Жиі қойылатын сұрақтар
Қазақстан Республикасының «Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы» салалық Заңы (18-баптың 8-тармағы) ауылдық елді мекендерге жұмыс істеу және тұруға келген әлеуметтік сала және агроөнеркәсіптік кешен мамандарын ғана қолдауға бағытталған.
Қазіргі уақытта заңнамалық актілердің халқы 10 мың адамнан аз шағын қалалардың мәртебесін өзгерту бөлігіне түзетулер енгізілді. Қалалық елді мекеннің мәртебесі ауылдық елді мекенге өзгерген жағдайда, олардың мамандары бұдан әрі Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген әлеуметтік қолдау шаралары мен тиісті үстемеақылар ала алады.
Сондай-ақ, қалаларға келетін мамандар үшін Жоба шеңберінде әлеуметтік қолдау шараларын ұсыну ауылдық жерлерден мамандардың кетуіне және кадр тапшылығының одан әрі ұлғаюына әкелуі мүмкін екенін ескеру қажет.
Иә, болады. Бұл норма Қағидаларда (2014 жылғы 6 қарашадағы № 72 бұйрық) бар. Әкімдік маманға таңдау үшін тұрғын үйлердің үлгілік жобаларының нұсқаларын ұсынады. Алайда тұрғын үйдің бір шаршы метрінің құны 46 АЕК-тен (134,2 мың теңге) аспауы тиіс. Тұрғын үй құрылысының сметалық құны берілетін кредиттің екі еселенген мөлшерінен аспауы қажет. Тұрғын үй құрылысының мерзімі кредит берілген сәттен бастап 12 айдан аспауы тиіс.
Қағидаларға сәйкес алушы әлеуметтік қолдау шараларын алған кезде ауылдық жерде кемінде үш жыл жұмыс істеуге өзіне міндеттеме алады.
Сонымен бірге, Қағидаларда жас ерекшеліктеріне шектеулер белгіленбеген. Алайда әкімдіктер маманның еңбек демалысына шыққанға дейін толық үш жыл бұрын шекті жұмыс мерзімі бойынша келісім міндеттемелерін орындау мерзімдерін ескереді, сондай-ақ бюджеттік кредит бойынша мерзімдер (15 жылға дейін) ескеріледі.
Жоқ, пайдалана алмайды. Бұл проблеманы жергілікті атқарушы органдар бірнеше рет көтерді. Біз жақын туыстарынан (жұбайынан (зайыбынан), атасынан (әжесінен), ата-аналарынан (оның ішінде асырап алушылардан), балаларынан (оның ішінде асырап алынғандардан), ата-анасы бір және ата-анасы бөлек аға-інілері мен апа-қарындастарынан) тұрғын үй-жай сатып алуға, сондай-ақ азамат тұрақты тұратын тұрғын үй-жайды сатып алуға тыйым салу жөніндегі норманы енгіздік.
Бұл норма шын мәнінде тұрғын үйі жоқ мамандарды әлеуметтік қолдау шараларымен неғұрлым тиімді қамтуға ықпал ететін болады.
Бұл норма тұрғын үйі жоқ мамандарды әлеуметтік қолдау шараларымен барынша тиімді қамту, сондай-ақ бұрын берілген кредиттері бар мамандарға қаржылық жүктемені болдырмау үшін, сондай-ақ соңғы 2 жылда 90 күнтізбелік күннен артық қарызы болмаған жағдайда енгізілді. Басқа кредиттердің болуы мамандардың төлем қабілетіне әсер етеді.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 29 желтоқсандағы № 939 қаулысымен бекітілген мемлекеттік әкімшілік қызметшілерге бонустар төлеу, материалдық көмек көрсету, сондай-ақ пилоттық органдардың «Б» корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің лауазымдық айлықақыларына үстемеақылар белгілеу қағидаларының (бұдан әрі – Қағидалар) 12-тармағына сәйкес бонустар сынақ мерзімі аяқталған және мемлекеттік әкімшілік қызметшінің қызметін бағалау басталған күнге кемінде үш ай мемлекеттік қызметте лауазымға орналасқан жағдайда төленеді.
