралы нұсқама шығарады;
3)материалдарды құқық қорғау және өзге де органдарға береді.
Мысал: Уәкілетті орган тұтынушылардың шағымы бойынша табиғи монополия субъектісіне қатысты жоспардан тыс тексеру жүргізді. Тексеру барысында бекітілмеген тарифтің қолданылғаны анықталды. Тексеру нәтижелері бойынша уәкілетті орган әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс қозғап, анықталған бұзушылықты жою туралы нұсқама шығарды.
Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі туралы ережеге сәйкес жарнама саласында басшылықты, сондай-ақ салааралық үйлестіруді жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады. Осылайша, Министрлік жарнама саласындағы уәкілетті орган болып табылады. Бұл ретте, «Жарнама туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 17-2-бабының 2) тармақшасына сәйкес республикалық маңызы бар қалалардың, астананың, облыстық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдары өз құзыреті шегінде Қазақстан Республикасының Жарнама туралы заңнамасының сақталуына мемлекеттік бақылауды жүзеге асыратынын айта кеткен жөн.
Қазақстан Республикасы Кәсіпкерлік кодексінің (бұдан әрі – Кодекс) 147-бабының 1 және 2-тармақтарына сәйкес, бақылау және қадағалау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылауды және (немесе) тексеруді жүзеге асыру үшін келген бақылау және қадағалау органының лауазымды адамдары, егер Кодексте өзгеше көзделмесе, бақылау және қадағалау субъектісіне уәкілетті органда құқықтық статистика және арнайы есепке алу саласында тіркелгені туралы белгісі бар профилактикалық бақылауды және (немесе) тексеруді тағайындау туралы актіні көрсетуге, сондай-ақ тексеруге немесе профилактикалық бақылауға жататын талаптардың нақты тармақтарын көрсете отырып, тексеру парағымен (бар болған жағдайда) таныстыруға міндетті.
Кодекстің 145-бабы 2-тармағының 6) тармақшасына сәйкес, тағайындалған профилактикалық бақылаудың және (немесе) тексерудің пәні профилактикалық бақылауды және (немесе) тексеруді тағайындау туралы актіде көрсетіледі.
Кодекстің 143-бабының 2 және 3-тармақтарына сәйкес, тексеру парағы бақылау және қадағалау субъектілерінің (объектілерінің) қызметіне қойылатын, сақталмауы адам өмірі мен денсаулығына, қоршаған ортаға, жеке және заңды тұлғалардың, сондай-ақ мемлекеттің заңды мүдделеріне қауіп төндіретін міндетті талаптардың тізбесін қамтиды.
Бақылау және қадағалау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы жүргізілетін тексеру мен профилактикалық бақылауға тек тексеру парақтарында көзделген талаптар ғана жатады.
Кодекстің 151-бабының 1) тармақшасына сәйкес, бақылау және қадағалау органының лауазымды адамдары тексеру парақтарында белгіленбеген талаптардың, сондай-ақ өздері өкілдік ететін мемлекеттік органның құзыретіне жатпайтын талаптардың орындалуын тексеруге құқылы емес.
Аталған талаптарды бұзғаны үшін мемлекеттік органдардың лауазымды адамдары Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 175-бабының 5) тармақшасына сәйкес әкімшілік жауаптылыққа тартылады.
Мысал: Мемлекеттік органның лауазымды адамы тексеру жүргізу кезінде тексеруге жататын тексеру парағы талаптарының тармақтарын көрсете отырып, тексеру тағайындау туралы актіні және тексеру парағын көрсетуге міндетті. Тексеру тағайындау туралы актіні және тексеру парағын ұсынбау, сол сияқты тексеру парағында белгіленбеген талаптардың орындалуын тексеру әкімшілік жауаптылыққа әкеп соғады.
«Қазақстан Республикасының әкiмшiлiк-аумақтық құрылысы туралы» Қазақстан Республикасының 2026 жылғы 5 маусымдағы №300-VIII Конституциялық заңының 15-бабының 4) тармақшасына сәйкес
(бұдан әрі – Конституциялық заң) облыстардың жергілікті өкiлдi және атқарушы органдары бiрлескен шешiммен ауданның, облыстық маңызы бар қаланың жергілікті өкiлдi және атқарушы органдарының пiкiрiн ескере отырып, кенттерді, ауылдарды кенттер немесе ауылдар санатына жатқызады, ауылдық округтердi, кенттердi, ауылдарды құрады, қайта құрады және таратады, сондай-ақ олардың бағыныстылығын өзгертедi.
