Құрылым

Қоғаммен байланыс департаменті

Қоғаммен байланыс департаменті ақпараттық кеңістікті талдайды және мониторингілейді, Министрліктің оң имиджін және беделін қалыптастыруға, жұртшылықтың ниеттестігін сақтауға бағытталған шаралар кешенін әзірлейді

Толығырақ

Телефон:

8(7172)75-09-38

Электрондық пошта:

a.koishibaeva@ecogeo.gov.kz

Экологиялық мәдениет және саясат департаменті

Экологиялық мәдениет және саясат департаменті

Қоршаған ортаның сапасын жақсарту, табиғи ресурстарды сақтау, қоғамның экологиялық орнықты дамуының қолайлы деңгейіне қол жеткізу.
«Жасыл экономикаға» көшу жөніндегі мемлекеттік саясатты қалыптастыру және іске асыру.
Қоршаған ортаны қорғау саласындағы ақпаратты тарату және ағарту жүйесін дамыту.
Қоршаған ортаны қорғау саласындағы заңнаманы жетілдіру.
Қоршаған ортаны қорғау саласындағы халықаралық ынтымақтастық мәселелері бойынша мемлекеттік саясатты іске асыру, орталық және жергілікті атқарушы органдардың қызметін үйлестіруді іске асыру.
Өз құзыреті шегінде өзге де міндеттерді орындау.

Толығырақ

Қалдықтарды басқару департаменті

Қалдықтарды басқару департаменті

Тұрмыстық қатты қалдықтарды басқарудағы мемлекеттік саясатты жүргізу.
Қалдықтарды және химиялық заттарды реттеу саласында халықаралық шарттарды іске асыру.
Өнеркәсіптік қалдықтарды басқару саласындағы мемлекеттік саясатты жүргізу.
Өндірушілердің (импорттаушылардың) кеңейтілген міндеттемелері операторының қызметін дамыту.
Өндіріс және тұтыну қалдықтарын басқару саласындағы мемлекеттік инвестициялық саясатты жүзеге асыру.

Толығырақ

Телефон:

8(7172)74-02-57

Электрондық пошта:

r.tukenov@ecogeo.gov.kz

Климаттық саясат департаменті

Климатты және Жердің озон қабатын қорғау саласында бірыңғай мемлекеттік саясатты қалыптастыру, іске асыру және бағдарламаны әзірлеуді ұйымдастыру.
Біріккен Ұлттар Ұйымының Климаттың өзгеруі туралы негіздемелік конвенциясының (бұдан әрі - БҰҰ ИКК) және климаттың және Жердің озон қабатының өзгеруі саласындағы басқа да халықаралық келісімдер мен хаттамалардың түпкілікті мақсаты мен ережелерін іске асыру және имплементациялау.
Климаттың өзгеруі және Жердің озон қабатын қорғау саласындағы халықаралық ынтымақтастық мәселелері бойынша мемлекеттік саясатты іске асыру.
Парниктік газдар шығарындылары мен сіңірулері және озонды бұзатын заттар саласындағы мемлекеттік реттеу.
Технологияларды беру, білім алмасу және халықаралық даму институттарын қаржылық қолдау арқылы өңірде "жасыл" өсімді қамтамасыз ету.

Толығырақ

Телефон:

8(7172)74-02-28

Электрондық пошта:

s.sabieva@ecogeo.gov.kz

Ішкі аудит департаменті

Ішкі аудит департаменті

Департаменттің негізгі мақсаты Министрге Министрліктің стратегиялық мақсаттары мен міндеттеріне қол жеткізуде жәрдемдесу, мемлекеттік органды тиімді басқаруды, бюджет қаражатын, мемлекеттің активтерін және тәуекелдерді басқару жүйесіне негізделген квазимемлекеттік сектордың субъектілерін басқару және пайдалану тиімділігін арттыруды қамтамасыз етуге арналған тәуелсіз және объективті ақпарат ұсыну болып табылады.
Департамент міндеттері:
1) Министрліктің стратегиялық құжаттарының мақсаттары мен міндеттеріне қол жеткізілуін талдау;
2) қаржылық және басқарушылық ақпараттың сенімділігі мен дұрыстығын, Министрлік қызметін ұйымдастырудың ішкі процестерінің тиімділігін, көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің сапасын, мемлекет активтерінің сақталуын талдау, бағалау және тексеру.

Толығырақ

Халықаралық қатынастар департаменті

Министрліктің құзыреті шеңберінде Департаменттің міндеттері:
1) мемлекеттің сыртқы саяси бағытына сәйкес шет мемлекеттермен және халықаралық ұйымдармен экология және табиғи ресурстар саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру;
2) экология және табиғи ресурстар мәселелері бойынша екіжақты және көпжақты ынтымақтастық форматында шет мемлекеттермен өзара іс-қимыл мониторингін, бақылауды қамтамасыз ету;
3) Біріккен Ұлттар ұйымы, Еуразиялық экономикалық одақ, Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы, Шанхай ынтымақтастық ұйымы, Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымы және басқалар шеңберінде экология және табиғи ресурстар саласындағы халықаралық қоғамдастыққа ықпалдасу және ұлттық мүдделерді қорғау;
4) экология және табиғи ресурстар саласында халықаралық шарттар мен келісімдер жасасу;
5) Қазақстанда және шетелде экология және табиғи ресурстар мәселелері бойынша халықаралық іс-шаралар өткізу.