Жұмыстан шығарған кезде
Мемлекеттік әкімшілік қызметші жұмыстан босатылған немесе онымен еңбек қатынастары бұзылған кезде оның есепті кезеңдегі қызметін бағалаудың тиісті нәтижелері болған кезде бонустар төленеді.
Бұл ретте Қағидалардың 14-тармағында есептік кезеңде бағалау басталған күнге дейін мемлекеттік әкімшілік қызметші еңбек қатынастарын бұзған немесе жұмыстан босатылған кезде бонус төленбейтіні белгіленген.
Жүктілікке және босануға арналған демалысқа шығуға байланысты
Қағидалардың 2-тармағының 1) тармақшасына сәйкес бонус – бұл мемлекеттік әкімшілік қызметшілерге олардың қызметінің тиімділігін бағалау нәтижелері бойынша белгіленетін ақшалай төлем.
Бұл ретте «Б» корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін бағалауды өткізу тәртібі Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының 2018 жылғы 16 қаңтардағы №13 бұйрығымен бекітілген «Б» корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін бағалаудың үлгілік әдістемесімен (бұдан әрі – Үлгілік әдістеме) айқындалады.
Баяндалғанды ескере отырып, Сіз Үлгілік әдістемеде айқындалған тәртіппен жүргізілген қызметті бағалау нәтижелері болған кезде есепті кезеңде жұмыс істеген нақты күндер саны үшін бонус алуға үміткер болуға құқығыңыз бар.
«Б» корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін бағалауды өткізу тәртібі Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігі (бұдан әрі – Агенттік) Төрағасының 2018 жылғы 16 қаңтардағы № 13 бұйрығымен бекітілген «Б» корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін бағалаудың үлгілік әдістемесімен (бұдан әрі – Үлгілік әдістеме) айқындалады.
Үлгілік әдістеменің 5-тармағына сәйкес бағалауды өткізу үшін «Б» корпусы қызметшісінің мемлекеттік лауазымға тағайындау және мемлекеттік лауазымнан босату құқығы бар лауазымды тұлғамен Бағалау жөніндегі Комиссия (бұдан әрі – Комиссия) құрылады, персоналды басқару қызметі оның жұмыс органы болып табылады.
Осылайша, бағалау мәселесі бойынша сіз жұмыс істейтін мемлекеттік органның комиссиясына жүгінуіңіз керек.
Сонымен қатар, «Құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 60-бабының 3-тармағына сәйкес нормативтік құқықтық актілерге ресми түсіндірмені оларды қабылдаған (шығарған) уәкілетті органдар немесе лауазымды адамдар береді.
Осыған байланысты, жоғарыда аталған мәселе бойынша ресми түсініктеме алу үшін Агенттікке жүгіну қажет.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 29 тамыздағы № 1127 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы органдарының қызметкерлеріне мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен сыйлықақы беру, материалдық көмек көрсету және лауазымдық айлықақыларына үстемеақылар белгілеу қағидаларының 8-тармағында мемлекеттік әкімшілік қызметшіге материалдық көмек көрсету оның ауыр материалдық жағдайына байланысты мынадай жағдайларда жүзеге асырылуы мүмкін деп көзделген::
1) оның отбасы мүшелері, жақын туыстары (ерлі-зайыптылар, ата-аналары, балалары, бала асырап алушылар, асырап алынғандар, ата-анасы бір және ата-анасы бөлек аға-інілері мен апа-сіңлілері, аталары, әжелері, немерелері) немесе жекжаттары (ерлі-зайыптылардың аға-інілері,
апа-сіңлілері, ата-аналары мен балалары) қайтыс болған;);
2) некеге тұру;
3) бала туғанда, бала асырап алғанда;
4) қосымша қаржы шығындарын талап ететін емдеу (санаторийлік емдеуден басқа, күнтізбелік 10 күннен астам стационарлық немесе амбулаториялық емдеу);
5) жұмыскерге қатысты құқыққа қарсы іс-әрекеттер (қарақшылық, ұрлық және т.б.), сондай-ақ дүлей зілзалалар (өрт, су тасқыны, жер сілкінісі және т.б.) жасау салдарынан оған мүліктік зиян келтірілгенде;);
6) жұмыскер зейнеткерлікке шыққан кезде тоқтатылады.