Сондай-ақ, Конституциялық заңының 16-бабының 2) тармақшасына сәйкес аудандардың жергілікті өкiлдi және атқарушы органдары бiрлескен шешiммен облыстардың жергілікті өкiлдi және атқарушы органдарына кенттерді, ауылдарды кенттер немесе ауылдар санатына жатқызу, ауылдық округтерді, кенттерді немесе ауылдарды құру, қайта құру және тарату, олардың бағыныстылығын өзгерту, оларды есепке алу және тiркеу туралы ұсыныс енгiзедi.
Мысал: саяжай массивіне ауылдық елді мекен мәртебесін беру. Ақмола облысында, Астана қаласына жақын жерде көптеген тұрғындар жыл бойы тұратын, ал тұрғындар саны бірнеше мың адамнан асатын ірі саяжай массиві орналасқан. 1. Бастама көтеру және өтініш білдіру. Саяжай массивінің тұрғындары кооператив немесе бастамашыл топ арқылы ауданның жергілікті атқарушы органына массивке ауылдық елді мекен мәртебесін беру туралы ұсыныспен жүгінеді. 2. Аудан деңгейінде шешім қабылдау. Ауданның жергілікті өкілді және атқарушы органдары халықтың санын, азаматтардың тұрақты тұруын, әлеуметтік байланыстардың болуын және басқа да қажетті шарттарды талдайды, содан кейін бірлескен шешім қабылдап, облыстың жергілікті өкілді және атқарушы органдарына ұсыныс енгізеді.
3. Облыс деңгейінде қарау. Облыстың жергілікті өкілді және атқарушы органдары ұсынысты қарайды және белгіленген өкілеттіктері шегінде саяжай массивіне ауылдық елдә мекен мәртебесін беру туралы шешім қабылдайды.
Агломерацияларды дамыту туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 4-бабының 1-тармағына сәйкес елді мекендерді агломерацияға жатқызу өлшемшарттары ретінде агломерация орталығымен күнделікті еңбек байланысының, өндірістік, әлеуметтік-мәдени және өзге де байланыстардың болуы, сондай-ақ агломерация орталығымен аумақтық бірігу үрдісінің болуы айқындалған.
Сонымен қатар, Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің м.а. 2023 жылғы 31 наурыздағы №44 бұйрығымен бекітілген Агломерация құрамын қалыптастыру қағидаларына сәйкес агломерациялар орталығының мөлшеріне қарай бірінші және екінші деңгейге бөлінеді.
Бірінші деңгейдегі агломерация – орталығы астана немесе республикалық маңызы бар қала болып табылатын агломерация, ал екінші деңгейдегі агломерация – орталығы халық саны 500 мыңнан 1 миллион адамға дейінгі облыстық маңызы бар қала болып табылатын агломерация. Бұл ретте агломерация орталығы халқының саны агломерация санының жартысынан аз болмауға тиіс.
Қағидалардың 10-тармағына сәйкес екінші деңгейдегі агломерация құрамына:
1) агломерация орталығының шекараларынан 20 километр радиустағы елді мекен;
2) республикалық маңызы бар жол бойында агломерация орталығының шекараларынан 30 километрден аспайтын қашықтықта орналасқан ауылдық елді мекен;
3) республикалық маңызы бар жол бойында агломерация орталығының шекараларынан 55 километрден аспайтын қашықтықта орналасқан қалалық елді мекен қосылады.
Мысал: Шымкент қаласының айналасындағы агломерация.
Шымкент — республикалық маңызы бар қала және бірінші деңгейдегі агломерацияның орталығы.
- Орталықпен күнделікті байланыстар. Жақын маңдағы елді мекендер, мысалы: Түркістан қаласы, Арыс қаласы, Сайрам ауылы және Бадам ауылы Шымкент қаласымен тығыз байланыста. Тұрғындар күн сайын Шымкентке жұмысқа және оқуға қатынайды,қаланың ауруханаларын, базарларын, жоғары оқу орындарын және басқа да қызметтерін пайдаланады, жергілікті бизнес Шымкент нарығына бағытталған. Бұл еңбек, экономикалық және әлеуметтік-мәдени байланыстар өлшемшарттарына сәйкес келеді. 2. Аумақтық жақындау.
Шымкент қарқынды дамып келеді, соның нәтижесінде жақын маңдағы аумақтар: тұрғын үй алқаптары белсенді түрде салынып жатыр, қалаға қарай кеңеюде, біртұтас урбандалған аймақты қалыптастыруда. Мысалы: Сайрам ауданының елді мекендері іс жүзінде қалалық ортаға кірігіп кеткен, қала шекаралары біртіндеп маңайдағы елді мекендерге жақындауда. Бұл аумақтық бірігу үрдісін көрсетеді. 3. Көліктік қолжетімділік. Агломерация мына факторлар арқылы қалыптасады: елді мекендердің жақын орналасуы, республикалық және өңірлік маңызы бар автомобиль жолдарының болуы, халықтың белсенді маятниктік көші-қоны. Қорытынды. Шымкент агломерациясы келесі себептерге байланысты қалыптасады: қаламен тұрақты күнделікті байланыстар бар, қалалық құрылыс аумағы кеңейіп келеді, елді мекендер бірыңғай экономикалық және көліктік жүйеге біріктірілген.