Толығырақ

Цифрлық трансформация және жобаларды басқару департаменті

Цифрлық трансформация және жобаларды басқару департаменті

Цифрлық технологияларды цифрландыру және енгізу жөніндегі, сондай-ақ есептеу техникасының қазіргі заманғы құралдарын және озық ақпараттық технологияларды пайдалана отырып, Министрліктің мемлекеттік ақпараттық жүйелерін және Министрлікке ведомстволық бағынысты ұйымдарда ақпараттық жүйелерді құру, енгізу, пайдалану және дамыту жөніндегі жұмыстарды жоспарлау және үйлестіру, сондай-ақ мемлекеттік қызметтер көрсетудің тиімділігін арттыру.

Толығырақ

Телефон:

8 (7172) 75-09-49

Электрондық пошта:

d.orazkalieva@ecogeo.gov.kz

Әкімшілік жұмыс департаменті

Әкімшілік жұмыс департаменті

Министрлікте іс қағаздарын жүргізу жүйесін жүргізуді және жетілдіруді қамтамасыз ету.
Қазақстан Республикасы Президентінің, Мемлекеттік хатшысының, Қазақстан Республикасы Парламентінің, Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің, Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігі мен Үкіметі басшылығының актілері мен тапсырмаларының уақтылы орындалуын бақылау.
Министрліктің жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау бойынша қызметін құжаттамалық қамтамасыз ету.
Министрліктің ведомстволық архивінің жұмысын ұйымдастыру.
Министрлікте Қазақстан Республикасы Конституциясының, «Қазақстан Республикасындағы тіл туралы» 1997 жылғы 11 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының, Тілдерді қолдану мен дамытудың мемлекеттік бағдарламасының талаптарын, Қазақстан Республикасы Президентінің, Қазақстан Республикасы Үкіметінің тіл саясаты мәселелері жөніндегі жарлықтарын, қаулылары мен өзге де құқықтық актілерінің талаптарын іске асыру.
Министрліктің орталық аппаратын материалдық қамтамасыз ету.

Толығырақ

Телефон:

+7(7172) 75-09-08

Электрондық пошта:

s.sandybaev@ecogeo.gov.kz

Персоналды басқару департаменті

Департамент Министрліктің персоналды басқарудың бірыңғай жүйесін қалыптастырады, персоналдың мемлекеттік қызметті өту процесін қамтамасыз етеді, корпоративтік мәдениетті дамытады, персоналды оқытуды жүргізеді, Министрліктің құрылымдық бөлімшелері қызметінің тиімділігін бағалауды және талдауды жүзеге асырады.

Толығырақ

Телефон:

+7 (7172) 75-09-48

Электрондық пошта:

a.kazakbaiuly@ecogeo.gov.kz

Мемлекеттік активтерді басқару және бюджеттік саясат департаменті

Мемлекеттік активтерді басқару және бюджеттік саясат департаменті

Әлеуметтік-экономикалық даму басымдықтарымен өзара іс-қимыл жасай отырып, мемлекеттік бюджеттік саясатты қалыптастыру және іске асыру. Министрлік аппараты мен мемлекеттік мекемелерінің бухгалтерлік есебін және қаржылық есептілігін жүргізуді қамтамасыз ету және Министрліктің мемлекеттік активтерді басқару саласындағы мемлекеттік саясатын қалыптастыруды және іске асыруды қамтамасыз ету. Республикалық бюджетті атқару кезінде бюджеттік қатынастар, мемлекеттік сатып алу, бюджеттік және бухгалтерлік есеп, сондай-ақ Министрліктің қаржылық есептілігі саласындағы үйлестіру және әдіснамалық басшылық жасау және мемлекеттік сатып алу саласындағы іс-шараларды қалыптастыруды және іске асыруды қамтамасыз ету.

Толығырақ

Телефон:

+7 (7172) 74-78-64

Электрондық пошта:

zh.kusainova@ecogeo.gov.kz

Стратегиялық жоспарлау және талдау департаменті

Стратегиялық жоспарлау және талдау департаменті 

Реттелетін салаларда мемлекеттік саясатты қалыптастыруға қатысу және оның іске асырылуына, сондай-ақ Министрлік қызметінің тиімділігін арттыруға мониторинг жүргізу.
Жобалық басқару, соның ішінде реттелетін салалардағы мемлекеттік-жекешелік әріптестікті дамыту мақсаты мен міндеттерін қалыптастыруға қатысу, оны іске асыруды үйлестіру және мониторинг жүргізу.
Министрліктің қоғамдық кеңесінің жұмысын қамтамасыз ету, сондай-ақ азаматтық сектор және үкіметтік емес ұйымдар өкілдерімен өзара іс-қимылды қамтамасыз ету.
Министрлік жетекшілік ететін салаларда салааралық үйлестіруді жүзеге асыру.

Толығырақ

Телефон:

8(7172)74-10-54

Электрондық пошта:

r.sartbayev@ecogeo.gov.kz

Заң қызметі департаменті

Заң қызметі департаменті

Министрліктің қызметінде заңдылықтың сақталуын қамтамасыз ету.
Министрліктің заңнаманы қолдану практикасын қорыту.
Қазақстан Республикасының заңнамасын насихаттау және түсіндіру, Министрлікте жалпыға бірдей құқықтық оқу ұйымдастыру.
Құқықтық және нормативтік құқықтық актілердің, шарттардың, процестік құжаттардың, сондай-ақ басқа да құқықтық сипаттағы құжаттардың жобаларын әзірлеуге қатысу.

Толығырақ