Жиі қойылатын сұрақтар
Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексінің 488-бабының 1-тармағына сәйкес, егер заң актілерінде немесе тараптардың келісімінде өзгеше көзделмесе, энергияға ақы төлеу энергияны есепке алу деректеріне сәйкес айқындалатын, абонент іс жүзінде қабылдаған энергия мөлшері үшін жүргізіледі.
Сонымен бірге, «Табиғи монополиялар туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 26-бабы 2-тармағының 3) тармақшасына сәйкес табиғи монополия субъектісі осы Заңға сәйкес бекітілген тариф бойынша реттеліп көрсетілетін қызметті ұсынуға міндетті.
Бұдан басқа, Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2014 жылғы 18 желтоқсандағы № 211 бұйрығымен бекітілген жылу энергиясын пайдалану қағидаларының 62-тармағына сәйкес тұтынушы жылу энергиясы үшін энергиямен жабдықтаушы ұйыммен тараптардың пайдалану жауапкершілігінің шекарасында орнатылған коммерциялық есепке алу аспаптары бойынша, белгіленген тәртіппен бекітілген, реттеуші орган бекіткен тариф бойынша есептеледі.
Жылу энергиясын тұрмыстық мұқтаждар үшін пайдаланатын тұтынушыда коммерциялық есепке алу аспаптары болмаған кезде, көрсетілген қызметтердің көлемі Қазақстан Республикасының Табиғи монополиялар саласындағы заңнамасында белгіленген тәртіппен есептеу жолымен айқындалады.
Жылу энергиясымен жабдықтау бойынша реттеліп көрсетілетін қызмет үшін төлемақы мөлшерін есептеу тетігі тарифтерді қалыптастыру қағидаларында айқындалған.
Сонымен қатар, бекітілген тарифтер мен басқа да мәселелер бойынша қосымша ақпарат алу үшін тұтынушыға Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Табиғи монополияларды реттеу комитетінің тиісті аумақтық департаментіне (Аумақтық департаменттердің мекен-жайлары сайтта көрсетілген) хабарласуды ұсынамыз www.gov.kz/memleket/entities/krem/ бөлімде: Басты – Комитет туралы – Комитеттің құрылымы – Аумақтық департаменттер), тұтынушының орналасқан жері бойынша.
Жалдау ақысы шағын және орта бизнес субъектілері үшін жылжымайтын мүлік объектісін мүліктік жалдау (жалға алу) үшін 2020 жылғы 20 маусым мен 31 желтоқсан аралығындағы кезеңде есептелмейді (ҚР Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 17 наурыздағы № 212 бұйрығымен бекітілген мемлекеттік мүлікті мүліктік жалдауға (жалға алуға) беру қағидаларының 53-1-тармағы).
ҚР Кәсіпкерлік кодексінің 24-бабының 3 және 5-тармақтарында шағын кәсіпкерлік субъектілері болып заңды тұлға құрмаған дара кәсіпкерлер және жұмыскерлерінің жылдық орташа саны жүз адамнан аспайтын және жылдық орташа табысы республикалық бюджет туралы заңда белгіленген және тиісті қаржы жылының 1 қаңтарында қолданыста болатын айлық есептік көрсеткіштің үш жүз мың еселенген мөлшерінен аспайтын, кәсіпкерлікті жүзеге асыратын заңды тұлғалар табылады.
Осы баптың 3 және 6-тармақтарына сәйкес кәсіпкерлікті жүзеге асыратын, шағын және ірі кәсіпкерлік субъектілеріне жатпайтын дара кәсіпкерлер мен заңды тұлғалар орта кәсіпкерлік субъектілері болып табылады.
Осылайша, жоғарыда аталған бизнес субъектілеріне 20 жылдың 20 маусымы мен 31 желтоқсаны аралығында мемлекеттік мүлікті мүліктік жалдау (жалға алу) үшін жалдау ақысы есептелмейді.