Согласно Типовому кодексу, утвержденный приказом Министра национальной экономики Республики Казахстан от 5 октября 2018 года
№ 21 корпоративного управления в контролируемых государством акционерных обществах, за исключением Фонда национального благосостояния корпоративное управление – совокупность процессов, обеспечивающих управление и контроль за деятельностью Общества и включающих отношения между акционерами, советом директоров, правлением, иными органами Общества и заинтересованными лицами в интересах акционеров. Корпоративное управление также определяет структуру Общества, с помощью которой устанавливаются его цели, способы достижения этих целей, а также мониторинг и оценка результатов деятельности. Пример: В акционерных обществах
с участием государства корпоративное управление заключается в том, что министерство определяет цели, совет директоров разрабатывает план, правление осуществляет его выполнение, а результаты контролируются.
Мемлекет бақылайтын акционерлік қоғамдардағы корпоративтік басқарудың Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің
2018 жылғы 5 қазандағы № 21 бұйрығымен бекітілген, Үлгілік кодексінің
24-тармағына сәйкес, мыналарды қоспағанда Ұлттық әл-ауқат қорының Корпоративтік басқару жүйесі өзара қарым-қатынасты қарастырады:
1) акционерлердің (қатысушылардың);
2) Директорлар кеңесінің (қадағалау кеңесінің);
3) атқарушы органның;
4) мүдделі тараптардың;
5) Жарғыға сәйкес айқындалатын өзге де органдардың арасындағы өзара қарым-қатынастарды көздейді.
Мысалы: «Экономикалық зерттеулер институты» АҚ-да бақылау процесі ұйымдастырылады және жүзеге асырылады, онда қатысушылар мақсаттарды айқындайды. Директорлар кеңесі стратегияны бекітеді, атқарушы орган (Басқарма) оны іске асырады, ал қызмет нәтижелері тұрақты бағалауға жатады.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 27 сәуірдегі № 334 «Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымы арасындағы «Жаһандық байланыстар бағдарламасы арқылы ынтымақтастық» жобасы туралы Келісімге қол қою туралы» қаулысына сәйкес Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымымен (бұдан әрі – ЭЫДҰ) «Жаһандық байланыстар бағдарламасы арқылы ынтымақтастық» жобасы шеңберінде ынтымақтастықты кеңейтуге келісім берілді. ЭЫДҰ – экономикалық және әлеуметтік мәселелерді бірлесіп шешу мақсатында 38 мемлекетті біріктіретін халықаралық ұйым. ЭЫДҰ-ның Жаһандық байланыстар бағдарламасы ұйымның стандарттары мен озық тәжірибелерін серіктес елдерде таратуға және практикалық қолдануға, сондай-ақ мемлекеттік саясат мәселелері бойынша диалог алаңын қалыптастыруға және тәжірибе алмасуға бағытталған ЭЫДҰ Жаһандық байланыстар хатшылығының құралы болып табылады. Ұйым елдерге экономика, сауда, салық салу, білім беру, экология және мемлекеттік басқару салаларында ортақ стандарттар мен ұсынымдар әзірлеуге жәрдемдеседі. ЭЫДҰ сондай-ақ статистика жинайды, әлемдік экономикалық үрдістерді талдайды және реформалар жүргізуге қатысты ұсынымдар дайындайды. Қазақстан ЭЫДҰ-мен 2008 жылдан бастап Еуразиялық бәсекеге қабілеттілік бағдарламасы шеңберінде ынтымақтасып келеді. 2015 жылы Ынтымақтастық бойынша елдік бағдарлама да қол қойылды. Аталған екіжақты құрал тиісті мемлекеттік басқаруды қамтамасыз ету, қоршаған ортаны қорғау, денсаулық сақтау, салық салу, бәсекелестік саясаты және іскерлік ортаны дамыту, сондай-ақ статистика салаларында ЭЫДҰ халықаралық тәжірибесі мен стандарттарын Қазақстанның мемлекеттік саясатына енгізуге бағытталған болатын. Аталған келісім Қазақстанның ЭЫДҰ қызметіне қатысу форматын кеңейтіп, ұйымның сараптамалық ресурстары мен тақырыптық бағдарламаларына қол жеткізуді қамтамасыз етті. Мысалы, ЭЫДҰ сарапшылары өзекті мәселелер бойынша тәжірибе мен білімімен бөлісетін әртүрлі семинарлар, вебинарлар және отырыстар өткізілуде. Елдік бағдарлама аяқталғаннан кейін өзара іс-қимыл Өзара түсіністік туралы меморандум негізінде жалғасуда. Ынтымақтастықты үйлестіруді Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрлігі жүзеге асырады, ал талдамалық қолдауды «Экономикалық зерттеулер институты» акционерлік қоғамы көрсетеді.