Бұл ретте мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен Қазақстан Республикасы органдары қызметкерлеріне материалдық көмек көрсету және лауазымдық айлықақыларына үстемеақылар белгілеу тәртібі жоғарыда көрсетілген қағидалармен регламенттелген.
«Азаматтық қызметшілерге, мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен ұсталатын ұйымдардың қызметкерлеріне, қазыналық кәсіпорындардың қызметкерлеріне еңбекақы төлеу жүйесі туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 31 желтоқсандағы № 1193 және «Мемлекеттік бюджет есебінен ұсталатын барлық органдардың қызметкерлеріне еңбекақы төлеудің бірыңғай жүйесін бекіту туралыә 2017 жылғы 16 қазандағы № 646қбпү қаулыларына сәйкес базалық лауазымдық айлықақы (бұдан әрі – БЛЖ) азаматтық қызметшілердің де, мемлекеттік бюджет есебінен ұсталатын барлық органдардың (мемлекеттік қызметшілер, әскери қызметшілер және әлеуетті органдардың қызметкерлері, депутаттар, судьялар және т.б.) қызметкерлерінің де лауазымдық айлықақыларын есептеу үшін қолданылады. Бюджеттік қызметкердің лауазымдық жалақысы БЛЖ-ны жұмыс өтілі бойынша коэффициентке көбейту жолымен айқындалады (қолданыстағы жүйе бойынша қызметкердің еңбегі сараланған түрде төленеді және орындалатын жұмыстың біліктілігіне, күрделілігіне және санына байланысты болады).
Бұл ретте, жұмыскерлердің көрсетілген санаттарының санын ескере отырып, БЛЖ-ны арттыру туралы бір мезгілде шешім қабылдау не оны жыл сайын индекстеу мемлекеттік бюджеттен елеулі бюджет қаражатын бөлуді талап етеді.
Сонымен қатар, мемлекет қаржы-экономикалық мүмкіндіктерге сүйене отырып, бюджет саласы қызметкерлерінің еңбекақы деңгейін кезең-кезеңімен арттыратынын атап өтеміз.
Бұдан басқа, мемлекеттік қызметшілердің лауазымдық айлықақыларын есептеу үшін коэффициенттерді қайта қарау және бюджеттік мүмкіндіктерге қарай үш жылда бір рет индекстеуді жүзеге асыру бойынша шаралар пысықталып жатқанын атап өткен жөн.
Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Табиғи монополияларды реттеу комитетінің қарамағында Астанада, Республикалық маңызы бар қалаларда және Қазақстанның облыстарында 17 аумақтық бөлімше бар.
Табиғи монополиялар субъектілерінің мемлекеттік тіркелімінің жергілікті бөліміне енгізілген табиғи монополиялар субъектілерінің қызметін бақылауды және реттеуді Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Табиғи монополияларды реттеу комитетінің аумақтық департаменттері жүзеге асырады.
Осыған байланысты, табиғи монополиялар субъектісін тексеруді ұйымдастыру үшін тұрғылықты жері бойынша аумақтық департаментке растайтын құжаттарды қоса бере отырып, жазбаша (ТАӘ, тұратын жері, байланыстары көрсетіле отырып) жүгіну қажет.
Бұдан басқа, мемлекеттік тіркелімнің жергілікті бөліміне енгізілген табиғи монополиялар субъектілерінің бекітілген тарифтері бойынша, сондай-ақ аумақтық департаменттердің заңды мекенжайлары бойынша ақпарат Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Табиғи монополияларды реттеу комитетінің ресми интернет-ресурсында орналастырылған.