«Мемлекеттік-жекешелік әріптестік туралы» Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі - Заң) 1-бабының 10) тармақшасына сәйкес, мемлекеттік-жекешелік әріптестік (бұдан әрі - МЖӘ) жобасы бойынша операциялық шығындардың өтемақысы (бұдан әрі - ОШӨ) МЖӘ шартына сәйкес МЖӘ объектісін пайдалануға байланысты жекеше әріптестің шығыстарын өтеуге бағытталған, бюджет қаражаты есебінен төленетін ақшалай төлемдерді білдіреді. ОШӨ сомасын есептеу кезінде ескерілетін операциялық шығындардың топтары Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Ұлттық экономика министрінің 2025 жылғы 16 маусымдағы
№ 52 бұйрығымен бекітілген Мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобаларының тәуекелдерін бөлу және бағалау әдістемесінің 9-тармағында айқындалған. Мысалы, МЖӘ жобасы бойынша операциялық шығындардың болжамды мөлшерін есептеу кезінде, оның ішінде МЖӘ объектісін ұстауға және пайдалануға арналған шығындар, МЖӘ объектісінің ғимараттары (құрылысжайлары) мен аумақтарын ұстауға арналған шығындар, салықтар, сақтандыру, қарыздарға қызмет көрсету бойынша шығыстар (қарыз бойынша есептелетін сыйақылар) ескерілуі мүмкін.
Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2022 жылғы 11 қазандағы № 167-ө «Орнықты даму мақсаттары жөніндегі үйлестіру кеңесі туралы» өкіміне сәйкес, Орнықты даму мақсаттары жөніндегі үйлестіру кеңесі (бұдан әрі – Кеңес) Қазақстан Республикасының Үкіметі жанындағы консультативтік-кеңесші орган болып табылады және Орнықты даму мақсаттарын (бұдан әрі – ОДМ) ілгерілету бойынша ұсыныстар мен ұсынымдар әзірлеу мақсатында құрылған. Кеңес Қазақстанда ОДМ-ды іске асырудың институционалдық жүйесінің негізгі элементтерінің бірі болып табылады, өйткені ол мемлекеттік органдар мен басқа да мүдделі тараптардың қатысуымен тұрақты даму мәселелері бойынша тәсілдерді талқылауды және келісуді қамтамасыз етеді.
Іс жүзінде Кеңес ОДМ-ды іске асыру барысына, ұлттық индикаторларды мониторингтеуге, ОДМ-ды мемлекеттік саясатқа интеграциялауға, ұсыныстар дайындауға және орнықты дамудың басым бағыттарын талқылауға байланысты мәселелерді қарайды. Кеңестің жұмысы 2030 жылға дейінгі күн тәртібінің келесі негізгі бағыттары бойынша құрылады: «Адамдар», «Планета», «Өркендеу», «Бейбітшілік» және «Әріптестік». Бұл бағыттар әлеуметтік дамуды, экономикалық өсуді, экологиялық орнықтылықты, тиімді институттарды және халықаралық ынтымақтастықты қамтиды.
Ведомствоаралық жұмыс топтарының құрамына мемлекеттік органдардың, үкіметтік емес ұйымдардың, бизнестің, сарапшылық қоғамдастықтың, халықаралық ұйымдардың және басқа да мүдделі тараптардың өкілдері кіреді. Мұндай тәсіл орнықты даму мәселелерін талқылау кезінде әртүрлі ұстанымдарды ескеруге мүмкіндік береді. Кеңес ұлттық ОДМ архитектурасының басқа элементтерімен де байланысты: Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрлігімен үйлестіруші орган ретінде, Орнықты даму мақсаттарға қол жеткізуді мониторингтеу жөніндегі комитетпен, Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің Ұлттық статистика бюросымен, ведомствоаралық жұмыс топтарымен, өңірлік қатысушылармен, Парламенттік комиссиямен, халықаралық ұйымдармен, академиялық қоғамдастықпен, бизнеспен және үкіметтік емес сектормен. «Экономикалық зерттеулер институты» акционерлік қоғамы Кеңестің хатшылығы болып айқындалған.
Мысалы, Кеңес арқылы ОДМ-ның ұлттық индикаторларын мониторингтеу, Ерікті ұлттық шолуларды дайындау, ОДМ-ды мемлекеттік жоспарлауға интеграциялау және орнықты дамудың негізгі бағыттары бойынша мемлекеттік органдардың іс-қимылдарын келісу мәселелері талқыланады.